Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы жыл сайын Батыс Қазақстан облысы бойынша аталып өтетін және еске алынатын даталар күнтізбегін шығарып, оқырмандарға ұсынып келеді.
Әдебиеттерді насихаттауда және өлкеміздегі көрнекті оқиғаларды хабарлауда көрсеткіштің алатын орны ерекше. Көрсеткіште негізінен Батыс Қазақстан өңірінен шыққан, осы өңірде еңбек етіп, өмір сүрген атақты адамдардың мерейтойлары енгізілген. Сондай-ақ түрлі мекемелер мен кәсіпорындардың, қала, аудан, ауылдарға байланысты айтулы даталар берілген.

Биылғы көрсеткіш екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде Батыс Қазақстан облысы бойынша 2007 жылы аталып өтілетін және еске алынатын даталар тізімі, ал екінші бөлімде облысымыздың тарихы мен мәдениетіндегі, экономикасы мен әлеуметтік өміріндегі көрнекі даталарға, қайраткерлердің мерейтойлық даталарының кейбіреулеріне қысқаша мәлімет жазылып, әдебиеттер тізімі берілген. Қысқаша мәлімет берілген даталар алғашқы бөлімде ерекше белгімен (*) көрсетілген.
Көрсеткіш кітапханашылар мен мәдениет қызметкерлеріне және жалпы оқырмандарға арналады.