Хиуаз Доспанованың өмір жолы, майдандағы ерлігі туралы ана тілінде жазылған зерттеу еңбектер болмағанымен, ұшқыш қыздың соғыс жылдарындағы ерлікке толы өмірбаяны 1946 жылдан бастап «Орал өңірі», «Приуралье» сияқты жергілікті мерзімді баспасөз беттерінде жиі жарияланып отырған. Сонымен бірге ардагер ананың «Халқым үшін» (Алматы, 1963), «Под командованием Расковой» (Алматы, 1965) атты естелік кітаптарына қоса Кеңес Одағының Батыры атағын алған эскадрилия командирі Марина Чечнева «Менің қарулас достарым» атты кітабында Хиуаз Доспановаға 15 бет арнапты. Сондай-ақ Кеңес Одағының батыры Раиса Аронованың «Ночные ведьмы» кітабында Хиуаздың жауынгерлік бейнесі суреттелген. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Хиуаз Доспановаға «Халық қаһарманы» жоғары мәртебелі атағын бере отырып, кейінгі ұрпақ жүрегінде халқымыздың рух қуатын мәңгіге сақтап қалуға және жастарды тәуелсіз еліміздің патриоты етіп тәрбиелеуге қадам жасау керектігін атап көрсетті.
«Халық қаһарманы» – Хиуаз Доспанова Атырау облысының Теңіз ауданында 1922 жылы 15 мамырда дүниеге келген. 1940 жылы Орал қаласындағы №1 орта мектепті «Алтын» медальмен бітірген ол, аттестатқа қоса жергілікті аэроклубтың запастағы ұшқышы куәлін алды. Мәскеудің медициналық институтының 2-ші курсынан өз еркімен майданға аттанды. Жасынан ұшқыш болуды армандаған қазақ қызы Хиуаз Доспанова Мәскеуден Қиыр Шығысқа қонбай ұшқан Марина Расковаға еліктеп, ұшқыш болуға біржола бел байлайды. Атақты М. Раскованың ұсынысымен Саратов әскери-әуе училищесіне оқуға түсіп, әскери штурман мамандығы бойынша бітірген. 1942 жылдың көктемінде авиациялық түнгі шабуылшы әйелдер полкінің құрамында майданға аттанады. Аталмыш полктың қыздары Солтүстік Кавказ, Қырым, Украина, Польша, Германия аспандарында жаумен шайқасты. Ержүрек ұшқыш қыз 300 мәрте әуе соғыстарына қатысып, жаудың көптеген техникасы мен адам күштерін жойды.
Майдандас достарының арасында «Мересьев» атанған Хиуаз өз полкімен бірге Қырымды, Беларуссияны, Варшаваны азат етіп, Берлинге дейін барып майдандағы ерлігі үшін, ІІ дәрежелі Отан соғысы ордені мен Қызыл Жұлдыз ордені және «Кавказды азат еткені үшін» медалімен наградталған еді. Гвардия аға лейтенанты әскери атағы берілді.
Қазақ қыздарының арасынан шыққан тұңғыш ұшқыш Хиуаз Доспанованың соғыстан соңғы өмір жолы да еліміздің тарихи дамуымен тығыз байланысты болды. Майданнан оралған соң 1945-1946 жылдары Хиуаз Батыс Қазақстан облыстық партия комитетінің нұсқаушысы болып еңбек етеді.
Хиуаз Доспанова 1948 жылы Қазақстан Орталық Комитетінің жанындағы партия мектебін бітіреді. Қазақстан Комсомолының ІV сьезі Хиуаз Доспанованы Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитенің хатшылығына сайлайды. Содан кейін Қазақстан Жоғары Кеңесі Президиумының хатшысы, Алматы қалалық партия комитетінің ІІ хатшысы, қызметтерін атқарады.
Соғыс салған зардаптарының әсерінен Хиуаз Доспанова 37 жасында 1959 жылы зейнет демалысына шығуға мәжбүр болады. Майдангер ананың «Халқым үшін», «Под командованием Расковой» атты кітаптары жарық көреді. 2008 жылдың 20 мамырында қайтыс болды.
Әдебиеттер тiзiмi
1961 жыл
1.Маричева В. Қанатты қыз // Аяулы жандар.-Алматы: Қазмембас, 1961.-377-381 б.
1963 жыл
2.Доспанова Х. Халқым үшін: әскери ұшқыштың естелігі.-Алматы: Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1963.-94 б.
1965 жыл
3.Доспанова Х. Түн қырандары: [Отан соғысындағы ұшқыш қыздар туралы]// Лениншіл жас.-1965.-25 сәуір.
1966 жыл
4.Қунақова Р. Қанатты қыз: [Жерлесіміз Х. Доспанова жайында] // Білім және еңбек.-1966.-№5.-13 б.
1968 жыл
5.Сәмбетова С. Қыдыров Х. Шәйі орамалды солдат пилоткасына ауыстырып..: [Ұлы Отан соғысына қатысқан аяулы аналар Х. Доспанова мен С. Сарқұлова туралы] // Лениншіл жас.-1968.-8 наурыз.
1970 жыл
6.Сейітов С. Қанатты қыз: [Хиуаз Доспанова туралы] // Сөз сұрайды солдаттар.-Алматы, 1970.-22-29 б.
1975 жыл
7.Арулар отты жылдарда / Құраст. Ф. Оңғарсынова.-Алматы, 1975.
1985 жыл
8.Қанатты қыз: [Ұшқыш Хиуаз Доспанова туралы] // Қазақстан әйелдері.-1985.-№5.-27 б.
1995 жыл
9.Сапарқызы Г. Қаһарман қыз – Хиваз соғыс жылдарында жаумен аспанда шайқасты: [Хиуаз Доспанова туралы] // Егемен Қазақстан.-1995.-13 мамыр.
1997 жыл
10.Ахметов Қ. Қазақтың батыр қызы – Хиуаз // Қазақстан әйелдері.-1997.-№8.-10-11 б.
1999 жыл
11.Игсатов З. Тұңғыш ұшқыш қыз – Хиуаз Доспанова // Қазақ батырлары.-1999.-№2.-12 б.
12.Құсайын Т. Қазақтың тұңғыш ұшқыш қызы Хиуаз Доспанованың ерлігі ескерусіз қала бере ме? // Егемен Қазақстан.-1999.-18 қыркүйек.
13.Ұбанұлы Х. Қазақтың тұңғыш қызына қашан құрмет көрсетеміз? // Орал өңірі.-1999.-4 тамыз
2000 жыл
14.Мырзағалиева М. Қазақтың тұңғыш ұшқыш қызы // Орал өңірі.-2000.-20 мамыр.
15.Сақажанова М. Қазақтың тұңғыш сайыпқыран қызы: Тұңғыш ұшқыш қыздардың бірі – Хиуаз Доспанова – біздің жерлесіміз // Отан сақшысы.-2000.-29 қаңтар.
2001 жыл
16.Әбілдаева Ш. Қазақтың қаһарман қызы // Орал өңірі.-2001.-11 мамыр.
17.Әліпқали Т. Батырды бағалайық тірісінде: [Хиуаз Доспанова туралы] //Егемен Қазақстан.-2001.-22 маусым.
18.Доспанова Хиуаз Қайырқызы: өмірдерек // Қазақстан: Ұлттық энциклопедия.-Алматы, 2001.-278 б.
19.Қазақтың қаһарман қызы Хиуаз ұмыт қалды: [Қазақтың тұңғыш офицер қызы Хиуаз Доспановамен сұхбат] // Ақ босаға.-2001.-мамыр.
20.Мұхадиұлы Ш. Қазақтың ұшқыш қызына «Халық қаһарманы» атағы берілсе..: // Жас алаш.-2001.-5 маусым.
21.Өтемісұлы С. Хиуаз апай: [Хиуаз Доспанова туралы] // Қазақ батырлары.-2001.-желтоқсан.
2002 жыл
22.Бәймен С. «Қанатты қыз» аспанда емес, жерде жүр // Орал өңірі.-2002.-7қараша.
23.Доспанова Хиуаз Қайырлықызы: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы:энциклопедия.-Алматы: Арыс, 2002.-237 б.
2003 жыл
24.Ысқақ Б. Қыран қыз: өлең // Алматы ақшамы.-2003.-1 мамыр.
2004 жыл
25.Ахметов Қ. Хиуаз: [Хиуаз Доспанова туралы] // Егемен Қазақстан.-2004.-20 қазан.
26.Ахметов Қ. Хиуаз: [Хиуаз Доспанова туралы] // Орал өңірі.-2004.-20 қараша.
27.Бідіәлі Т. Ерлігі елеусіз қалмады: [Хиуаз Доспанова туралы] // Қазақ әдебиеті.-2004.-31 желтоқсан.
28.Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы: Доспанова Хиуазға жоғары дәрежелі ерекшелік білгісі – «Халық қаһарманы» атағы берілсін: [Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы] // ҚР Президенті мен ҚР Үкіметінің актілер жинағы.-2004.-№49.-4 б.
29.Нұршайықов Ә. Қайсар қыздың қаһармандығы: [Хиуаз Доспанова] //Егемен Қазақстан.-2004.-10 желтоқсан.
30.Саматұлы Н. Қазақтың батыр сол қызы: [Хиуаз Доспанова туралы] // Ана тілі.-2004.-16 желтоқсан.
31.Сәрсенғалиев Т. Қанатты қыз «қаһарман» атанса: [Хиуаз Доспанова] //Орал өңірі.-2004.-25 қазан.
32.Сәрсенғалиев Т. Хиуаз апамыз «Халық қаһарманы» болса… // Жайық арулары.-2004.-9 қыркүйек.
33.Төлепберген М., Қадыр Мырза Әлі: «Қаһарман болуға қай-қай жағынан да лайық, бірақ омырауына тағып жүретін жұлдызы ғана жетпей тұрған бір ерекше адам бар»: [Хиуаз Доспанова] // Егемен Қазақстан.-2004.-6 қараша.
34.Төлепберген М. Хиуаз Доспанова: [«Халқым сыйлайтын, ұрпағымды ұялтпайтын өмір жолынан өтіп келемін деп ойлаймын»] // Егемен Қазақстан.-2004.-15 желтоқсан.
35.Хиуаз Доспанова – Халық қаһарманы! // Жайық арулары.-2004.-16 желтоқсан.
36.Хиуаз Доспанова Халық қаһарманы атанды // Орал өңірі.-2004.-16 желтоқсан.
37.Хиуаздың қаһармандығы мойындалды // Жайық ардагері.-2004.-23 желтоқсан.
2005 жыл
38.Бейбарыс сұлтан сыйлығының иегерлері анықталды: [Хиуаз Доспанова «Халық қаһарманы», «Қызыл жұлдыз» т.б. ордендердің иегері Бейбарыс сұлтан сыйлығына ие болды] // Ана тілі.-2005.-21 көкек.
39.Боранбаева Б. Қаһарман қыз – Хиуаз Доспанова // Жайық ұстазы.-2005.-26 мамыр.
40.Боранбаева Б.С. Қаһарман қыз Хиуаз Доспанова // Әлемдік тарих шеңберіндегі соғыс және бейбітшілік мәселелері.-Орал, 2005.-105-112 б.
41.Естен Ш. Қазақтың қыран қызы: [Хиуаз Доспанова туралы] // Дала мен қала.-2005.-14 қаңтар.
42.Кеңес Одағының Батыры Доспанова Хиуаз: өмірдерек // Ақжайық ақберендері.-Алматы: Өлке, 2005.-17 б.
43.Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Жарлығымен «Халық қаһарманы» Алтын Жұлдызымен марапатталған майдангерлер:[Доспанова Хиуаз] // Жеңіс: Фотоальбом.-Алматы, 2005.-74-75 б.
44.Қазақтың батыр қыздары: [Хиуаз Доспанова – Халық қаһарманы] // Қазақ елі.-2005.-4 мамыр.
45.Қазақтың қанатты қызы Хиуаз Доспанова: жаднама / БҚО тарихи-өлкетану музейі.-Орал, 2005.
46.Қазақтың ұшқыш қызы – Хиуаз Доспанова // Ардагер ағалар.-Орал, 2005.-37-46б.
47.Қасірет бұлтын серпілткен ару: [Хиуаз Доспанова туралы] // Дала мен қала.-2005.-13 мамыр.
48.Құсайынұлы С. Адасқан атақ: [Халық қаһарманы Хиуаз Доспанова туралы] // Парасат.-2005.-№5.-2-5 б.
49.Майдандағы қазақ қыздары // Ана тілі.-2005.-3 наурыз.
50.Нұршайықов Ә. Қайсар қыздың қаһармандығы: [Хиуаз Доспанова туралы] // Жайық арулары.-2005.-27 қаңтар.
51.Сейітов С. Оқыс оқиға: [Майдангер ұшқыш Хиуаз Доспанованың ауызынан] // Майдангер сөзімен.-Алматы, 2005.-25-26 б.
52.Төлебаев Б. Халық Қаһарманы Хиуазға: өлең // Орал өңірі.-2005.-15 қаңтар.
53.Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанова: [«Мені қанатты қыз» атандырған Жұбан мен Сағынғали ақындар»] // Жайық ұстазы.-2005.-13 қаңтар.
54.Хиуаз Доспанова қазақтың тұңғыш ұшқыш қызы // Алғашқы әскери дайындық.-2005.-№1.-51-55 б.
55.Уалиев А. Ерлік елге өнеге: [Ұшқыш Х. Доспанова туралы] // Шұғыла.-2005.-9 мамыр.-4 б.
2006 жыл
56.Әріпұлы Д. Баукең мен Хиуаз: [Хиуаз Доспанова] // Егемен Қазақстан.-2006.-13 қаңтар.-6 б.
57.Батыр апамызға арналған фильм: [Жерлесіміз ұшқыш Хиуаз Доспановаға арналған фильм түсірілу үстінде] // Орал өңірі.-2006.-15 сәуір.-1 б.
58.Жұматаева Ш. Ерлікке тағзым еткен туынды: [Халық қаһарманы, жерлесіміз Хиуаз Доспановаға арналған фильм] // Орал өңірі.-2006.-28 қазан.-1 б.
59.Кенжебаева Г. Оны ұмытуға болмайды: [Мұрат Жәкібаевтың «Жеңіс тарихы» атты деректі фильмі] // Жайық үні.-2006.-2 қараша.-3 б.
60.Смағұлова Т. Қаһарман анамен кездесу: [Халық қаһарманы, ұшқыш Хиуаз Доспановамен сұхбат] // Мектептегі мерекелер.-2006.-№3.-29-32 б.
2007 жыл
61.Зәкәрияқызы Т. Құрметке лайықты жандар // Жайық үні.-2007.-3 мамыр.-4 б.
2008 жыл
62.Әлімгереев Ө. Мінезді майдангер: [«Халық қаһарманы» Хиуаз Доспанованың көпке беймәлім мінезі хақында] // Жас қазақ.-2008.-5қыркүйек.-6 б.
63.Ершу М. Хиуаз: [Халық қаһарманы Хиуаз Доспановаға арналады] // Ана тілі.-2008.-8 мамыр.-11 б.
64.Қалимова Т. Қаһарман қызды қастерлеу парыз // Айқын.-2008.-26 шілде.-5б.
65.Қаратайқызы М. Қаһарман Хиуаз бақиға озды // Айқын.-2008.-23 мамыр.-5б.
66.Латиева С. Ерліктің адами бейнесі: [Қазақтың батыр қызы – Хиуаз 86-ға келді] // Ана тілі.-2008.-22 мамыр.-10 б.
67.Модынова И. Күн сыйлаған батыр апа жастарға үлгі // Дала мен қала.-2008.-6 маусым.-16 б.
68.Нәріков А. Қанатты қыз // Орал өңірі.-2008.-8 наурыз.-6 б.
69.Оралбек Ғ. «Отты жылдар аруы»: [«Халық қаһарманы» Хиуаз Доспанованың өміріне арналған ерлік сабағы] // Сынып жетекшісі.-2008.-№6.-27-30 б.
70.Садырова Т. Алаулап от кешкен ару // Дала мен қала.-2008.-7 наурыз.-14.
71.Сәрсенбайұлы Ә. Кіршіксіз махаббат: [Ұшқыш лейтенант Хиуаз Доспанова] // Әдебиет айдыны.-2008.-26 маусым.-4 б.
72.Смағұлова Т. Көгершіндей көңілі аппақ еді..: [Халық қаһарманы Хиуаз Доспанова өмірден өтті] // Орал өңірі.-2008.-22 мамыр.-2 б.
73.Смағұлова Т. Хиуаздың абысыны // Орал өңірі.-2008.-2 ақпан.-4 б.
74.Тілегенова Т. Маған КазГУ-ге түсерде Хиуаз Доспанова апаның шапағаты тиген еді.. // Атамекен.-2008.-12 қараша.-7 б.
75.Ұшқыш қыздың мүсіні орнатылмақ // Қазақ әдебиеті.-2008.-1 тамыз.-14 б.
76.Халқым үшін қолымнан келгеннің бәрін жасадым: [Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанова] // Айқын.-2008.-7 наурыз.-3 б.
77.Хиуаз Доспанова: қазанама // Ана тілі.-2008.-29 мамыр-4 маусым.-16 б.
2009 жыл
78.Жүсіп Қ. Алпыс жылдан кейін келген атақ: [Қазақтың тұңғыш ұшқыш қызы Хиуаз Доспанова туралы] // Заң газеті.-2009.-8 мамыр.-4 б.
79.Қанатты қыз: [Халық қаһарманы Хиуаз Доспанова туралы] // Әлімгереев Ө. Аналар – асыл жандар: деректі әңгімелер.-Алматы: Арыс, 2009.-6-24 б.
80.Сүндетов Ж. «Болашақ сахна батыры» Хиуаз ананың батасы осындай //Орал өңірі.-2009.-26 ақпан.-13 б.
2010 жыл
81.Айтбаев Қ. Қазақтың батыр қызы Хиуаз Доспанова // Полиция.kz.-2010.-№3.-22-24 б.
82.Баққараев К. Алғашқы кездесу: [Б. Момышұлы мен Х. Доспанова туралы]// Қазақстан-заман.-2010.-4 қараша.-22 б.
83.Бықай Д. «Түн перісі»: [Халық қаһарманы Хиуаз Доспанова жайында] //Дала мен қала.-2010.-10 мамыр.-10 б.
84.Доспанова Хиуаз: өмірдерек // Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары.-Алматы: Өнер, 2010.-80 б.
85.Доспанова Хиуаз: [Кеңес Одағының Батыры] // Жеңімпаздар-Победители.-Орал, 2010.-18 б.
86.Жапақов Н. Туған жердің туы биікте желбіресін десек: [Кеңес Одағының Батыры М. Маметова, Х. Доспанова туралы деректер] // Шұғыла.-2010.-15 желтоқсан.-6 б.
87.Иманғалиев Р. Қаһарман қыз Хиуаз // Ана тілі.-2010.-28 қаңтар-3 ақпан.-6-7 б.
88.Көлбаев Т. Қаһарман: [Халық қаһарманы Хиуаз Доспанова] // Дала мен қала.-2010.-8 наурыз.-11 б.
89.Сәдуақасова Ж. Соғыс енді болмасын: [Ұлы Отан Соғысында ерлік көрсеткен Х. Доспановамен М. Маметованың ерліктері туралы] //Шұғыла.-2010.- 6 шілде.-6 б.
90.Сейтмухаммедов К. Қару ұстаған қарлығаштар-ай… // Отан сақшысы.-2010.-6 наурыз.-4 б.
91.Хиуаз халқымен «қауышты»: [қазақтан шыққан тұңғыш ұшқыш қыз, Халық Қаһарманы Хиуаз Доспановаға ескерткіш орнатылды] // Алтын Орда.-2010.-13-19 мамыр.-6 б.
92.Шөпеғұл Ж. Қаһарман рухы қанаттандырады: [Атырауда қазақтың қайсар қызы Хиуаз Доспановаға ескерткіш ашылды] // Егемен Қазақстан.-2010.-12 мамыр.-4 б.
93.Ұлы Жеңіске – 65 жыл: [Қазақтың қанатты қызы – Хиуаз Доспанова] //Айна.-2010.-11 ақпан.-9 б.
94.Хиуаз халқымен «қауышты» // Алтын Орда.-2010.-13-19 мамыр.-6 б.
95.Шөпеғұл Ж. Қаһарман рухы қанаттандырады // Егемен Қазақстан.-2010.-12 мамыр.-4 б.
2011 жыл
96.Сахов Н. Қанатты қыз: [ұшқыш жауынгер Хиуаз Доспанова туралы] // Отан сақшысы.-2011.-5 наурыз.-3 б.
97.Сұлтанғалиев С. Есімі ерлікке шақырғандай // Орал өңірі.-2011.-13 қаңтар.-6 б.
2012 жыл
98.Ахмет А. Қыран тағдырлы ғұмыр: [Қазақ қыздарының бірі – Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанова туралы] // Орал өңірі.-2012.-3 мамыр.-9 б.
99.Әлімгереева Ө. Қазақтың қаһарман қызы Хиуаз // Алтын орда.-2012.-3 мамыр.-23 б.
100.Домбай Н. Хиуаз: әскери ұшқыш, Халық қаһарманы Хиуаз Доспанованың рухына арналған өлеңдер // Ана тілі.-2012.-9-16 мамыр.-10 б.
101.Доспанованың есімін береді: [«Эйр Астана» әуе компаниясы бірінші ұшағына Хиуаз Доспанованың есімін береді] // Айқын.-2012.-8 мамыр.-1 б.
102.Жапақов Н. Қаһарман қыз Жәнібекте туған ба?.: [Еңбек ардагері М.Мусилованың ұшқыш қыз Х. Доспанова туралы естелігі] // Шұғыла.-2012.-8 маусым.-8 б.
103.Қалимова Т. Атырау әуежайына Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанованың есімі берілсе… // Айқын.-2012.-17 ақпан.-6 б.
104.Қаһарман қыз Хиуаз: [әскери ұшқыштың жазбалары, естеліктер, очерктер, мақалалар, сұхбаттар, өлеңдер].-Алматы: Ана тілі, 2012.-296 б.
105.Набиоллаұлы Н. Қазақтың тұңғыш ұшқыш қызы // Орал өңірі.-2012.-8 мамыр.-2 б.
106.Сеитов Д. Әлемді әсемдік құтқарады: [Қазақтың батыр қыздары М.Мәметова мен Х. Доспанова туралы] // Отан сақшысы.-2012.-10 наурыз.
107.Смағұлова Т. Қаһарман ана: [Халық қаһарманы Хиуаз Доспанова] //Жеңімпаздар. Победители.-Орал, 2010.-127-128 б.
108.Төрежан Қ. Ұшаққа Хиуаз Доспанованың аты берілді // Айқын.-2012.-9 мамыр.-4 б.
109.Үсен А. Хиуаз Доспанова: өлең // Қазақстан-заман.-2012.-5 сәуір.-5 б.
2013 жыл
110.Батырханов А. Майдан шебі Жәнібектің үстінен өтті // Орал өңірі.-2013.-6 мамыр.-1,4-5 б.
111.Дауленова М.Ұ. Қаһарман қыздарға тағзым // Мектептегі кітапхана.-2013.-№3.-18-20 б.
2014 жыл
112.Ахметова Ғ. Отан үшін от кешкен – ару қыздар // Мектептегі мерекелер.-2014.-№5.-5-7 б.
113.Батырханов А. Жәнібектен қанаттанған қыран қыз: [Қанатты қыз атанған Х. Доспанова туралы] // Шұғыла.-2014.-4 сәуір.-5 б.
114.Батырханов А. Жәнібектен ұшқан жеңімпаз // Орал өңірі.-2014.-6 мамыр.-10 б.
115.Боранғалиева А. Халқының қаһарман қызы – Хиуаз Доспанова //Қазақстан тарихы.-2014.-№5.-13-18 б.
116.Құсайынов А. Жеңісті жақындатқандар: [Ұлы Отан Соғыс кезіндегі жерлес майдангерлер және ержүрек батырлар Х. Доспанова, М. Маметованың есімдері мәңгілік] // Шұғыла.-2014.-9 мамыр.-5 б.
117.Халық қаһарманы Х. Доспанова туралы тың дерек табылды // Сақшы.-2014.-6 наурыз.-2 б.
2015жыл
118.Бақтығали А. Отты жылдар шежіресі // Самал.-2015.-13 қаңтар.-8 б.
119.Жолды Н. Соғыс салған жара // Самал.-2015.-13 қаңтар.-8 б.