Атақты әнші, композитор, ақын Мұхит Мерәліұлы 1841 жылы Орал губерниясы, Жымпиты уезі, Жақсыбай болысының Ақбақай мекенінде дүниеге келген. Төре тұқымынан шыққан. Мұхит кішкентайынан домбыра ұстайды. Бір естіген әнін өзі салып алатын болады. Ауылға келген жыршы, әнші, домбырашының қастарынан қалмайды. Әкесі оның серілік мінезін ұнатпай, билік құруға баулып, ауылнай қылады. Бірақ Мұхит қоржыны мен мөрін бір ауылдасына беріп, өнер жолына бет бұрады. Ол біраз уақыт өзгенің шығармаларын, халық әндерін орындаушы болып жүреді, кейіннен өзі ән шығаруға талпынады. «Айнамкөз», «Алуаш», «Зәуреш», «Ақиіс», «Қилым», «Бала Ораз», «Жылқышы», «Кіші Айдай», «Паңкөйлек», «Кербез», т. б. әндері халыққа кеңінен тараған. Мұхиттың Ақбақай қорымындағы зиратын 1958 жылы академик Қ. Жұмалиев тауып, белгі қойылған. Мұхитың 150 жылдығы 1991 жылы маусым айында қазіргі Сараджын ауылдық округінде республикалық дәрежеде тойланды. Мұхитқа ескерткіш орнытылды. Кең тыныстылықты, асқақ та шырқау үнділікті талап ететін Мұхит әншілік дәстүрі негізінде әншілердің Батыс Қазақстан өңіріне тән ерекше бағыты – «Мұхит мектебі» қалыптасқан.
Мұхит Мерәліұлы
просмотров: 30

