«Соғыс психологиясы» кітабы бойынша өткен іс-шара
«Соғыс психологиясы» кітабы бойынша өткен іс-шара
5 тамыз күні Жұбан кітапханасында қазақ халқының даңқты перзенті, батыр қолбасшы, майдангер жазушы Бауыржан Момышұлының «Соғыс психологиясы» кітабы бойынша талқылау іс – шарасы өтті. Тағылымды шараға Орал қаласы Полиция басқармасы мен Орал қаласы Полиция басқармасының Абай полиция бөлімінің қызметкерлері арнайы қатысып, рухани кештің мәнін арттыра түсті. Шараға Филолог, Қазақ тілі мен әдебиеті біліктілігі бойынша арнайы пән оқытушысы, облыстық «Орал өңірі» қоғамдық – саяси газетінің тілшісі Ернар Жақыптегі қатысып, кітаптың тарихи маңызы мен тәрбиелік тағылымы жайында мазмұнды ой қозғады. Ол Бауыржан Момышұлының әскери психологияға қатысты тұжырымдарының бүгінгі күнде де өзектілігін жоймағанын тілге тиек етті. Сонымен қатар Орал қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Сапаргалиев Мирғали Сапарғалиұлы мен Орал қаласы Полиция басқармасы Абай полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Бисенгалиев Ердаулет Өтегенұлы Б.Момышұлының әскери қайраткер ретінде ұрпаққа ұлағат етіп қалдырған әскери-теориялық және рухани ұлағатты еңбегі – “Соғыс психологиясы” шығармасына қысқаша тоқталып, рухани шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп кітапхана ұжымына алғыс білдірді.


Пікір үстеу