1988 жылы Орал мәдени-ағарту училищесін «Кітапхана ісі», 2002 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Кітапханатану және библиография» мамандығы бойынша бітірген.
1988 жылдан Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының 5-9 сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде қызмет етіп келеді. Оның жұмысы жасөспірімдерді жүйелі кітап оқуға тартуға, өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеуге бағытталған. Тәжірибесі барысында жаңа жұмыс нысанын енгізіп отырады, мысалы: PR-акция, библио–кэшинг, кітапханалық журфикс. Алтнай Саинқызы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бөлім жұмысына «Ұлы даланың аңыздары» жобасын жасақтап, енгізді.
Карантин кезеңінде өскелең ұрпақ арасында кітапхананы, кітап пен кітап оқуды насихаттау бойынша үркен жұмыс атқарып келеді. Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай онлайн форматта «ПРОЧтение» облыстық бейнеролик байқауын, Жеңістің 75 жылдығына орай «Читаем детям о войне» онлайн-акциясын, Ресей жазушылар одағының мүшесі, балалар авторы Е.Масленниковамен «Автор в гостях у читателя» бейне-танысу, «Иллюстраторы легенд» онлайн–вернисажын, «Читаем всей семьей» челленджін, «Я расскажу о Родине своей» қалалық эссе-байқау ұйымдастырды. Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде халықаралық онлайн-кездесулер ұйымдастырды және өткізді.
Алтнай Саинқызы «Читаем детям о войне» акциясының тұрақты қатысушысы. IV аумақаралық «Читаем Анатолия Митяева» акциясына, «Возьмиподкрыло» аумақаралық еріктілер акциясына, ХVIII «Через библиотеки к будущему» Халықаралық конференциясына, «Патриотическое воспитание детей и подростков в детской библиотеке» аумақаралық онлайн-конференциясына, «ВООКВолна» III Халықаралық жастардың виртуальды креативті сессиясына қатысты.
.
Өз жұмысын республикалық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап отырады.
2011 жылдан бастапқы кәсіподақ ұйымының төрайымы.
Кәсіби шеберлігі мен шығармашылық қабілеті үшін «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен (2016), Анапа қаласында «Через библиотеки к будущему» халықаралық конференциясына қатысқаны үшін сертификатпен (2018), салалық кәсіподақ ұйымынан «Еңбек даңқы» төсбелгісімен (2019), салалық кәсіподақ ұйымынан құрмет грамотасымен (2019), «Патриотическое воспитание детей и подростков в детской библиотеке» аумақаралық онлайн-конференциясына қатысқаны үшін сертификатпен (2019), «Читаем Анатолия Митяева» халықаралық акциясына қатысқаны үшін дипломмен (2019), «Продвижение чтения в детской библиотеке» аумақаралық онлайн форумына қатысқаны үшін сертификатпен (2020), «Читаем детям о войне» халықаралық акциясына қатысқаны үшін дипломмен (2018,2019,2020) марапатталды.