Күйші Дина Нұрпейісоваға арналған “Күй Ана-Дина” музыкалық кеші өтті.
Күйші Дина Нұрпейісоваға арналған “Күй Ана-Дина” музыкалық кеші өтті.
Ақпанның 2-і күні №1 Өнер мектебі мен Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапхананың бірлескен ұйымдастыруымен қазақтың халық әртісі, домбырашы, күйші, сазгер Дина Нұрпейісованың туғанына 165 жыл толуына орай «Күй анасы – Дина» атты сазды кеш өтті.
Қастерлі күй өнерін биікке көтерген дара тұлға — Дина Нұрпейісова — ғасырдан ғасырға жетер рухани мұраның алтын сандығы. Шара барысында көрермендерге «Қазақ күйінің анасы – Дина Нұрпейісова» атты бейнеролик ұсынылып, «Кең даланы күйімен тербеткен» кітап көрмесіне шолу жасалды.
Сазды кеште Дина Кенжеқызы Нұрпейісованың күйлері орындалды.
🎶 №1 Өнер мектебінің домбыра аспабының оқытушысы Есқайыров Бахтияр Аралұлы «8 март», «Науысқы» күйлерін орындады.
🎶 Домбыра сыныбының түлегі, №50 орта мектебінің оқушысы Айталиева Ақмаржан «Домалатпай» күйін тарту етсе,
🎶 Домбыра сыныбының 5-сынып оқушысы Тайыр Алтынай «Әсем қоңыр» күйін орындап, тыңдарманның ыстық ықыласына бөленді.
Кеш соңында оқушылар мен қонақтар кітап көрмесін тамашалап, күй анасының мол мұрасымен жақынырақ танысты.









Пікір үстеу