“Меркурий” спикерлік клубының дизайнер Сырымова Әсем Кенжебайқызымен кездесуі.
“Меркурий” спикерлік клубының дизайнер Сырымова Әсем Кенжебайқызымен кездесуі.
“Меркурий” спикерлік клубының бүгінгі қонағы Батыс Қазақстан облысы дизайнерлері мен модельерлер қауымдастығының төрайымы, дизайнер, жеке бренд авторы Сырымова Әсем Кенжебайқызы. Шара барысында «Сән мен рух үндестігі» тақырыбында мазмұнды әрі шабыттандыратын сұхбат өтті.
Кездесудің басты мақсаты – жас студенттерге бағыт-бағдар беру және шығармашылық жолдағы маңызды қағидалармен бөлісу болды. Сұхбат барысында Әсем Кенжебайқызы өз кәсіби жолы, дизайнер ретінде қалыптасуы, жеке брендті дамытудағы қиындықтар мен мүмкіндіктер туралы кеңінен әңгімеледі.
Дизайнер сұхбатта жеке брендтің ерекшелігі мен оның тұтынушыға берер құндылығына ерекше тоқталды. Ұлттық нақышты заманауи сәнмен үйлестіру шығармашылығының басты бағыттарының бірі екені айтылды. Әсем Сырымова үшін сән – тек киім емес, ол мәдениет пен тұлғаның айнасы.
Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысы дизайнерлері мен модельерлер қауымдастығының атқарып жатқан жұмыстары төңірегінде сөз қозғалды. Қауымдастықтың негізгі миссиясы – өңір дизайнерлерін қолдау, кәсіби орта қалыптастыру және отандық сән индустриясының дамуына үлес қосу екені атап өтілді.
“Меркурий” спикерлік клубында өткен бұл кездесу Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университет студенттері үшін үлкен мотивация мен жаңа ойларға жол ашты. Мұндай кездесулер шығармашыл қауымның дамуына серпін беріп, тәжірибе мен шабыт алмасудың маңызды алаңына айналып келеді.












Пікір үстеу