18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай «Ісмер – Iike» клубы «Қолөнер – бабалар мұрасы» тақырыбында шеберлік сыныбын ұйымдастырды
18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай «Ісмер – Iike» клубы «Қолөнер – бабалар мұрасы» тақырыбында шеберлік сыныбын ұйымдастырды
access_time18.03.2025
perm_identity
Posted by admin123 admin123
folder_open
Жаңалықтар
Наурызнама онкүндігі аясында 18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай «Ісмер – Iike» клубы «Қолөнер – бабалар мұрасы» тақырыбында шеберлік сыныбын ұйымдастырды. Осы шарада шебер Гүлфия Мұрадымқызы қыз келіншектерге арналған комзолдың тігілуін, өзінің істеген қолөнер туындыларының жасалу жолдарын көрсетті. Шеберлік сағатқа арнайы Орал «Сервис» технологиялар колледжінің оқытушысы Жаңыл Аманжолқызы мен 1 курс студенттері шақырылып, шеберлік сағатында бірлесіп үйреніп, тігіп шығарды.
Кітапханамыздың кітап қорынан «Кесте өнері, халық өнері» атты кітап көрмесі ұсынылып, шолу жасалды. Жасалған қолөнер туындыларынан «Ісмер – Iike» көрмесіне бұйымдар сыйға тарту етілді.






Пікір үстеу