Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай «Тіл білімінің атасы» атты әдеби кеш өтті.
Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай «Тіл білімінің атасы» атты әдеби кеш өтті.

Биылғы жыл халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеуші, түрколог, дарынды ақын – аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толған мерейлі жыл. Оған қоса биылғы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында оқуға ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы шығармалары таңдалды. Жұбан Молдағалиев атындағы ОӘҒК-да Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толу мерейтойына арналған «Тіл білімінің атасы» атты әдеби кеш өтті. Шара барысында Ахмет Байтұрсынұлы туралы «Тіл білімінің атасы» атты бейнежазба және кітап көрмесі көрермен назарына ұсынылды. Әдеби кешке Орал Жоғары гуманитарлық – экономикалық колледжінің арнайы пәндер бойынша оқытушысы Хасанова Аида Жантурина А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын баяндады. Сондай-ақ Орал Жоғары гуманитарлық – экономикалық колледжі студенттері және Жәңгір хан атындағы БҚАТУ студенттері қатысты. Кеш соңында Жәңгір хан атындағы БҚАТУ студенттері Бек Құлтаев «Замандастарыма», Шамшырақ Есенғалиева «Анама хат» атты өлеңін оқып, Алғыс хатпен мараппаталды.
Пікір үстеу