1. Жалпы ережелер

Жобаның атауы: «Батыс Қазақстанның  киелі жерлер тарихы»

       1.1.Жобаның негіздемесі:

2017 жылы Ж. Молдағалиев атындағы ОӘҒК-сы жанынан құрылған  «Асыл мұра» өлкетану бірлестігі Елбасы ұсынған «Туған жер» бағдарламасы аясында «БҚО қасиетті жерлері мен киелі орындары туралы мәліметтер жинақтап, электронды мәліметтер базасын құруды жоспарлады.

1.2.Жобаның мақсаты:

  • Елбасы   Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

мақаласында көрініс тапқан Қазақстанның киелі орындарын анықтау тапсырмасын қолдау бағытында;

  • Батыс Қазақтан облысының киелі жерлері туралы  болашақ зерттеулер мен ізденістерге  жол ашу;

  • Өлкеміздің тарихи- мәдени ескерткіштерін жаңғырту, сақтау,  дамыту, оқырмандарға толық әрі тез мағлұмат беру және  насихаттау.

  • Киелі жерлерді оқырмандарға таныстыра отырып, рухани құндылықтарын жаңғырту;

  • Қасиетті орындар тізіміне енбей қалған, еш жерде жарияланбаған      киелі орындарды анықтап, жалпыұлттық деңгейдегі нысандар тізіміне енгізуге атсалысу;

  1. Жоба шарттары:

2.1. «Батыс Қазақстанның  киелі жерлер тарихы» электронды мәліметтербазасын құрудағы жобаның  ережесін ұсыну;

2.2.  «Батыс Қазақстанның  киелі жерлер тарихы» электронды мәліметтер базасын құрудағы ереже жергілікті ғалымдар,

өлкетанушылар, облыстық тарихи-өлкетану музейінің, «БҚО тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі орталықтың қатысуымен сараптау;

2.3.  Қалалық және аудандық  ОКЖ-рі арқылы жергілікті тұрғындардан киелі жерлер туралы мәліметтердің электронды нұсқасын жинақтау; (қасиетті орындар тізіміне енбей қалған, еш жерде жарияланбаған)

2.4.   Батыс Қазақстан облысы бойынша қасиетті нысандарды жіктеу

Батыс Қазақстан облысы бойынша  қасиетті нысандардың жіктелуі:

  • Елді мекен туралы аңыз әңгімелер. Аудандар тарихы (XIX ғасыр мен XX ғасыр I жартысындағы елді-мекен фотолары);

  • XIX ғасырдағы құлпытастары бар қорымдар;

  • Діни және ғұрыптық орындар. XIX ғасырдағы мешіт пен медресе,

ел-жұрт әулие тұтып қадірлейтін орындар;

  • Тарихи тұлғаларға қатысты қасиетті орындар. Облыс тарихында елеулі орын алатын, бүкіл өмірін елдің бостандығы мен егемендігіне арнап, елдік маңызды мәселелерді шешкен хандар, билер, батырлар, ұлт-азаттық қозғалысының жетекшілері, қолбасшылар, ғылым мен білімге, мәдениетке үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақындар, ғалымдар, ағартушылар  туралы мәні зор жерлер алынады.

  • Саяси, тарихи оқиғаларға байланысты қасиетті орындар. Облыс

тарихында ерекше орны бар  тарихи оқиғаларға қатысты жерлер

  • Қазақ мәдениетіне қатысты өлкемізге келген атақты тұлғалар.

Олар тоқтаған үйлер

  • Архитектуралық ескерткіштер (бюст, ескерткіш тақта)

  • Ерекше бағаланатын табиғи мұра ескерткіштері. Ел аузында киелі аталып кеткен табиғат құбылыстарының нәтижесінде пайда болған орындар.

III. Жобаны жүзеге асыру үшін қойылатын талаптар:

  • Қасиетті нысандар туралы мәлімет барынша толық және орналасқан

жері, уақыты, зерттелуі жөнінде мәлімет, сипаттамасы

мүмкіндігінше жинақталып, көрсетілуі тиіс!

  • Фотосуреттер, бейнебаяндар, көркемсуреттермен толықтыру;

  • Мәліметтің қайдан алынғандығы және авторлары туралы ақпарат беру; (автордың аты-жөні, туған жылы, руы,телефоны)

  • Шрифт (12-14, Times New Roman) Фото.Jpcd, pdf.

  • kraeved309@mail.ru поштасына жіберу. Телефон: 87472928086, кітапхана телефоны: 507549, 515153

IV.Қорытынды:

  • zkolib.kz сайтына орналастыру;

  • таныстырылымын жасау;

  • Электронды мәліметтер базасын мәліметтермен толықтырып отыру;