«Білімді ұрпақ-ел тірегі»
«Білімді ұрпақ-ел тірегі»

Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Мамандықтар әлемі сыр шертеді» жобасы аясында «Білімді ұрпақ-ел тірегі» атты тағылымды кеш өткізілді. Шараның мақсаты-майталман мамандарды құрметтеу, жастарға бағыт-бағдар беру, мамандық бойынша еңбек ету, оң шешім қабылдау және еңбекке деген құштарлық сезімдерін ояту, үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу. Аталмыш шараға жаттықтырушы, әдіскер Б.Б.Бекмұратов, жалпы тәжірибелік майталман дәрігер Б.С.Кабиева, «Nur-Er» ат спорты туристік орталығының жетекші маманы Б.Қ.Абулхаиров, көптеген республикалық-халықаралық байқаулардың жетекшісі, әр-түрлі бағытта шеберлік сағаттарын өткізуші, флорист, дизайнер, педагог Ф.К.Каумбаева, психолог маман Ж.С.Сарсенова және Батыс Қазақстан академиялық колледжі «АТиСО», Жоғары аграрлық-техникалық колледжі, Орал жоғары гуманитарлық-экономикалық колледжінде білім алып жатырған студенттер жетекшілерімен қатысты. Шара қатысушылары өз кәсіптері мен мамандықтарының қыр-сырлары туралы ойларымен бөлісіп, өмір жолындағы тағылымды әңгімелерін ортаға салды. «Қазақстанның болашағы-білімді ұрпағында» тақырыбында кітап көрмесі оқырман назарына ұсынылды. Шара соңында облыстық кітапхана директорының орынбасары Ұ.К.Жиеналиева меймандарға Алғыс хаттар табыс етті.
Пікір үстеу