Ақын Айсұлу Қадырбаевамен кездесу.
Ақын Айсұлу Қадырбаевамен кездесу.

3 қараша күні кітапханада «Ұлт ұлағаты» жобасы аясында ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, қоғам қайраткері Айсұлу Қадырбаевамен кездесу өтті.
Шара Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония әншісі, халықаралық байқаулардың жүлдегері Тарас Жауынбаевтың орындауында «Анашым» әнімен ашылды. Кездесуде сөз алған ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Орал қаласының құрметті азаматы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Айтқали Нәріков Айсұлу Қадырбаеваның шығармашылығына, қызметтес болған кездегі қырларына тоқталды.
Шара барысында Айсұлу Қадырбаева туралы бейнеролик көрсетіліп, «Жалынды сөздің иесі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, Айсұлу апайдың сөзіне жазылған «Барып қайт, балам, ауылға» әнін әнші, термеші, ҚР Мәдениет қайраткері, «Ерен еңбегі үшін» медальдарының иегері Сағадат Рахметжанов орындады. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің студенттері Ажмуратова Зергүл мен Ермек Аида ақынның өлеңдерін оқыса, қаламызда 1987 жылы қазақ тілінде «Шолпан» бөбекжайының ашылуына тікелей ықпал еткен Айсұлу ханымға бөбекжайдың тәрбиеленушілері келіп өнерлерін көрсетті.
Сырлы сұхбатқа толы болған әсерлі кеште жастар ақын өмірі мен шығармашылығымен, адами болмысы мен рухани әлемімен жақын танысып, жас оқырмандар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
Шара соңында кітапхана директоры Шолпан Уразаева Айсұлу апамызға алғысын білдіріп, естелік сыйлық тарту етті.
Пікір үстеу