Ойшыл ақын, қоғам қайраткері Ғұмар Қараштың туғанына 130 жыл толып отыр. Осы мерейтойға байланысты Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының өлкетану бөлімі ақын мерейтойы қарсаңында оның шығармашылығы мен өміріне байланысты жарық көрген баспа басылымдарын жинақтап, библиографиялық көрсеткіш ұсынып отыр.

Көрсеткішті құрастыру барысында Ж. Молдағалиев атындағы облыстық кітапхананың кітап қоры мен каталогтары, өлкетану картотекасы пайдаланылды. Сонымен қатар Ғ. Қараш шығармашылығын зерттеуші ғалым М. Тәж-Мұраттың еңбектері, жергілікті өлкетанушы И. Кенжалиевтің еңбектері қолданылды.

Көрсеткіштің қазақ тіліндегі бөлімі 3 бөлімнен тұрады. Алдымен ақынның өмірі мен шығармашылығы, Ғұмар Қараш туралы жарық көрген кітаптары, Ғұмар Қараштың мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалары, сонымен қатар көрсеткіштің соңында ақынның шығармалар аттарының алфавиттік көрсеткіші және есімдер көрсеткіші берілген.
Көрсеткіш ғылыми қызметкерлерге, әдебиет мамандарына, кітапханашыларға, сондай-ақ ақын шығармашылығымен танысқысы келетін барлық оқырмандарға арналады.