«Мамандықтар әлемі: біз таңдайтын жолдар»
«Мамандықтар әлемі: біз таңдайтын жолдар»

30 қараша күні Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханада «Мамандықтар әлемі сыр шертеді» жобасы аясында «Мамандықтар әлемі: біз таңдайтын жолдар» атты кездесу кеші ұйымдастырылды. Жобаның мақсаты – 11 сынып оқушыларына қоғамдағы түрлі мамандықтар туралы ақпарат беру, майталман мамандарды таныстыру, мектеп оқушыларына болашақ мамандық таңдауға бағыт-бағдар беріп, көмектесу. Аталмыш шараға БҚО стратегия және экономикалық даму басқармасының бас маманы А.Е. Мырзагалиев, БҚО Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқарамасының бас маманы Д.М. Әсетов, БҚО қаржы басқарамасының, Ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің маманы С.М. Сабитова және қалалық №1, №40 жалпы орта білім беретін мектептерінің 11 сынып оқушылары, сынып жетекшілерімен қатысты. Шара барысында кітап көрмесі оқырман назарына ұсынылды. Мамандар өз кәсіптері туралы әңгімелеп, оқушылардың сауалдарына жауап беріп, болашақ жастарға ақыл-кеңестерін айтты. Шара соңында кітапхана директорының орынбасары Ұ.К. Жиеналиева меймандарға кітапхана
директорының атынан Алғыс хаттар табыс етті.
Пікір үстеу