1967 жылдан бері Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапханасы қазақ және орыс тілдерінде «Батыс Қазақстан облысы бойынша еске алынатын және аталып өтілетін күндер» тізбегін шығарып келеді.
Библиографиялық құрал екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлімде – «2027 жылы аталып өтетін және еске алынатын күндер» және «Күні мен айы белгісіз атаулы күндер»; екінші бөлімде – «Атаулы күндерге қысқаша анықтамалар мен әдебиеттер тізімі» берілген, олар (*) белгісімен белгіленеді.

Бұл көрсеткіш өлкенің саяси, тарихи және мәдени өміріндегі маңызды оқиғаларды қамтиды.
Көрсеткіштің мақсаты – өлкетанушыларға, кітапхана қызметкерлеріне, мәдениет, білім мекемелеріне және бұқаралық ақпарат құралдарына өлкетану әдебиетін насихаттауға көмек беру.

Көрсеткіште негізгі атаулы күндер мен оқиғаға қатысты адамдардың өмір жолдары мен шығармашылығына арналған шығармалардың, жұмыстардың библиографиялық тізімі қоса берілген анықтамалар бар. Бірқатар атаулы күндер бойынша өткен жылдарда шығарылған құралдарға сілтеме жасалынды.

Атаулы күндерді анықтау және нақтылау Ж. Молдағалиев атындағы ОӘҒК-ның анықтамалық-библиографиялық аппаратының негізінде жүргізілді.
Басылымның соңына есімдердің алфавиттік көрсеткіші берілген. Атаулы көрсеткіш Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының шығаратын «Айтулы және атаулы күндерінің тізбесіне» өлкетанулық қосымша болып табылады.
Облыстық кітапхана өлкетанушылар, облыс жұртшылығы, мекемелер мен ұйымдардан келесі ұсынылатын құралдарды шығаруға материалдар жолдап, көмек беруіңізді өтінеді.

Басылымның мазмұнын жақсарту жөніндегі ой-пікірлеріңізді, ескертпелеріңіз бен ұсыныстарыңызды мына мекен-жайға жолдауыңыз сұралады:

090000 Орал қаласы, Карев көшесі, 47 үй,
Ж. Молдағалиев атындағы БҚООӘҒК
Телефон: +7(7172)50-35-09; 50-75-49
E-mail: uralsk_library@mail.ru
info@zkolib.kz

Қаңтар
  • 1 қаңтарАйманов Кенжалы, қоғам қайраткері, ғалым, Bөрлі ауданының тумасы, туғанына 110 жыл (1917-1974) / Қараңыз: «БҚО бойынша 2017 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі».
  • 1 қаңтарДарханов Нұрсұлтан Айтжанұлы, педагогика ғылымдарының кандидаты, ҚР құрметті құрылысшысы, ҚР құрметті машина жасаушысы, Bөрлі ауданының «Батыс өндіріс-құрылыс сервисі» ЖШС бас директоры, туғанына 70 жыл (1957).
  • *1 қаңтарМұратов Идаят Мұратұлы, педагог, 1958-1988 жылдары облыстық «Орал өңірі» газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, туғанына 100 жыл (1927-2010).
  • 1 қаңтарОразғалиев Қайыр, суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Теректі ауданының тумасы, туғанына 65 жыл (1962).
  • 1 қаңтар«Жайық үні» газеті, Орал қалалық апталық қазақ тілінде шыға бастағанына 35 жыл (1992).
  • 1 қаңтар«Уральские войсковые ведомости» газеті, Орал баспасында шыққанына 160 жыл (1867).
  • 4 қаңтарТөлеуішев Құжырғали Төлеуішұлы, театр ардагері, 1996-2014 жылдары облыстық қазақ драма театрының директоры, аудармашы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Шапағат» медалінің иегері, туғанына 80 жыл (1947) / Қараңыз: «БҚО бойынша 2022 жылы… күндер тізбегі».
  • 4 қаңтарЩербанов Николай Михайлович, әдебиетші ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, М.Өтемісов атындағы БҚУ доценті, өлкетанушы, туғанына 85 жыл (1942-2011) / Қараңыз: «БҚО бойынша 2012 жылы…. күндер тізбегі».
  • 6 қаңтарКутяков Иван Семенович, Азамат соғысының батыры, туғанына 130 жыл (1897-1942).
  • 7 қаңтарОрал құю-механикалық зауыты (бұрын Орал «Құрылыс-монтаж жабдықтары» зауыты), іске қосылғанына 85 жыл (1942).
  • 8 қаңтарЖантілеуов Қали, күйші, Қазақстанның халық артисі, Жаңақала ауданының тумасы, туғанына 125 жыл (1902-1993) / Қараңыз: «БҚО бойынша 2022 жылы … күндер тізбегі».
  • 10 қаңтарЖұмашев Өтеген, күйші, туғанына 95 жыл, Бөкей ордасы ауданының тумасы (1932).
  • 10 қаңтарМасин Темір, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, Кеңес Одағының Батыры, Бөкей ордасы ауданының тумасы, туғанына 120 жыл (1907-1947) / Қараңыз: «БҚО бойынша 2017 жылы….күндер тізбегі».
  • 13 қаңтарТемірғалиев Нұрлан Темірғалиұлы, ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Жоғары мектептің Халықаралық Ғылым академиясының академигі, ҚР Білім беру ісінің үздігі, Ақжайық ауданының тумасы, туғанына 80 жыл (1947).
  • 14 қаңтарӘзербаев Есет Роватұлы, ғалым, экономика ғылымдарының докторы, ҚР Жаратылыстану ҒА-ның корреспондент мүшесі, туғанына 85 жыл (1942-2017) / Қараңыз: «БҚО бойынша 2017 жылы аталып…. күндер тізбегі».
  • 15 қаңтарЫрзабаев Боранғали, ақын, журналист, 1967 жылдан республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің БҚО бойынша меншікті тілшісі, туғанына 95 жыл (1932-1995) / Қараңыз: «БҚО бойынша 2022 жылы … күндер тізбегі».
  • 17 қаңтарҒаббасов Энгельс, жазушы, әдебиеттанушы, филология ғылымдарының кандидаты, саясаттанушы, қоғам қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Казталов ауданының тумасы, туғанына 90 жыл (1937-2014) / Қараңыз: «БҚО бойынша 2017 жылы ….. күндер тізбегі».
  • 18 қаңтарОрал қаласындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп, ашылғанына 60 жыл (1967).
  • 19 қаңтарЧекаев Ахметриза Ғисметұлы, ғалым, техника ғылымдарының кандидаты, профессор, Казталов ауданының тумасы, туғанына 90 жыл (1937-2011).
  • 30 қаңтарТарасенко Василий Федорович, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, Кеңес Одағының Батыры, Бөрлі ауданының тумасы, туғанына 115 жыл (1912-1972).
Ақпан
  • 1 ақпанКереев Әленғали, еңбек ардагері, Ақжайық ауданының құрметті азаматы, туғанына 85 жыл (1942).
  • 1 ақпанҚазақстан Жастар одағының Батыс Қазақстан облыстық ұйымы, құрылғанына 35 жыл (1992).
  • 2 ақпанЛатиева Сара, белгілі қаламгер, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Бөкей ордасы ауданының тумасы, туғанына 80 жыл (1947-2026) / Қараңыз: «БҚО бойынша 2022 жылы … күндер тізбегі».
  • 2 ақпанПравдухин Валериан Павлович, орыс жазушысы, әдебиет сыншысы, драматург, саяси қуғын-сүргін құрбаны, 1927-1929 жылдары Жайық өзеніне экспедиция ұйымдастырды, туғанына 135 жыл (1892-1939).
  • 3 ақпанҒұмаров Сәкен Нәжімеддинұлы, суретші, журналист, режиссер, театр қайраткері, КСРО Журналистер және Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Бөкей ордасы ауданының тумасы, туғанына 90 жыл (1937-1995) / Қараңыз: «БҚО бойынша 2017 жылы …. күндер тізбегі».
  • *5 ақпанМаданов Хамит, ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Жаңақала ауданының тумасы, туғанына 100 жыл (1927-1997).
  • 7 ақпанАхметов Қайырғали Жәлелұлы, ғалым-терапевт, медицина ғылымдарының докторы, Ақжайық ауданының тумасы, туғанына 85 жыл (1942).
  • 8 ақпанШағалеев Фарит Сұлтанұлы, Кеңес Одағының Батыры, Орал қаласындағы аэроклуб механигі, туғанына 80 жыл (1947-2014) / Қараңыз: «БҚО бойынша 2022 жылы …. күндер тізбегі».
  • 9 ақпанЧапаев Василий Иванович, Азамат соғысының батыры, туғанына 140 жыл (1887-1919).
  • 10 ақпанМолдағайынов Әшір Самиғоллаұлы, әнші, музыкатанушы, композитор, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, 1993 жылдан Ғ. Құрманғалиев атындағы БҚО филармонияның солисі, туғанына 90 жыл (1937-2006).
  • 11 ақпанМерғалиев Төлеген Тастайұлы, қоғам қайраткері, «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ БҚОФ-ның төрағасы, Жаңақала ауданының тумасы, туғанына 80 жыл, (1947-2017).
  • *19 ақпанСкобычкин Федор Федорович, ауыл шаруашылығы саласының маманы, Бәйтерек ауданының тумасы, туғанына 100 жыл (1927-2013).
  • 21 ақпанBөкеева Хадиша, актриса, Қазақстанның халық артисі, КСРО халық артисі, профессор, Казталов ауданының тумасы, туғанына 110 жыл (1917-2011) / Қараңыз: «БҚО бойынша 2017 жылы …. күндер тізбегі».
  • 21 ақпанОрал қаласы соғыс және еңбек ардагерлерінің қалалық Кеңесі, құрылғанына 40 жыл (1987).
  • 22 ақпанҚұрманғалиева Күләш Құрманғалиқызы, ұстаз, Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі, Бөкей ордасы ауданының тумасы, туғанына 85 жыл (1942-2015) / Қараңыз: «БҚО бойынша 2022 жылы … күндер тізбегі».
  • 22 ақпанОрал қалалық «Надежда» қоғамдық-саяси апталық газеті, шыққанына 35 жыл (1992).
  • 24 ақпанФедин Константин Александрович, орыс кеңес жазушысы және журналист, шығармашылық жолы Орал қаласында басталған, туғанына 135 жыл (1892-1977).
  • 25 ақпанӘбуханов Ғабдірахим, ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері, Жәнібек ауданының тумасы, туғанына 115 жыл (1912-1995).
  • 26 ақпанБекмұхамедов Шафхат Мұхамеджанұлы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, «Алаш» партиясының мүшесі, Қазақ КСР-нің бірінші прокуроры, Бөкей ордасы ауданының тумасы, туғанына 135 жыл (1892-1958).
  • 27 ақпанКузнецов Борис Филимонович, журналист, корреспондент, «Приуралье» газеті редакторының орынбасары, 1987-1997 жылдары «Казахстанская правда» газетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі, туғанына 90 жыл (1937).
  • *29 ақпанБердіғалиев Қатимолла Жәңгірұлы, әнші, айтыс ақыны, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Казталов ауданының тумасы, туғанына 75 жыл (1952).
Наурыз
  • 1 наурызБерғалиев Амангелді Бисекешұлы, қоғам қайраткері, дарынды ұйымдастырушы және басқарушы, 1987-1992 жылдары БҚО мәдениет басқармасының басшысы, Бөкей ордасы ауданының тумасы, туғанына 85 жыл (1942-2014).
  • 5 наурызБектұрғанов Қайыр Құрақұлы, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, педагог, Ақжайық ауданының тумасы, туғанына 90 жыл (1937-2015) / Қараңыз: «БҚО бойынша 2017 жылы …. күндер тізбегі».
  • *9 наурызТайыров Мұхтар Таырұлы, ғалым, экономика ғылымдарының кандидаты, Жаңақала ауданының тумасы, туғанына 100 жыл (1927 – 2005).
  • 10 наурызБатыс Қазақстан облысының құрылғанына 95 жыл (1932) / Қараңыз: «БҚО бойынша 2022 жылы… күндер тізбегі».
  • 15 наурызБисенғалиев Марат Сәметұлы, көрнекті музыкант, виртуоз-скрипкашы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Бирмингем консерваториясының профессоры, 2003 жылы Орал қаласында симфониялық оркестр (қазіргі БҚО камералық оркестрі) құрды, туғанына 65 жыл (1962) / Қараңыз: «БҚО бойынша 2022 жылы … күндер тізбегі».
  • 25 наурызПлещеев Алексей Николаевич, орыс жазушысы, демократ, Орал қаласында болғанына 175 жыл (1852).
  • 25 наурызСүлейменова Зоя Ғалықызы, мемлекет және партия қайраткері, ұлағатты ұстаз, Қаратөбе ауданының тумасы, туғанына 95 жыл (1932-2021).
  • 26 наурызБерген Мақсот Қабышұлы, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласының үздігі, Қазақстанның білім беру саласының құрметті қызметкері, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Орал қаласының құрметті азаматы, Сырым ауданының тумасы, туғанына 80 жыл (1947) / Қараңыз: «БҚО бойынша 2022 жылы … күндер тізбегі».
  • 28 наурызСалыхов Аманжол, тарихшы, журналист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, отыз жыл бойы облыстық телерадиокомпаниясында редактор, бас редактор, Ақжайық ауданының тумасы, туғанына 80 жыл (1947).
  • 29 наурызЧерекаев Алексей Васильевич, ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, Социалистік Еңбек Ері, Жаңақала ауданының тумасы, туғанына 95 жыл (1932-2010) / Қараңыз: «БҚО бойынша 2012 жылы … күндер тізбегі».
Сәуір
  • 4 сәуірАрғыншиев Сақыпкерей Жармаұлы, мемлекет қайраткері, Батыс Қазақстандағы революциялық қозғалысқа белсене қатысушы, Теректі ауданының тумасы, туғанына 140 жыл (1887-1938).
  • 10 сәуірӨтебалиев Едіге Әбетұлы, журналист, Қазақстан Республикасының құрметті журналисті, КСРО және ҚР Журналистер Одағының мүшесі, 1993-2013 жылдары Жәнібек ауданының «Шұғыла» газетінің бас редакторы, Ақжайық ауданының тумасы, туғанына 75 жыл (1952-2013) / Қараңыз: «БҚО бойынша 2022 жылы … күндер тізбегі».
  • 12 сәуірФомин Виктор Павлович, өлкетанушы-ұстаз, Қазақстанның білім беру ісінің үздігі, педагогика ғылымының кандидаты, БҚО балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры (1986-2019), туғанына 70 жыл (1957-2019) / Қараңыз: «БҚО бойынша 2022 жылы … күндер тізбегі».
  • *15 сәуірАшетов Исатай Қуанұлы, ғалым, ветеринария ғылымдарының докторы, Ақжайық ауданының тумасы, туғанына 75 жыл (1952).
  • *17 сәуірНығметов Ермекқали Нығметұлы, қоғам қайраткері, Бөкей ордасы ауданының тумасы, туғанына 125 жыл (1902-1992).
  • 21 сәуірАқжүрекұлы Ауан, суырып салма ақын, Бөкей ордасы ауданының тумасы, туғанына 125 жыл (1902-1933).
  • 23 сәуірБисенгалиев Сағынтай Орынғалиұлы, айтыс ақыны, Ақжайық ауданының Құрметті азаматы, туғанына 70 жыл (1957) / Қараңыз: «БҚО бойынша 2017 жылы…күндер тізбегі».
  • *25 сәуірБисембаева Светлана Ергалиқызы, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Орал қаласының құрметті азаматы, туғанына 75 жыл (1952).
  • *27 сәуірРафиков Анатолий Мырзабайұлы, тарихшы, суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, өңірге танымал қолданбалы өнер шеберлерінің бірі, 1998-2005 жылдары Қазақстан Суретшілер одағының Батыс Қазақстан филиалын басқарған, туғанына 75 жыл (1952).
Мамыр
  • 1 мамырСұлтанғалиев Амантай, актер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, 1993 жылы БҚО қазақ драма театрының директоры болған, Ақжайық ауданының тумасы, туғанына 80 жыл (1947-2002) / Қараңыз: «БҚО бойынша 2022 жылы … күндер тізбегі».
  • 3 мамырДүйсенов Сайран Темірғалиұлы, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі директорының орынбасары, 2020-2024 жылдары БҚО мәдениет басқармасының басшысы, Жаңақала ауданының тумасы, туғанына 65 жыл (1962).
  • 5 мамырАйбатов Қайыржан, күйші, белгілі халық композиторы, Құспан Нысанбаевтың шәкірті, Жәнібек аудандық ұлт аспаптары оркестрінің құрамында домбырашы, Бөкей ордасы ауданының тумасы, туғанына 95 жыл (1932-1993).
  • 5 мамырАрыстанәлиев Қайыржан, Социалистік Еңбек Ері, 1941-1943 жылдары кеңес армиясының еңбек батальонында болды, Ақжайық ауданының тумасы, туғанына 110 жыл (1917-2001).
  • 5 мамырДінішев Мұса Бөкенбайұлы, журналист, баспагер, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Казталов ауданының тумасы, туғанына 115 жыл (1912-2002).
  • *9 мамырАқбай Жайсаң Досболатұлы, өлкетанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет және ағарту ісінің қайраткері, Орал қаласы, Сырым, Бөкей ордасы, Казталов аудандарының құрметті азаматы, Сырым ауданының тумасы, туғанына 100 жыл (1927).
  • *9 мамырҚарасаев Әмірхан Әтенұлы, ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-ң профессоры, туғанына 100 жыл (1927-2019).
  • 10 мамырӘбділдина Лаура Есенгелдіқызы, ғалым, экономика ғылымының докторы, профессор, Казталов ауданының тумасы, туғанына 90 жыл (1937).
  • 15 мамырДоспанова Хиуаз Қайырлықызы, әскери ұшқыш, Халық қаһарманы, туғанына 105 жыл (1922-2008) / Қараңыз: «БҚО бойынша 2022 жылы … күндер тізбегі».
  • 15 мамырМырзағалиев Мұхамед-Хафиз, мемлекет қайраткері, Жайық өңіріндегі Кеңес өкіметін орнату үшін күреске қатысушы, Сырым ауданының тумасы, туғанына 140 жыл (1887-1938).
  • 18 мамырГорбачев Александр Александрович, ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, А.А. Остапец-Свешников атындағы балалар-жасөспірімдер туризмі мен өлкетану халықаралық академиясы академигі, 1993-2002 жылдары М.Өтемісов атындағы БҚУ бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының профессоры қызметін атқарды, туғанына 80 жыл (1947).
  • 15 мамырДоспанова Хиуаз Қайырлықызы, әскери ұшқыш, Халық қаһарманы, туғанына 105 жыл (1922-2008) / Қараңыз: «БҚО бойынша 2022 жылы … күндер тізбегі».
  • 15 мамырМырзағалиев Мұхамед-Хафиз, мемлекет қайраткері, Жайық өңіріндегі Кеңес өкіметін орнату үшін күреске қатысушы, Сырым ауданының тумасы, туғанына 140 жыл (1887-1938).
  • 18 мамырГорбачев Александр Александрович, ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, А.А. Остапец-Свешников атындағы балалар-жасөспірімдер туризмі мен өлкетану халықаралық академиясы академигі, 1993-2002 жылдары М.Өтемісов атындағы БҚУ бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының профессоры қызметін атқарды, туғанына 80 жыл (1947).
  • 20 мамырҚабиев Одақ, ғалым, фармаколог, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қаратөбе ауданының тумасы, туғанына 95 жыл (1932-1987).
  • 20 мамырКиянский Виктор Владимирович, академик, профессор, техника ғылымдарының докторы, IV-V сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Бөрлі ауданының тумасы, туғанына 80 жыл (1947) / Қараңыз: «БҚО бойынша 2022 жылы … күндер тізбегі».
  • 25 мамырҚазақстан суретшілер одағының Батыс Қазақстан облысының филиалы, құрылғанына 35 жыл (1992).
Маусым
  • 1 маусымБірімжаров Бақтығұл Қабдырұлы, ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Бөкей ордасы ауданының тумасы, туғанына 80 жыл (1947-2009) / Қараңыз: «БҚО бойынша 2017 жылы…күндер тізбегі».
  • 4 маусымЩелоков Николай Кононович, кеңес әскери қолбасшысы, генерал-майор, Орал қаласының тумасы, туғанына 140 жыл (1887-1941).
  • *10 маусымКенжалиев Исатай Нәсекенұлы, ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты, М. Өтемісұлы атындағы БҚУ-нің құрметті профессоры, Казталов ауданының тумасы, туғанына 100 жыл (1927-2011).
  • *15 маусымЕламанов Уәли Бисақанұлы, әскери қайраткер, генерал-майор, 2009-2011 жылдары Қазақстан Қарулы күштері штабтары бастықтары комитеті төрағасының бірінші орынбасары, Ақжайық ауданының тумасы, туғанына 75 жыл (1952-2023).
  • *15 маусымҚажығалиев Шамғон, дирижер, домбырашы, педагог, профессор, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Жаңақала ауданының тумасы, туғанына 100 жыл (1927-2015).
  • 15-17 маусымЖуковский Василий Андреевич, орыс ақыны, Орал қаласында болғанына 190 жыл (1837).
  • 16 маусымАбузяров Разақ Абдрахманұлы, ғалым, қоғам қайраткері, педагогика ғылымдарының докторы, М.Өтемісов атындағы БҚУ орыс филологиясы кафедрасының профессоры, Орал қаласындағы Ғабдолла Тоқай Еуразиялық орталығының негізін қалаушы, туғанына 95 жыл (1932-2021) / Қараңыз: «БҚО бойынша 2022 жылы … күндер тізбегі».
  • 16 маусымМеңдешев Сейітқали, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Автономиялық Қазақ Республикасы Орталық Атқару комитетінің бірінші төрағасы, саяси қуғын-сүргін құрбаны, Жаңақала ауданының тумасы, туғанына 145 жыл (1882-1937).
  • 18 маусымИпмағамбетов Әнуар Нұрғалиұлы, жазушы, аудармашы, Теректі ауданының тумасы, туғанына 115 жыл (1912-1996) / Қараңыз: «БҚО бойынша 2012 жылы…күндер тізбегі».
  • *19 маусымЕлешева Розалия Ғалықызы, ғалым, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Орал қаласының тумасы, туғанына 100 жыл (1927-2020).
  • 19 маусымҚұсайын Темір, журналист, 1993-2017 жылдары республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің БҚО бойынша меншікті тілшісі, Казталов ауданының тумасы, туғанына 70 жыл (1957-2021) / Қараңыз: «БҚО бойынша 2017 жылы…күндер тізбегі».
  • 23 маусымЧуриков Евгений Владимирович, журналист, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, 1985-2004 жылдары облыстық «Приуралье» газетінің тілшісі, туғанына 70 жыл (1957).
  • 25 маусымБалдин Виктор Иванович, қоғам қайраткері, 1990-1991 жылдары облысы партия комитетінің 2-хатшысы, 1995-1998 жылдары ҚР Сенатының депутаты, Бәйтерек ауданының тумасы, туғанына 80 жыл (1947-1998) / Қараңыз: «БҚО бойынша 2022 жылы … күндер тізбегі».
  • 29 маусым«Конденсат» ААҚ, мұнай және газ өндіру объектілерін салумен және көмірсутекті шикізатты өңдеумен, мұнай және т.б. өнім түрлерін сатумен айналысатын кәсіпорын, құрылғанына 35 жыл (1992).
  • МаусымТолстой Лев Николаевич, орыс классик жазушысы, философ, педагог, публицист, әлемдік әдебиеттің ең ірі өкілдерінің бірі, Орал өңірінде болғанына 165 жыл (1862).
Шілде
  • *4 шілдеГенке Виктор Александрович, жазушы, журналист, Орал қаласындағы барлық әдеби бастамалардың белсенді қатысушыларының бірі, туғанына 120 жыл (1907-1963).
  • 6 шілдеКовель Павел Васильевич, ғалым, экономика ғылымдарының докторы, профессор, 1972-1995 жылдары Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтының (қазіргі Жәңгір хан атындағы БҚАТУ) кафедра меңгерушісі, деканы, проректоры, туғанына 90 жыл (1937-2014).
  • 7 шілдеМ. Мәметова мемориалдық мұражай-үйі, Орал қаласында ашылғанына 45 жыл (1982) / Қараңыз: «БҚО бойынша 2007 жылы…күндер тізбегі».
  • 12 шілдеӘзірбаев Ерден Нығметұлы, ғалым, химия ғылымдарының докторы, профессор, Бөкей ордасы ауданының тумасы, туғанына 115 жыл (1912-1975) / Қараңыз: «БҚО бойынша 2012 жылы … күндер тізбегі».
  • *12 шілдеЕсқалиев Байдолла, журналист, «Екпінді құрылыс» (қазіргі «Орал өңірі») облыстық газетінің қатардағы әдеби қызметкерден бас редактороның орынбасары лауазымына дейін көтерілген, туғанына 100 жыл (1927-2011).
  • 20 шілдеӘлібаев Насихат Төреғазиұлы, дәрігер, Қазақстанның еңбек сіңірген медицина қызметкері, Ұлы Отан соғысының ардагері, БҚО денсаулық сақтау саласын ұйымдастырушы, туғанына 115 жыл (1912-1970).
  • 20 шілдеБөлеев Тілекқабыл Тайшыбайұлы, еңбек ардагері, БҚО экономикасы мен әлеуметтік-мәдени өмірін дамытуға үлес қосқан, Ақжайық ауданының тумасы, туғанына 90 жыл (1937-2004).
  • 23 шілдеСисенғалиев Зәкәрия Жүсіпқалиұлы, ақын, журналист, Жаңақала ауданының тумасы, туғанына 70 жыл, (1957). / Қараңыз: «БҚО бойынша 2017 жылы … күндер тізбегі».
  • 24 шілдеӘмірханов Мұрат Әмірханұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ғ. Құрманғалиев атындағы БҚО Академиялық филармонияның әншісі, Тасқала ауданының тумасы, туғанына 70 жыл (1957).
  • 25 шілдеРысбеков Тұяқбай Зейітұлы, тарихшы, ғалым, педагог, тарих ғылымдарының докторы, профессор, қоғам қайраткері, 2003-2016 жылдары М. Өтемісов атындағы БҚУ-нің ректоры, туғанына 80 жыл (1947) / Қараңыз: «БҚО бойынша 2022 жылы … күндер тізбегі».
  • 26 шілдеСватынин Алексей Михайлович, жергілікті жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, туғанына 95 жыл (1932-2011) / Қараңыз: «БҚО бойынша 2012 жылы…күндер тізбегі».
  • *27 шілдеБисенғалиев Сәрсенғали Бисенғалиұлы, ақын-айтыскер, композитор, әнші-термеші, Жаңақала ауданының тумасы, туғанына 75 жыл (1952).
  • 28 шілде«Орал өңірі», «Приуралье», облыстық қоғамдық-саяси газеттерінің шыға бастағанына 110 жыл (1917).
  • *31 шілдеБелый Александр Иосифович, ғалым, тарихшы, өлкетанушы, Қазақ КСР ағарту ісінің үздігі, 1958 жылдан бастап 46 жыл бойы Орал педагогикалық институтының (қазіргі М. Өтемісов атындағы БҚУ) тарих факультетінің оқытушысы, туғанына 100 жыл (1927-2006).
Тамыз
  • *15 тамызЖазықбай Тілес Сағынтайұлы, ардақты ұстаз, ақын, журналист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Ақжайық ауданының тумасы, туғанына 75 жыл (1952-2024).
  • 17 тамызБақауов Хафиз, қоғам қайраткері, Жаңақала ауданының тумасы, туғанына 120 жыл (1907-1974).
  • 19 тамызАйболатұлы Батырболат, ақын, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Казталов ауданының тумасы, туғанына 55 жыл (1972).
  • 19 тамызЕржанов Махамбет Ержанұлы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Казталов ауданының тумасы, туғанына 80 жыл (1947) / Қараңыз: «БҚО бойынша 2017 жылы…күндер тізбегі».
  • 29 тамызТауланов Сәбит Сәуменұлы, әскери қайраткер, генерал-майор, тарих ғылымдарының кандидаты, Жәнібек ауданының тумасы, туғанына 80 жыл (1947).
  • ТамызГайдар Аркадий, орыс балалар жазушысы, сценарист және прозашы, журналист, соғыс корреспонденті, Азаматтық және Ұлы Отан соғысының қатысушысы, Орал өңірінде болғанына 90 жыл (1937).
Қыркүйек
  • 4 қыркүйекҚабашев Сағынғали Сарыұлы, ардагер журналист, КСРО және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қаратөбе ауданының Құрметті азаматы, туғанына 90 жыл (1937-2021).
  • 7 қыркүйек«Париж-Мәскеу-Пекин» ралли-марафоны, Орал арқылы трансконтинеталдық рейд-марафонының өткеніне 35 жыл (1992).
  • 8 қыркүйекЖәңгір хан кесенесі, Бөкей ордасы ауданының Орда кентінде орналасқан мемориалдық кешен, ашылғанына 30 жыл (1997).
  • 10 қыркүйекЖұматова Меңзипа Дүйсенбайқызы, еңбек ардагері, 1997-2016 жылдары Ақжайық ауданы әкімінің ішкі саясат және әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі орынбасары, Ақжайық ауданының тумасы, туғанына 70 жыл (1957).
  • 12 қыркүйекБекімов Молданияз, қазақ офицері, этнограф, фольклорист, аудармашы, Алаш қозғалысының қайраткері, Қаратөбе ауданының тумасы, туғанына 145 жыл (1882-ө.ж.б.).
  • 12 қыркүйекИночкин Анатолий Григорьевич, журналист, публицист, 1964-1980 жылдары Орал облыстық телевидения және радиохабар тарату комитеті төрағасының орынбасары, облыстық атқару комитетінің төрағасы, Орал қаласының тумасы, туғанына 95 жыл (1932-1993).
  • 12 қыркүйекПогодин Сергей Михайлович, өнертану ғылымдарының кандидаты, профессор, М. Өтемісұлы атындағы БҚУ доценті, Орал қаласының Құрметті азаматы, туғанына 80 жыл (1947-2021).
  • *15 қыркүйекШолақов Пангерей, ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор, Жәнібек ауданының тумасы, туғанына 100 жыл (1927-1994).
  • 16 қыркүйекЖұмағалиев Қайрат, белгілі ақын, аудармашы және журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Бөкей ордасы ауданының тумасы, туғанына 90 жыл (1937-2013) / Қараңыз: «БҚО бойынша 2017 жылы … күндер тізбегі».
  • 17 қыркүйекЧудров Яхия Киндашұлы, ҚР еңбек сіңірген энергетигі, «Батыс Қазақстан АЭЖ» АҚ президенті, «Жайықжылуқуат» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, Орал қаласының құрметті азаматы, туғанына 70 жыл (1957).
  • 20 қыркүйекСабденов Қалдыбек Сабденұлы, ветеринария және мал шаруашылығы саласындағы кеңестік және қазақ ғалымы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, 1957-1962 жылдары Жаңақала ауданының бас ветеринар дәрігері, туғанына 95 жыл (1932-2022).
  • 16 қыркүйекЖұмағалиев Қайрат, белгілі ақын, аудармашы және журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Бөкей ордасы ауданының тумасы, туғанына 90 жыл (1937-2013) / Қараңыз: «БҚО бойынша 2017 жылы … күндер тізбегі».
  • 17 қыркүйекЧудров Яхия Киндашұлы, ҚР еңбек сіңірген энергетигі, «Батыс Қазақстан АЭЖ» АҚ президенті, «Жайықжылуқуат» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, Орал қаласының құрметті азаматы, туғанына 70 жыл (1957).
  • 20 қыркүйекСабденов Қалдыбек Сәбденұлы, ветеринария және мал шаруашылығы саласындағы кеңестік және қазақ ғалымы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, 1957-1962 жылдары Жаңақала ауданының бас ветеринар дәрігері, туғанына 95 жыл (1932-2022).
  • 21 қыркүйекӘбілхатин Темірбек, әуесқой композитор, көпшілікке танымал «Нарын», «Соғыстан қайтқан солдаттар» әндерінің авторы, Бөкей ордасы ауданының тумасы, туғанына 85 жыл (1942-2003).
  • 21 қыркүйекЖүнісов Мәжит, Кеңес Одағының Батыры, Жаңақала ауданының тумасы, туғанына 110 жыл (1917-1945) / Қараңыз: «БҚО бойынша 2017 жылы … күндер тізбегі».
  • 23 қыркүйекЕсенов Өтеу, инженер-құрылысшы, Қазақ КСР-на еңбек сіңірген құрылысшы, Жаңақала ауданының тумасы, туғанына 95 жыл (1932).
  • 25 қыркүйекИмашев Мендыгали Құбиұлы, инженер-технолог, доцент, техника ғылымдарының кандидаты, Тасқала ауданының тумасы, туғанына 95 жыл (1932-2014).
Қазан
  • 1 қазанМахамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университеті, ашылғанына 95 жыл (1932) / Қараңыз: «БҚО бойынша 2022 жылы … күндер тізбегі».
  • 1 қазанРүстенов Амангелді Рүстенұлы, ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, М. Өтемісов атындағы БҚУ-нің профессоры, туғанына 85 жыл (1942).
  • 1 қазанРычков Петр Иванович, көрнекті орыс географы, саяхатшы, экономист, тарихшы және өлкетанушы, Батыс Қазақстан мен Орал өңірінің тарихы мен географиясы бойынша құнды археологиялық және этнографиялық тарихи еңбектерін қалдырған, туғанына 315 жыл (1712-1777).
  • 2 қазанМәметова Мәншүк, қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының батыры, Бөкей ордасы ауданының тумасы, туғанына 105 жыл (1922-1943) / Қараңыз: «БҚО бойынша 2022 жылы … күндер тізбегі».
  • 8 қазанҚапанов Қайдар Қисметұлы, профессор, философия ғылымдарының кандидаты, «Хисмет Қапанов атындағы Орал Халықаралық гимназиясының» директоры, туғанына 70 жыл (1957).
  • 8 қазанҚұспанов Өтебай, ардагер-ұстаз, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, 1986-2011 жылдары БҚО педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының ректоры, Орал қаласының құрметті азаматы, Жәнібек ауданының тумасы, туғанына 85 жыл (1942).
  • 9 қазанҚажымов Донеділ Ізмағамбетұлы, әнші, композитор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, Сырым ауданының тумасы, туғанына 75 жыл (1952) / Қараңыз: «БҚО бойынша 2022 жылы … күндер тізбегі».
  • 10 қазанОразаев Закария Қабылұлы, ҚР Құрметті журналисі, 1997-2011 жылдары аудандық «Ауыл айнасы» газетінің директор – бас редакторы болып қызмет атқарды, Казталов ауданының тумасы, туғанына 80 жыл (1947-2011).
  • 17 қазанЕрғалиев Ғаппар Хасенұлы, инженер-геолог, ғалым, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Жәнібек ауданының тумасы, туғанына 95 жыл (1932).
  • 20 қазанСәрсенғалиев Ғұмар Жұмабекұлы, Қазақстан ағарту ісінің үздігі, Ұлы Отан соғысының ардагері, педагогикалық еңбек және спорт ардагері, 1951-1996 жылдары М. Өтемісов атындағы БҚУ-дың оқытушысы, география факультетінің деканы, туғанына 85 жыл (1942-2013).
  • 25 қазанТайманов Асан Дабысұлы, ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Бөкей ордасы ауданының тумасы, туғанына 110 жыл (1917-1990) / Қараңыз: «БҚО бойынша 2017 жылы … күндер тізбегі».
  • 27 қазанСариева Ұлдай, ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Казталов ауданының тумасы, туғанына 70 жыл (1957).
Қараша
  • 5 қарашаСеверцов Николай Алексеевич, орыс саяхатшысы, ғалым, Жайық алабының географиясын зерттеуші, туғанына 200 жыл (1827-1885).
  • *5 қарашаЖәрдемов Жұбанышқали Садырұлы, спортшы, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Ақжайық ауданының тумасы, туғанына 75 жыл (1952-2021).
  • 9 қарашаМалеча Нестор Михайлович, лингвист-ғалым, педагог, Орал казактарының тілі, фольклоры мен этнографиясын зерттеуші, 1939-1975 жылдары А. С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының орыс тілі кафедрасының оқытушысы, доценті (қазіргі М. Өтемісов атындағы БҚУ), туғанына 140 жыл (1887-1979).
  • 9 қарашаА. С. Макаренко атындағы №6 жалпы білім беретін мектеп, Орал қаласында ашылғанына 90 жыл (1937).
  • 10 қарашаШұғаев Исламғали Шұғайыпұлы, сатирик ақын, актер, журналист, Теректі ауданының тумасы, туғанына 95 жыл (1932-2001) / Қараңыз: «БҚО бойынша 2022 жылы … күндер тізбегі».
  • 11 қарашаШүйіншәлиева Мира Хамзақызы, жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Жайық үні» газетінің редакторы, Бөкей ордасы ауданының тумасы, туғанына 60 жыл (1967) / Қараңыз: «БҚО бойынша 2022 жылы … күндер тізбегі».
  • *12 қарашаИманғалиев Бижан Тілешұлы, қоғам қайраткері, ҚР сот жүйесінің құрметті ардагері, 1963-1977 жылдары БҚО басқарған, Шыңғырлау ауданының тумасы, туғанына 100 жыл (1927-2014).
  • *15 қарашаАхметов Рамазан Ахметұлы, журналист, 1961-1962 жылдары облыстық «Октябрь туы» (кейін «Орал өңірі») газетінің Чапаев, Тайпақ аудандарындағы меншікті тілшісі, туғанына 100 жыл (1927-2002).
  • *15 қарашаДауылбаев Файзи Ахметұлы, ғалым, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Сырым ауданының тумасы, туғанына 100 жыл (1927-1982).
  • 15 қарашаТастөбе соғысы, Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісінде маңызды орын алатын шайқасына 190 жыл (1837).
  • 20 қарашаБәсібеков Баян Сабырғалиұлы, ғалым, ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы, профессор, Ақжайық ауданының тумасы, туғанына 90 жыл (1937-1988).
  • 20 қарашаСейітов Сағынғали, ақын, әдебиетші, филология ғылымының кандидаты, Ақжайық ауданының тумасы, туғанына 110 жыл (1917-2007) / Қараңыз: «БҚО бойынша 2017 жылы … күндер тізбегі».
  • 21 қарашаОрыс халық аспаптар оркестрі, Орал қаласында құрылғанына 30 жыл (1997).
  • *23 қарашаЕгізбаева Қадиша Елеусізқызы, ғалым, биология ғылымдарының докторы, профессор, Казталов ауданының тумасы, туғанына 100 жыл (1927).
  • 24 қарашаҒұмаров Біләш Ғұмарұлы, ғалым, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор, 1966 жылдан бастап Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтында (қазіргі Жәңгір хан атындағы БҚАТУ) саяси экономика факультетінің деканы, кафедра доценті болған, туғанына 95 жыл (1932-2003) / Қараңыз: «БҚО бойынша 2022 жылы … күндер тізбегі».
  • 24 қарашаХибашев Ғұбайдолла, әуесқой композитор, Ақжайық ауданының тумасы, туғанына 85 жыл (1942) / Қараңыз: «БҚО бойынша 2022 жылы … күндер тізбегі».
  • 30 қарашаГребнев Андрей Феоктистович, Кеңес Одағының Батыры, Теректі ауданының тумасы, туғанына 115 жыл (1912-1973) / Қараңыз: «БҚО бойынша 2002 жылы…күндер тізбегі».
Желтоқсан
  • 2 желтоқсанХасанов Қайыржан, өлкетанушы, қаламгер, журналист, Қаратөбе ауданының тумасы, туғанына 85 жыл (1942-2018) / Қараңыз: «БҚО бойынша 2017 жылы … күндер тізбегі».
  • 3 желтоқсанҚазиев Ермек, күйші-домбырашы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Бөкей ордасы ауданының тумасы, туғанына 80 жыл (1947) / Қараңыз: «БҚО бойынша 2022 жылы … күндер тізбегі».
  • 12 желтоқсанЖақыпова Гүлнәр Хабиқызы, актриса, Қазақстанның халық артисі, Орал қаласының тумасы, туғанына 70 жыл (1957) / Қараңыз: «БҚО бойынша 2007 жылы …. күндер тізбегі».
  • 12 желтоқсанТихоненко Андрей Яковлевич, Кеңес Одағының Батыры, Шыңғырлау ауданының тумасы, туғанына 115 жыл (1912-1944) / Қараңыз: «БҚО бойынша 2002 жылы … күндер тізбегі».
  • 12 желтоқсан«Алтим» құрылыс фирмасы» ЖШС, Батыс Қазақстанның құрылыс секторы нарығындағы ең ірі компаниялардың бірі, «ОралСельстрой» тресінің ПМК – 1 базасына негізделген, құрылғанына 30 жыл (1997).
  • 15 желтоқсанНиязбеков Сабыр Біләлұлы, мемлекет және қоғам қайраткері, 1956-1960 жылдары Қазақстан Компартиясы БҚО партия комитетінің 1-хатшысы болған, туғанына 115 жыл (1912-1989).
  • 15 желтоқсанНығметов Кенжебай Әлжанұлы, мемлекет және қоғам қайраткері, еңбек ардагері, 1994-1999 жылдар аралығында облыстық мәслихаттың депутаты, хатшысы қызметін атқарған, туғанына 80 жыл (1947).
  • *15 желтоқсанТілеужанов Мәтжан Мақсымұлы, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, әдебиет зерттеушісі, 1950-1995 жылдары Орал педагогикалық институтының (қазіргі М. Өтемісов атындағы БҚУ) кафедра меңгерушісі қызметін атқарған, туғанына 100 жыл (1927-1995) / Қараңыз: «БҚО бойынша 2017 жылы … күндер тізбегі».
  • 15 желтоқсан«Бөкей ордасы» тарихи-музей кешені, ашылғанына 65 жыл (1962).
  • 16 желтоқсанӨтеғұлов Кәрім Тәжмағанбетұлы, еңбек ардагері, БҚО Казталов және Жаңақала аудандарының құрметті азаматы, туғанына 90 жыл (1937).
  • *17 желтоқсанӘжіғалиев Серік Ескендірұлы, ғалым, этнолог, археолог, тарих ғылымдарының докторы, профессор, БҚО аумағындағы халықтық архитектура және мемориалды эпиграфика ескерткіштерін зерттеу ісінде маңызды нәтижелерге қол жеткізген, туғанына 75 жыл (1952).
  • 18 желтоқсанНұрғалиев Әділғазы Нұрғазыұлы, еңбек ардагері, Шыңғырлау, Бөрлі, Ақжайық және Жаңақала ауданында басшылық қызметте болды, Жаңақала ауданының тумасы, туғанына 90 жыл (1937-2021).
  • *20 желтоқсанКорсунов Николай Федорович, жазушы, прозашы, драматург, журналист, 1965-1993 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының БҚО ұйымының басшысы, Бәйтерек ауданының тумасы, туғанына 100 жыл (1927-2009).
  • *20 желтоқсанҚауенов Александр Қауенұлы, айтыскер ақын, Қаратөбе ауданының тумасы, туғанына 75 жыл (1952-2003).
  • 20 желтоқсанҚұсайынов Байболат, қоғам қайраткері, 1935-1940 жылдар аралығында облыстық «Екпінді құрылыс» (қазіргі «Орал өңірі») газетінде қызмет атқарды, Теректі ауданының тумасы, туғанына 110 жыл (1917-2003).
  • 22 желтоқсанКенжин Аспандияр, қоғам қайраткері, «Алаш» партиясының, Батыс Алашорданың белсенді мүшелерінің бірі, туғанына 140 жыл (1887-1938).
  • 22 желтоқсанҚұлманов Бақтыгерей Ахметұлы, алғашқы шығыстанушы, шығыс ғылымының кандидаты, Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері, Әбілқайыр ханның ұрпағы, туғанына 170 жыл (1857-1919).
  • 24 желтоқсанКолостов Даниил Богданович, Орал облысы атқару комитетінің 1-ші төрағасы, Қазан төңкерісінің мүшесі, туғанына 140 жыл (1882-1918).
  • 25 желтоқсанНығметова Роза Шүкірғалиқызы, ғалым, химия ғылымдарының докторы, Тасқала ауданының тумасы, туғанына 95 жыл (1932).
  • 26 желтоқсанЧурилин Алексей Павлович, ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры, Тасқала ауданының тумасы, туғанына 110 жыл (1917-1982) / Қараңыз: «БҚО бойынша 2002 жылы …. күндер тізбегі».
  • *27 желтоқсанҚазиев Есел Қазиұлы, күйші, республикалық, облыстық байқаулардың жеңімпазы, Бөкей ордасы ауданының тумасы, туғанына 100 жыл (1927-1985).
  • 28 желтоқсанБайғалиев Рақым, мемлекет және қоғам қайраткері, Ақжайық ауданының тумасы, туғанына 115 жыл, (1912-2001).
  • 28 желтоқсанЖұмалиев Қажым, жазушы, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қаратөбе ауданының тумасы, туғанына 120 жыл (1907-1968) / Қараңыз: «БҚО бойынша 2017 жылы … күндер тізбегі».
АЙЫ МЕН ТУҒАН КҮНІ БЕЛГІСІЗ 2025 ЖЫЛЫ АТАЛЫП ӨТІЛЕТІН КҮНДЕР
  • Көкіұлы Есет, батыр, XVII-XVIII ғ.ғ. Батыс Қазақстан аймағын сырт жаулардан азат етуге қатысқан қолбасшылардың бірі, туғанына 360 жыл (1667-1757).
  • Әйтеке би, Тәуке ханның кеңесшісі, Кіші жүздің биі, туғанына 345 жыл (1682-1766).
  • Сатыпалдыұлы Құттыбай, батыр, қолбасшы, Шыңғырлау ауданының тумасы, туғанына 325 жыл (1702-1773).
  • Датұлы Сырым, батыр, ұлт-азаттық қозғалысының басшысы, қолбасшы, Сырым ауданының тумасы, туғанына 285 жыл (1742-1802) / Қараңыз: «БҚО бойынша 2022 жылы … күндер тізбегі».
  • Пугачев Емельян, Ресейдегі 1773-1775 жылдардағы шаруалар көтерілісінің басшысы, туғанына 285 жыл (1742-1775).
  • Нұрқожаұлы Асанбек, батыр әрі шешен, әнші, домбырашы, сыбызғышы, Сырым бастаған халық көтерілістеріне, И. Тайманұлы мен М. Өтемісұлы бастаған қазақ шаруаларының ұлт-азаттық қозғалыстарына қатысушы, туғанына 275 жыл (1752-1845).
  • Орал өңірінде Ғылым академиясы Иван Лепёхин, Петр Паллас, Иоган Фальк жетекшілігімен бірнеше экспедициялар ұйымдастырды, 260 жыл бұрын (1767).
  • Крылов Иван Андреевич, орыс жазушысы, балалық шағын Оралда өткізгеніне 255 жыл (1772).
  • Нұралыұлы Қаратай, кіші жүздің Батыс бөлігінің алғашқы сұлтан-әкімі, Сырым ауданының тумасы, туғанына 255 жыл (1772-1826).
  • Боранбайұлы Есенаман, батыр, Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліске қатысқан, туғанына 245 жыл (1782-ө.ж.б.).
  • Жарылғасұлы Шернияз, ақын, Исатай Тайманұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісіне қатысушы, туғанына 220 жыл (1807-1867).

  • Мәмбетұлы Жұмырбай, суырып салма ақын, Жаңақала ауданының тумасы, туғанына 220 жыл (1807-1897).

  • Эверсман Эдуард Александрович, Карелин Григорий Силыч, орыс зерттеушілері Бөкей ордасы өлкесінде болғандарына 200 жыл (1827).

  • Бабажанов Мұхамед-Салық, этнограф, қоғам қайраткері, ағартушы, Бөкей ордасы ауданының тумасы, туғанына 195 жыл (1832-1871).

  • Қалқаұлы Түркеш, қазақ композиторы, күйші, туғанына 195 жыл (1832-1872).

  • Нұралыханов Зұлқарнай Шөкіұлы, Әбілқайыр хан әулетінен шыққан сұлтан, Нұралы ханның немересі, туғанына 195 жыл (1832-1892).

  • Базинер Федор Иванович, ресейлік ботаник, экспедицияның құрамында болып, Орал өңірі даласының өсімдіктерін зерттеген, келгеніне 185 жыл (1842).

  • Бөкеев Шәңгерей Сейіткерейұлы, ақын, Бөкей ордасы ауданының тумасы, туғанына 180 жыл (1847-1920) / Қараңыз: «БҚО бойынша 2017 жылы …. күндер тізбегі».

  • Қонажанұлы Мұқан, жырау, ақын, Жиембет жыраудың ұрпағы, туғанына 165 жыл (1862-1937).

  • Максимов Сергей Васильевич, белгілі жазушы, этнограф, саяхатшы Орал қаласында болғанына 165 жыл (1862).
  • Бөкеева Зәуреш Мұхамедкерейқызы, суретші, Бөкей ордасы ауданының тумасы, туғанына 160 жыл (1867-1956).
  • Генке Александр Васильевич, алғашқы Орал қаласының денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі, туғанына 160 жыл (1867-1943).

  • Батыс Қазақстан облыстық клиникалық ауруханасы, Орал қаласында облыстық аурухана, ашылғанына 160 жыл (1867) / Қараңыз: «БҚО бойынша 2017 жылы … күндер тізбегі».

  • «Уралец» газеті, жеке басылым ретінде Оралда жарық көре бастағанына 160 жыл (1867).

  • Лұқпанов Саламат, Социалистік Еңбек Ері, Казталов ауданының тумасы, туғанына 155 жыл (1872-1958).

  • Меңдіханов Ишанғали, алғашқы қазақ драматургі, мемлекет және қоғам қайраткері, Бөкей ордасы ауданының тумасы, туғанына 155 жыл (1872-1919).

  • Арыстанов Өтеғали, әнші, композитор, Бөкей ордасы ауданының тумасы, туғанына 145 жыл (1882-1964).

  • Тажетдинов Ахметфайыз, ағартушы-педагог, өлкетанушы, Бөкей орда музейін ұйымдастырушы, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, Бөкей ордасы ауданының тумасы, туғанына 145 жыл (1882-1984).

  • Бегалиев Ғали, ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы, Казталов ауданының тумасы, туғанына 140 жыл (1887-1966).

  • *Досмұхамедов Жаһанша Досмұхамедұлы, көрнекті мемлекет қайраткері, жоғары білімді алғашқы қазақ заңгерлерінің бірі, саясаткер, Сырым ауданының тумасы, туғанына 140 жыл (1887-1938).

  • Есболаев Әубәкір, Социалистік Еңбек Ері, Жаңақала ауданының тумасы, туғанына 140 жыл (1887-1962).
  • Жолдыбаев Молдағали, қазақ қоғам қайраткері, педагог, журналист, Орал облысындағы қазақ съезін ұйымдастырушылардың бірі, Ақжайық ауданының тумасы, туғанына 140 жыл (1887-1938).
  • Қаратілеуов Сәлімгерей, бірінші қазақ агрономы, Алаш партиясының мүшесі, Орал облысынан бүкілресейлік құрылтай жиналысының депутаты, Алаш автономиясының батыс бөлімшесінің белсенді қызметкері, туғанына 140 жыл (1887-1938).

  • Протасов Леонид Николаевич, актер, ҚР еңбек сіңірген артисі, Орал қаласындағы А. Н. Островский атындағы орыс драма театрында еңбек еткен, туғанына 140 жыл (1887-1977).

  • Сауанов Ыбырай, Социалистік Еңбек Ері, Казталов ауданының тумасы, туғанына 140 жыл (1887-1951).

  • Сембаев Әбу, Социалистік Еңбек Ері, Ақжайық ауданының тумасы, туғанына 140 жыл (1887-ө.ж.б).

  • Танашев Уәлитхан Шарафиддинұлы, Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері, заңгер, Бөкей ордасы ауданының тумасы, туғанына 140 жыл (1887-1968).

  • Харузин Алексей Николаевич, орыс зерттеушісі, этнограф Бөкей Ордасында болып, зерттеу жұмыстарын жүргізгеніне 140 жыл (1887).

  • Асанов Қалдыбай, Батыс Алашорда қайраткері, қазақтың алғашқы жоғары білімді экономистерінің бірі, Сырым ауданының тумасы, туғанына 135 жыл (1892-1937).

  • Әбдірахманов Бейсенғали, алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі, Қазақстанда денсаулық сақтау ісін ұйымдастырушысы, Ақжайық ауданының тумасы, туғанына 135 жыл (1892-1960).

  • Әлжанов Батырбек, Жайық өңірінде баспасөз ісін ұйымдастырушылардың бірі, Азамат соғысына қатысушы, Батыс Қазақстан облысының тумасы, туғанына 135 жыл (1892-ө.ж.б).

  • Есенбаев Халел Мұхаметжанұлы, саяси қайраткер, ағартушы, журналист, Казталов ауданының тумасы, туғанына 135 жыл (1892-1938).

  • Жақыпов Серікқали, қоғам қайраткері, Бөкей губерниясындағы революциялық қозғалысқа араласқан, туғанына 135 жыл (1892-1939).

  • Неусыпов Филипп Маркович, саяси қайраткер, ақын, Жайық өңірінде кеңес өкіметін орнатуға қатысушы және оның алғашқы құрамының мүшесі, туғанына 135 жыл (1892-1918).

  • Шанин Жұмат Тұрғынбайұлы, режиссер, драматург, актер, ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін салушылардың бірі, 1936-1937 жылдары Орал музыка-драмалық қазақ театрын ұйымдастырып, оған басшылық жасады, туғанына 135 жыл (1892-1938).

  • Атшыбаев Беркінғали Мұқашұлы, Батыс Алашорда қайраткері, қазақтың жоғары білімді тұңғыш мұнай барлаушы геологы, туғанына 130 жыл (1897-1937).

  • Жалпақов Тәжмұхамбет Темірұлы, Батыс Алашорда офицері, Жайық өңірін кеңестендіру ісіне қатысушы, Ақжайық ауданының тумасы, туғанына 130 жыл (1897-ө.ж.б).

  • Қарменов Баймырза, Қазақтың 1-үлгілі атты әскер полкінің командирі, Жаңақала ауданының тумасы, туғанына 130 жыл (1897-1935).

  • Батыс Қазақстан облыстық ветеринариялық зертханасы, ашылғанына 130 жыл (1897).

  • *Айтхожин Әлдібай, Социалистік Еңбек Ері, Қаратөбе ауданында аға шопан, кейін қой фермасының меңгерушісі болған, туғанына 125 жыл (1902-1952).

  • *Мұхтарова Зәуре, қоғам қайраткері, 1936-1937 жылдары БҚО БК(б)П Теректі, Қаратөбе аудандары комитетінің хатшысы, Ақжайық ауданының тумасы, туғанына 125 жыл (1902-ө.ж.б.).

  • *Омаров Ғабдолла, Социалистік Еңбек Ері, Бөкей ордасы ауданының тумасы, туғанына 125 жыл (1902-1954).

  • *Уәлиев Ысқақ, сыбызғышы, Құрманғазы атындағы академиалылық халық аспаптары оркестрінің негізін салушылардың бірі, Казталов ауданының тумасы, туғанына 125 жыл (1902-1944).

  • Балашов Степан Ильич, ақын, журналист, ҚР еңбек сіңірген агрономы, Орал қаласының тумасы, туғанына 120 жыл (1907–1992).

  • Мұқатов Сабыр, әнші, күйші, Жаңақала ауданының тумасы, туғанына 120 жыл (1907-1978).

  • Мықанова Қайша, Социалистік Еңбек Ері, ҚазССР мал шаруашылығының еңбек сіңірген шебері, Казталов ауданының тумасы, туғанына 120 жыл (1907-1980).

  • Сариев Қарасай, Социалистік Еңбек Ері, Бөкей ордасы ауданының тумасы, туғанына 120 жыл (1907-1982).

  • Шоланов Ғабдолла, ғалым, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан КСР ҒА-ның корреспондент мүшесі, Казталов ауданының тумасы, туғанына 120 жыл (1907-1966).

  • Битенов Мұхит, күйші, өлкеге белгілі домбырашы, Жәнібек ауданының тумасы, туғанына 115 жыл (1912-1983) / Қараңыз: «БҚО бойынша 2012 жылы аталып … күндер тізбегі».

  • Халиуллин Хаби, қоғам қайраткері, Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан жауынгер, Жәнібек ауданының тумасы, туғанына 115 жыл (1912-1942) / Қараңыз: «БҚО бойынша 2012 жылы … күндер тізбегі».

  • Шамов Михаил Михайлович, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, «Даңқ» орденінің толық иегері, Тасқала ауданының тумасы, туғанына 115 жыл (1912-1972) / Қараңыз: «БҚО бойынша 2012 жылы… күндер тізбегі».

  • Оразалиев Ғайса Иманғазыұлы, Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагері, қоғам қайраткері, Орал облыстық партия комитетінің бөлім меңгерушісі, партия комиссиясының төрағасы, туғанына 110 жыл (1917-2000).

  • Серғалиев Қабекес, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, Социалистік Еңбек Ері, Жаңақала ауданының тумасы, туғанына 110 жыл (1917-2002).

  • Хайырлиев Ысқақ, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, сынықшы-шипагер, Казталов ауданының тумасы, туғанына 110 жыл (1917-1983).

  • Чумаев Григорий Иванович, Кеңес Одағының Батыры, Бәйтерек ауданының тумасы, туғанына 110 жыл (1917-1945) / Қараңыз: «БҚО бойынша 2017 жылы … күндер тізбегі».

  • *Берқалиев Базылбек Түменұлы, ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қаратөбе ауданының тумасы, туғанына 100 жыл (1927).

  • *Қыдыров Хамидолла, ақын, журналист, Ақжайық ауданының тумасы, туғанына 100 жыл (1927-1989).

  • *Шәуалиев Кәрім, күйші, Қаратөбе ауданының тумасы, туғанына 100 жыл (1927-1993).

  • Жауынбаев Демеу, Социалистік Еңбек Ері, Ақжайық ауданының тумасы, туғанына 95 жыл (1932-1983).

  • Жұмашев Сатыпалды, Еңбек ардагері, Жаңақала ауданының құрметті азаматы, туғанына 95 жыл (1932-2021).

  • Марченко Олег Николаевич, геолог, ҚР геология саласының ардагері, Қарашығанақ кенішін алғаш ашушылардың бірі, туғанына 90 жыл (1937-2011).

  • Исмағұлов Мұраден, суырып салман ақын, Казталов ауданының тумасы, туғанына 85 жыл (1942).

  • «Қазақстан Жазушылар одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалы, Орал қаласында құрылғанына 80 жыл (1947).
  • №8 жалпы орта білім беретін мектеп Орал қаласындағы, қазіргі дарынды балаларға арналған №8 облыстық мамандандырылған мектеп (1997), ашылғанына 75 жыл (1952).

  • Батыс Қазақстан облыстық халық шығармашылығы орталығы, ашылғанына 75 жыл (1952).

  • Батыс Қазақстан облысы бойынша аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі, Ж. Модағалиев атындағы БҚО орталық әмбебап ғылыми кітапханасының ұсыныстық библиографиялық көрсеткіші, алғашқы шығарылымының жарық көргеніне 60 жыл (1967).

  • Батыс Қазақстан облысының Бударин мемлекеттік зоологиялық қорықшасы, құрылғанына 60 жыл (1967).

  • Батыс Қазақстан облысының Жалтыркөл мемлекеттік зоологиялық қорықшасы, құрылғанына 60 жыл (1967).

  • Батыс Қазақстан облысының Кирсанов зоологиялық мемлекеттік қорықшасы, құрылғанына 60 жыл (1967).

  • «Зенит» мәдениет сарайы Орал қаласы, ашылғанына 55 жыл (1972).
  • «Гидроприбор» ҒЗИ АҚ, Орал қаласындағы институт зерттеулерге, жобалауға, бірлік, шағын сериялы өндіріс пен инжинирингке маманданған, «Қазақстан инжиниринг ҰК» АҚ құрамына кіреді, құрылғанына 55 жыл (1972).
  • «Ақ-Құм» ландшафтық қаумалы, Батыс Қазақстан облыстық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ, құрылғанына 35 жыл (1992).
  • Табиғат ескерткіш «Садовское озеро», облыстық туристік база, ұйымдастырылғанына 35 жыл (1992).
  • Батыс Қазақстан облысының Шалқар биогидрологиялық қорықшасы, құрылғанына 35 жыл (1992).
  • Батыс Қазақстан облысының «Ковчег-Тапан» армян мәдени-ағарту қоғамы, армян халқының тілін, мәдениеті мен дәстүрлерін сақтау үшін құрылған қоғамдық бірлестік, құрылғанына 30 жыл (1997).

Ескерту: * белгісімен белгіленген күндерге қысқаша анықтамалар мен әдебиеттер тізімі берілген.