Құттықтаймыз! Құттықтаймыз! Құттықтаймыз!
Құттықтаймыз! Құттықтаймыз! Құттықтаймыз!
access_time28.12.2020
perm_identity
Posted by zkolib
folder_open
Жаңалықтар

Құттықтаймыз! Құттықтаймыз! Құттықтаймыз!
Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен 25 желтоқсан күні ZOOM платформасында облыс кітапханаларының жұмысын қорытындылау мақсатында облыс, қала, аудан кітапхана мамандарының қатысуымен«Жыл қорытындысы- 2020» шарасы өтті.
«Қазақстанның Құрметті Кітапханашысы» төсбелгісімен: Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың көпшілік жұмыстар және қоғаммен байланыс секторының жетекшісі Нуфтулина Аягүл Рухоллақызы; Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының ақпараттық – библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Кульчукова Ақмарал Кеңесқызы; аталмыш кітапхана қызметкерлері Сейфуллина Нұрсұлу Бахиқызы; Көшетова Шолпан Қадешқызы, Бәйтерек аудандық ОКЖ –нің директоры Жанабаева Жеңісгүл Қалиқызы; Бәйтерек аудандық Зеленый ауылдық модельді кітапханасының меңгерушісі Крапивина Елена Михайловна; Шыңғырлау аудандық ОКЖ-нің кітапхана директорының орынбасары Бердеғалиева Гүлмира Макарқызы; Шыңғырлау аудандық Алмаз ауылдық кітапханашысы Жетімекова Жарқынай Мұқанбетқалиқызы; Жәнібек аудандық ОКЖ-нің әдістеме бөлімінің басшысы Мұқамбетқалиева Назгүл Сұлтанқызы; Жәнібек аудандық Күйгенкөл аудандық кітапхана меңгерушісі Ислямова Жанар Қайдарқызы марапатталды.
Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлеріне арналғанIII-ші «Рухани қазына» республикалық фестиваліндеТеректі аудандық балалар кітапханасы жүлделі І орынға ие болды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісімен:
Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың өлкетану әдебиеттері бөлімінің кітапханашысы Ахметова Роза Сансызбайқызы.
Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының қызметкері Джумагазиева Бибигүл Айтқалиқызы
Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің Алғыс хатымен:
Батыс Қазақстан облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасықызметкері Убишева Ұлмекен Лазарқызы; Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының қызметкері Джумагазиева Бибигүл Айтқалиқызы;
Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының «Кітапхана ісінің ардагері» төсбелгісімен:
Кітапхана саласына еңбегі сіңген Шыңғырлау аудандық ОКЖ-сінің ардагері Абдиров Оразғали Сақыпқалиұлы марапатталды.
«Жыл үздіктері-2020»
«Үздік директор – 2020» номинациясы
Ақжайық аудандық ОКЖ-нің директоры Мусағалиева Роза Сәкенқызы
«Белсенді онлайн қызметі үшін» номинациясы
Бөрлі аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі;
«Жылдың үздік жобасы -2020» номинациясы
Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының қызметкері Быков Сергей Сергеевич;
«Үздік әдіскер- 2020» номинациясы:
Бәйтерек ауданы ОКЖ-нің әдістемелік бөлім жетекшісі Абдрахманова Ақгүл Жұмабекқызы
Әріптестерімізді марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз.










Пікір үстеу