Кітапханада «Таза қоғам – әділ өмір» ақпараттық сағаты өтті
Кітапханада «Таза қоғам – әділ өмір» ақпараттық сағаты өтті
access_time31.03.2026
perm_identity
Posted by admin
folder_open
Жаңалықтар
31 наурыз күні кітапханада Ж.Досмұхамбетов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің студенттерінің қатысуымен «Таза қоғам – әділ өмір» атты ақпараттық сағат өтті. Шараға Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Нагибова Айнат Жасқайратқызы қатысып, сыбайлас жемқорлық алдын алу жөнінде маңызды әрі мазмұнды ақпарат берді. Өмірлік жағдайларға байланысты бейнебаян көрсетілді. Студенттер келген қонағымызға сұрақтар қойып, нақты жауаптарын алды. Шара соңында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ел қауіпсіздігінің нышаны» атты кітап көрмесімен таныстырылды.















Пікір үстеу