ЕСКЕРТКІШТЕР

Х.Есенжанов бюсті (БҚО, Теректі ауданы Сарыөмір ауылы) Мүсін Сарыомыр ауылындағы Х.Есенжанов атындағы орта мектептің тарихи-өлкетану мұражайына орнатылды. Ашылу уақыты: 1978 жылғы 8 желтоқсан

Хамза Есенжанов атындағы тарихи-өлкетану мұражайында Хамза атамыздың мүсіні қойылған. (БҚО Теректі ауданы Сарыөмір ауылы)

Х. Есенжановтың естелік мүсіні (БҚО Теректі ауданы Сарыөмір ауылы)

Х.Есенжановқа мемориалдық тақта (Алматы қаласы)

2018 жылы Орал қаласының іргесіндегі Подстепный ауылындағы саябақта көрнекті қаламгер, Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Хамза Есенжановтың туғанына 110 жыл толуына орай қаламгердің ескерткіш-мүсіні ашылды.

2018 жылы «Ақ Жайық» трилогиясының авторы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Еңбек Қызыл Ту» және «Құрмет белгісі» ордендерінің иегері Хамза Ықсанұлы Есенжановтың 110 жылдық мерейлі толуына орай Орал қаласындағы «Жеңіс» саябағында жазушыға бюст орнатылды.
