Search for:
  • Басты
  • Кітапхана туралы
    • Әкімшілік
    • Кітапхана сандарда
    • Кітапхана тарихы
    • Біз туралы
    • Кітапхана бөлімдері
    • Пайдалану ережесі
    • Бюджет
  • Ресурстар
    • Электрондық ақпараттық ресурстар
    • Интернет-ресурстар
    • Мерзімді басылымдардың жиынтық картотекасы
    • Дәстүрлі каталогтар мен картотекалар
  • Электронды каталог
  • Баспа қызметі
    • Мультимедиялық құралдар
    • Біздің басылымдар
  • Өлкетану
    • Ақжайық онлайн
      • Ақ Жайықтың көрнекті азаматтары
      • Ақ Жайықтың тарихи тұлғалары
      • Әдеби Ақ Жайық
      • Ақ Жайықтың тарихи оқиғалары
      • Орал қаласының тарихи ғимараттары
      • Ақжайықтың экологиясы
      • Ақжайық өнері
      • Кітапхана басылымдары
    • Ақжайық өңірінің батырлары
    • Орал өңірінің әдеби картасы
    • Орал өңірінің әдеби портреттері
      • Жоба туралы
      • Хамза Есенжанов
      • Сагынгали Сеитов
      • Таир Жароков
    • «Батыс Қазақстан облысының киелі жерлер тарихы»
    • Атаулы күндер күнтізбесі
      • 2023
      • 2022
      • 2021
      • 2020
      • 2019
  • Виртуалды анықтама
  • phone +7 (7112) 50-35-09
  • email info@zkolib.kz
  • Жұмыс кестесі: Сс-Жс 9:00 дaн 19:00 дейін
    • Қаз
    • Рус
  • Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы
    Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы
    • Басты
    • Кітапхана туралы
      • Әкімшілік
      • Кітапхана сандарда
      • Кітапхана тарихы
      • Біз туралы
      • Кітапхана бөлімдері
      • Пайдалану ережесі
      • Бюджет
    • Ресурстар
      • Электрондық ақпараттық ресурстар
      • Интернет-ресурстар
      • Мерзімді басылымдардың жиынтық картотекасы
      • Дәстүрлі каталогтар мен картотекалар
    • Электронды каталог
    • Баспа қызметі
      • Мультимедиялық құралдар
      • Біздің басылымдар
    • Өлкетану
      • Ақжайық онлайн
        • Ақ Жайықтың көрнекті азаматтары
        • Ақ Жайықтың тарихи тұлғалары
        • Әдеби Ақ Жайық
        • Ақ Жайықтың тарихи оқиғалары
        • Орал қаласының тарихи ғимараттары
        • Ақжайықтың экологиясы
        • Ақжайық өнері
        • Кітапхана басылымдары
      • Ақжайық өңірінің батырлары
      • Орал өңірінің әдеби картасы
      • Орал өңірінің әдеби портреттері
        • Жоба туралы
        • Хамза Есенжанов
        • Сагынгали Сеитов
        • Таир Жароков
      • «Батыс Қазақстан облысының киелі жерлер тарихы»
      • Атаулы күндер күнтізбесі
        • 2023
        • 2022
        • 2021
        • 2020
        • 2019
    • Виртуалды анықтама

    Алаштың дара Жұбаны

    Алаштың дара Жұбаны

    access_time31.01.2020
    perm_identity Posted by zkolib
    folder_open Жаңалықтар

    Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 31 қаңтар күні  сағат 10.00 –де Қазақстанның Халық жазушысы, КСРО және Қазақстан Мемлекеттік  сыйлықтарының лауреаты, қазақтың  ақиық ақыны Ж.Молдағалиевтің 100 жылдығы қарсаңында «Алаштың дара Жұбаны» атты облыс кітапханаларында өтетін шаралардың салтанатты ашылуы On-line  байланыс арқылы өтті.

    2020 жылы ақиық ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, мемлекеттік сыйлықтың иегері Жұбан Молдағалиевтің дүниеге келгеніне 100 жыл толады. Елінің қорғаны болып, тұтастай қазақ ұлтының алдаспанындай жарқыраған Жұбан ақынның 100 жылдығы қарсаңында Ж.Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығын насихаттауға арналған On-line режімінде өткен шараға Алматы қаласындағы Ұлттық кітапхана, Атырау облыстық және Ақжайық аудандық кітапханалары қосылып, қаламгерлер, оқырмандар қатысты. Облыстық мәслихаттың хатшысы Мәлік Құлшар жыр-Жұбанның жүз жылдығын атап өтуге арналған ауқымды жоспарды таныстырды.

    Ж.Молдағалиев атындағы  облыстық әмбебап ғылыми кітапхана алаңында БҚО мәслихатының хатшысы М.Құлшар,  БҚО мәдениет басқармасының мәдениет ұйымдарының жұмысын үйлестіру және талдау бөлімінің басшысы Г.Қауланова, тарихшы, өлкетанушы Ж.Ақбай,  ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі А.Нәріков, еңбек  ардагері Ғ.Хаймулдин, ардагер ұстаз, жұбантанушы, Ү.Елубайқызы зейнеткер, ақынның жиені С.Мусиева, Ақжайық ауданының құрметті азаматтары Ә.Кереев, М.Жұматова, жоғарғы оқу орындарының оқытушылары, кітапхана оқырмандары т.б.  байланысқа шықты.

    Сонымен қатар Алматы қаласындағы Ұлттық кітапхана студиясынан сөз алған ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Жүнісбеков Болат Жүнісбекұлы шараны ашып, ақынның жары София Мәлікқызының ыстық аналық ризашылық сезімін жеткізді.
    «Ұстазым деп құрмет тұтатын жанның бірі – Жұбан ақын» – деп қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Рәш Мыңбай Ахметкәрімұлы жыр Жұбанымен алғаш танысқан сәттері мен бойындағы дара қасиеттеріне тоқталса, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, ақын Ақұштап Бақтыгереева Ақжайық еліне өзінің ыстық ықыласын білдіріп, «Ар алдында да, поэзия алдында да арын таза ұстаған ақын – ол Жұбан Молдағалиев» – деп ой бөлісті.
    Сонымен қатар, онлайн-конференцияда ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын Темірхан Медетбек, белгілі ақын, драматург Исраил Сапарбай, жазушы,ғалым Ақыш Нұрдәулет Бәбиханұлы, ақын Мұратхан Шоқан сөз алып, Ақжайық өңіріндегі ақын  жерлестерін  мерейтоймен  құттықтады.

    Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасынан салтанатты шараға әріптестеріміз және Қазақстанның және Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор, өнертанушы, жазушы, суретші, “Отан” орденінің иегері Илья Жақанов қатысып, қазақтың мақтан тұтар бірегей ақыны Жұбан Молдағалиев туралы ыстық ықыласқа толы әдемі естелік өрбіте отырып, «Еділ Жайық» әнінің дүниеге келу тарихынан сыр шертті.

    Онлайн байланыстың төртінші алаңы  – ақынның туған топырағы   Ақжайық ауданындық кітапханасында орналасты. Ақжайық аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіндегі алаңға Ақжайық ауданының  әкімі   Қ.Ш.Айтмұхамбетов, әкімнің орынбасары  Габдушев Т.А., Ішкі саясат бөлімінің басшысы Хайруллин А.С., мәдениет, тілдерді дамыту бөлімінің басшысы  Ермұханов А.О., аудандық ардагерлер кеңесінің  төрағасы Қажығалиев Ж.Қ., Ақжайық ауданының құрметті азаматы Жақсыбаев Д.А. еңбек ардагері, тарихшы жидашы  Қоспаев Б.Д., еңбек ардагері аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы, Қоспаев Б.К., еңбек ардагері, Жұбан ақынның жиені Құбашев У.Қ., т.б.   кітапхана қызметкерлері, оқырмандар қатысты. Шара аясында Ж.Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығына арналған, жыл бойы кітапханада тұрақты жұмыс істейтін «Ұлтымның үні, жұртымның жүрегі» кітап көрмесі ашылды.  Сонымен бірге Ақжайық аудандық кітапханасы ақынның алты Алашқа танымал «Мен қазақпын» поэмасынан өзге де поэмаларын жұртшылыққа таныту мақсатында оқу марафонын жариялады. Шара соңында «Еділ мен Жайық» әнін «Ерен еңбегі үшін медалінің иегері», Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әншісі А.Қайырханов орындады.

        

         

          

    Newer «Абадан»
    Older Кітапхана қорымыз толықты

    Пікір үстеу Жауапты болдырмау

    Search for:
    Соңғы жазбалар
    • «Өнертапқыш ғалым, ұлағатты ұстаз»
    • «Ерлік пен махаббат жыршысы»
    • “ҚОШ” қызықты оқуға шақырамыз
    • «Тәуелсіздік – тірегім» кітап көрмесінің тұсаукесері
    • «Тұғыры биік Тәуелсіздік»

    просмотров: 757

    • location_on
      ЗКО, г. Уральск, ул. Карева, д. 47
    • phone_android
      8 (7112) 50-76-90
    • phone_android
      8 (7112) 50-75-45
    • phone_android
      8 (7112) 50-35-09
    • email
      info@zkolib.kz
    © 2022 Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапхана. Барлық құқықттары қорғалған.
    keyboard_arrow_up