«Нашақорлық – ғасыр дерті» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
«Нашақорлық – ғасыр дерті» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
16 наурыз күні кітапханада нашақорлықтың алдын алу және балалар мен жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Нашақорлық – ғасыр дерті» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кітапхана оқырмандарына көрме барысында денсаулық, экология, салауатты өмір салты, нашақорлық және оның зияны туралы кітаптарға шолу жасалды. Сонымен қатар кітапхана қорындағы нашақорлықтың алдын алу тақырыбындағы кітаптар мен мерзімді басылымдардағы мақалалар ұсынылды.
Жастар есірткінің түрлері, оның адам денсаулығына тигізетін зияны, нашақорлықтың негізгі белгілері және оның алдын алу жолдары туралы мағлұмат алды.
Шара барысында кітапхана қызметкерлері нашақорлықтың қоғам үшін өзекті мәселе екенін атап өтіп, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.




Пікір үстеу