Кітапханада кітапханашылардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында оқыту курстары өтті
Кітапханада кітапханашылардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында оқыту курстары өтті
access_time06.02.2026
perm_identity
Posted by admin
folder_open
Жаңалықтар
3-4 ақпан күндері аралығында кітапханада Теректі ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ақпараттық-библиографиялық бөлімнің библиограф мамандары: Г.М. Калаханова және А.З. Бақтиярова кәсіби біліктіліктерін арттыру мақсатында 2 күндік оқу курсынан өтті.
Оқу курсы барысында кітапхана саласы мен ақпараттық-библиографиялық қызмет бағытында теориялық және тәжірибелік кеңестер беріліп, кітап қоры, жүйеленген каталогтар мен картотекалар, ИРБИС64 бағдарламасымен жұмыс, мақалаларды электрондық каталогқа енгізу, виртуалды анықтамалармен жұмыс істеу бойынша тәжірибе алмасты.
Курс соңында мамандарға практикалық тапсырмалар ұсынылып, ақпараттық-библиографиялық қызметтің тиімділігін арттыру жолдары сұрақ-жауап форматында талқыланды.





Пікір үстеу