Сыйға сырлы кітап!
Сыйға сырлы кітап!
Табиғат әлеміне қызығатын жандарға ерекше тарту — «Змеи Западного Казахстана: коллекционные материалы, история изучения, фотогид» монографиясы.
Авторлары: Ахмеденов К.М., Бакиев А.Г., Клёнина А.А., Симонов Е.П. Бұл ғылыми еңбекте Батыс Қазақстан аумағында (Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Маңғыстау облыстары) таралған жыландардың 14 түрі туралы тың деректер мен әдеби мәліметтер жинақталған. Кітапта олардың зерттелу тарихы, коллекциялық материалдары және фотогид ұсынылған.
Монография жаратылыстану бағытындағы білім алушыларға (студенттерге, магистранттарға, докторанттарға), герпетологтарға, зоологтарға, экологтарға, табиғатты қорғау ұйымдарының қызметкерлеріне, өлкетанушылар мен табиғат жанашырларына арналған.
🔎 Өңір табиғатын тереңірек танып-білгісі келетіндер үшін бұл кітап – таптырмас ғылыфми әрі танымдық еңбек.
Табиғаттың тылсым сырын бірге ашайық!



Пікір үстеу