Search for:
  • Басты
  • Кітапхана туралы
    • Әкімшілік
    • Кітапхана сандарда
    • Кітапхана тарихы
    • Кітапхана туралы
    • Кітапхана бөлімдері
    • Пайдалану ережесі
    • БАҚ біз туралы
      • БАҚ біз туралы 2025
      • БАҚ біз туралы 2024
      • БАҚ біз туралы 2023
      • БАҚ біз туралы 2022
  • Ресурстар
    • Электрондық ақпараттық ресурстар
    • Интернет-ресурстар
    • Мерзімді басылымдардың жиынтық картотекасы
    • Дәстүрлі каталогтар мен картотекалар
  • Электронды каталог
  • Баспа қызметі
    • Мультимедиялық құралдар
    • Біздің басылымдар
  • Өлкетану
    • Ақжайық онлайн
    • Ақжайық өңірінің батырлары
    • Орал өңірінің әдеби картасы
      • Жергілікті жазушылар
      • Жайық өңіріне келген орыс ақын- жазушылары
    • Орал өңірінің әдеби портреттері
      • Жоба туралы
      • Хамза Есенжанов
      • Сагынгали Сеитов
      • Таир Жароков
      • Қайрат Жұмағалиев
      • Ғұмар Қараш
      • Акуштап Бақтыгереева
    • «Облыстық Бас кітапханаға авторлық қолтаңбамен» жобасы
    • «Батыс Қазақстан облысының киелі жерлер тарихы»
    • Атаулы күндер күнтізбесі
      • 2026
      • 2025
      • 2024
      • 2023
      • 2022
      • 2021
      • 2020
      • 2019
    • Арулар отты жылдарда жобасы
  • Виртуалды анықтама
  • phone +7 (7112) 50-35-09
  • email info@zkolib.kz
  • Жұмыс кестесі: Сс-Жс 9:00 дaн 19:00 дейін
    • Қаз
    • Рус
  • Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапханасы
    Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапханасы
    • Басты
    • Кітапхана туралы
      • Әкімшілік
      • Кітапхана сандарда
      • Кітапхана тарихы
      • Кітапхана туралы
      • Кітапхана бөлімдері
      • Пайдалану ережесі
      • БАҚ біз туралы
        • БАҚ біз туралы 2025
        • БАҚ біз туралы 2024
        • БАҚ біз туралы 2023
        • БАҚ біз туралы 2022
    • Ресурстар
      • Электрондық ақпараттық ресурстар
      • Интернет-ресурстар
      • Мерзімді басылымдардың жиынтық картотекасы
      • Дәстүрлі каталогтар мен картотекалар
    • Электронды каталог
    • Баспа қызметі
      • Мультимедиялық құралдар
      • Біздің басылымдар
    • Өлкетану
      • Ақжайық онлайн
      • Ақжайық өңірінің батырлары
      • Орал өңірінің әдеби картасы
        • Жергілікті жазушылар
        • Жайық өңіріне келген орыс ақын- жазушылары
      • Орал өңірінің әдеби портреттері
        • Жоба туралы
        • Хамза Есенжанов
        • Сагынгали Сеитов
        • Таир Жароков
        • Қайрат Жұмағалиев
        • Ғұмар Қараш
        • Акуштап Бақтыгереева
      • «Облыстық Бас кітапханаға авторлық қолтаңбамен» жобасы
      • «Батыс Қазақстан облысының киелі жерлер тарихы»
      • Атаулы күндер күнтізбесі
        • 2026
        • 2025
        • 2024
        • 2023
        • 2022
        • 2021
        • 2020
        • 2019
      • Арулар отты жылдарда жобасы
    • Виртуалды анықтама

    Blog

    Жаңалықтар > «Жайықтың жыр – Маржаны» атты кездесу кеші

    «Жайықтың жыр – Маржаны» атты кездесу кеші

    «Жайықтың жыр – Маржаны» атты кездесу кеші

    access_time10.02.2025
    perm_identity Posted by admin
    folder_open Жаңалықтар
    Бүгін 10 ақпан кітапханада ақын, аудармашы, прозаик, драматург, сатирик, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Жазушылар Одағы мен Еуразия Жазушылар Одағының мүшесі (Түркия), Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Ершу Маржан Аманқосқызымен «Жайықтың жыр – Маржаны» атты кездесу кеші өтті.
    Шараны Батыс Қазақстан облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Қамбетов Медхат Мұсаұлы құттықтау сөз сөйлеп ашты. Кеш барысында ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Орал қаласының құрметті азаматы Нәріков Айтқали Нұрышқалиұлы мен жазушы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Шүйіншәлиева Мира Хамзақызы қаламгердің бес кітабының тұсауын кесіп, авторға шығармашылық табыс тіледі.
    Атырау қаласынан арнайы келген қонақтар ақын, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Жазушылар Одағының және Қазақстан Журналистер Одағының, Ұлыбританиядағы Eurasian Creative Guild шығармашылық Одағының мүшесі, ҚР Ақпарат саласының үздігі, Республикалық «Сарайшық» әдеби-мәдени, тарихи-танымдық журналының Бас редакторы Ниетқалиева Гүлзада Рахметқызы қаламгер шығармашылығына терең талдау жасаса, өнертану кандидаты, ҚР Мәдениет саласының үздігі, халықаралық конкурстардың лауреаты, қазақ музыкасы туралы кітаптардың авторы, Дина Нұрпейісова атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің артисі, қобызшы Ақнар Тәттібайқызы Ықылас Дүкенұлының «Қорқыт» күйін ерекше шеберлікпен орындап, тыңдармандарға терең әсер қалдырды. Өлкетанушы Асылбек Сейталиев Дина Нұрпейісова туралы зерттеу жұмыстарымен таныстырды. Сонымен қатар Атырау облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысы Жоламанов Әбіл Тауфихұлының алғыс хатын Атырау жастар театры басшысы Әміржан Нұрланұлы табыстады. Кеше ғана театр сахнасында көрерменге жол тартқан «Дина» қойылымында Д.Нұрпейісованың бейнесін сомдаған талантты актриса, «Парасат» орденінің иегері Жұбатова Нүргүл Өтемісқызы өз рөлін сомдаудағы тәжірибесімен бөлісіп, шығарманың терең мазмұны туралы әңгімелеп берді. Кеш қонағы Маржан Ершу Ж.Молдағалиев атындағы облыстық кітапханаға келгесін әңгімесін әкесінің Жұбан Молдағалиевке арнап жазған өлеңімен бастап, кейін өз шығармашылығы турасында әңгімелеп, өлеңдерін оқыды. Әдеби жүздесуге келіп, Дина анамыздың күйін орындап берген оқырманға қаламгер Маржан Аманқосқызы батасын берді.
    Кешті тележүргізуші, Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің оқытушысы Хамза Жандос Жанұзақұлы кәсіби түрде жүргізіп, шараның жоғары деңгейде өтуіне зор үлес қосты. Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония әншісі Азат Қабиевтің орындауындағы «Жайық қызы» әнімен кеш қортындыланды.

     

    Newer «Облыстық Бас кітапханаға авторлық қолтаңбамен» жобасы
    Older Жайықтың жыр - Маржаны

    Пікір үстеу Жауапты болдырмау

    Search for:
    Соңғы жазбалар
    • ЖҰБАН ҰРПАҚТАР ЖҮРЕГІНДЕ
    • Басты кітапхана 155
    • Басты кітапхана 155
    • БАҚ біз туралы
    • Басты кітапхана 155

    просмотров: 40

    • location_on
      ЗКО, г. Уральск, ул. Карева, д. 47
    • phone_android
      8 (7112) 50-76-90
    • phone_android
      8 (7112) 50-75-45
    • phone_android
      8 (7112) 50-35-09
    • email
      info@zkolib.kz
    © 2026 Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапхана. Барлық құқықттары қорғалған.
    keyboard_arrow_up