Облыстық филармония жанынан 12 биші қыздардан құралған “Назерке” халықтық би ансамбілі халқымыздың ежелден келе жаткан салт-дәстүр, тұрмыстық, патриоттық және достық тақырыптарына қойылған хореографиялық композицияларды, сонымен қатар әлем халықтарының би өнерін дамытуда аянбай қызмет атқаруда. 1995 жылы облыстық филармония жанынан құрылған “Назерке” би ансамбілінің балетмейстері болып, Алматы қаласындағы А.Селезнев атындағы хореографиялық училищесінің түлегі, педагогика ғылымдарынын кандидаты, бұл күнде М.Өтемісов атындағы БҚМУ мәдениет және өнер институтының директоры Айгүл Кульбекова 10 жыл бойы халықтық билерді дамытуда аянбай еңбек етіп келеді.
Құрылғанына 10 жыл толған “Назерке” би ансамбілі өзінің өнерімен шет елдерге, Ресей қалаларына, Түркия еліне барып, қазақ халқының би өнерін паш етті. 1996 жылы Орал қаласында өткен Шара Жиенқүлова атындағы І-Республикалық бишілер байқауына қатынасқан “Назерке” би ансамбілі бас жүлдені жеңіп алып, лауреат атанды.
Кәсіби деңгейде шет елдерге танымал болған біздін бишілеріміз М.Өтемісов атындағы БҚМУ мәдениет жөне өнер институтының хореография факультетінің алғашқы түлектері: Айша Рахметова, Айнүр Шүкірова, Мирзада Сүндетқалиева, Зәкия Жүсіпқали, Аққайың Нұртасқызы, Әлия Нүрғалиева, Ақмарал Тасболатовалар халықтық би өнерін дамытуда және насихаттауда сахналық шеберлікті меңгерген филармонияның жетекші бишілері.
Ансамбілдің репертуарындағы әлем халқының билері: “Шығыс биі”, Түрікмен халық биі, корей биі “Турадей (Гүл)”, испан биі “Альморайма”, ұйғыр биі “Тойнамэ”, орыс биі “Русские узоры”, сонымен қатар патриоттық тақырыптарға қойылған композициялық билер: “Мәншүк”, “Яблочко”, казақ халқының тұрмыстық, салт-дәстүрлі билері: “Алтынай”, “Көш керуен”, “Аса таяқ”, “Алтын домбыра”, “Қосалқа”, “Келіншек”, “Аққу аңызы”, “Дала сазы”, т.б. көптеген билер көркемдік қойылымымен жұртшьшықты риза етіп келеді.

