Михаил Шамов 1912 жылы Батыс Қазақстан облысы, Камен (қазіргі Тасқала) ауданы Семиглавый Мар ауылында дүниеге келген. 1941 жылы соғыс басталғанда өзінің қатар құрбыларымен бірге Отанды жаудан қорғауға аттанды.

86-ауыр артиллерия бригадасы құрамында аға барлаушы ретінде ұрыстарға қатысқан, оның жауынгерлік жолы Берлинде аяқталды. Соғыста көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін Даңқ орденінің толық 3 дәрежесімен марапатталды.

Соғыстан кейін Михаил Шамов Ленин атындағы совхозға оралып, ширек ғасырдан астам тракторшы болып жұмыс істеді. Михаил Шамов 1972 жылы қайтыс болды.

Әдебиеттер тiзiмi

1965 жыл
1.Майдан жолдары: Кеңес Одағының Батыры М. Шамовтың ерлігі жайлы //Орал өңірінің батырлары.-Орал, 1965.-69-70 б.

1985 жыл
2.Сейтақов Ғ. Ерлігі мен еңбегі ел есінде: М. Шамов туралы // Орал өңірі.-1985.-30 сәуір.

2005 жыл
3.Шамов Михаил: өмірдерек // Ақжайық ақберендері.-2005.-Алматы: Өлке, 2005.-54 б.

2010 жыл
4.Шамов Михаил: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы: Арыс, 2010.-523 б.
5.Шамов Михаил: өмірдерек // Жеңімпаздар-Победители.-Орал, 2010.-52 б.

2012 жыл
6.Думан З. Батырдың 100 жылдық мерейтойы аталып өтілді // Екпін.-2012.-21 қыркүйек.-2 б.