«Қазақ киносының Қыз Жібегі – Меруерт Өтекешева» атты ақпараттық сағат өткізді.
«Қазақ киносының Қыз Жібегі – Меруерт Өтекешева» атты ақпараттық сағат өткізді.
25 ақпан күні Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапхана «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығымен» бірлесе отырып, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, кино және театр актрисасы Меруерт Өтекешованың 75 жас мерейтойына арналған «Қазақ киносының Қыз Жібегі – Меруерт Өтекешева» атты ақпараттық сағат өткізді.
Шара барысында актрисаның өмір жолы мен шығармашылығына арналған мазмұнды бейнеролик көрсетіліп, өнердегі дара жолы кеңінен таныстырылды. Әсіресе оның қазақ кино өнеріндегі шоқтығы биік рөлі – Қыз Жібек фильміндегі Қыз Жібек бейнесі ерекше атап өтілді.
Сонымен қатар «Жайықтан түлеп ұшқан хас өнерпаз» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, оқырмандар назарына актрисаның шығармашылығы мен қазақ өнеріне қосқан үлесін айқындайтын құнды материалдар ұсынылды.
Тағылымды кеш қатысушыларға рухани әсер сыйлап, қазақ киносының алтын қорындағы жауһар туындыларды тағы бір мәрте еске алуға мүмкіндік берді. 🎬📚






Пікір үстеу