Профессор Әліби Науханұлы Баяхов кездесу өтті
Профессор Әліби Науханұлы Баяхов кездесу өтті
Облыстық кітапханада 27 ақпан күні «Ғалымдар кітапханада» жобасы аясында Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің ректоры, «Құрмет» орденнің иегері, ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі, облыстық мәслихат депутаты Әліби Науханұлы Баяховпен «ҰСТАЗ, ҒАЛЫМ, АЗАМАТ» атты кездесу өтті.
Кездесу аясында Әліби Науханұлы білім алған қара шаңырақ – мектебінің 2025 жылы 100 жылдық мерейтойына орай жарық көрген «Ұстаз. Ғалым. Болашақ» атты жаңа кітабының тұсауы кесілді.
Кітаптың тұсауын «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, Қазақстан Ұлттық инженерлік академиясының вице-президенті, «Жаңару» жалпы ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысы» РҚБ БҚО филиалының директоры, Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің құрылтайшысы, академик Әйтімов Ақсерік Сарыұлы мен автордың ұстазы Алтын Қойшықызы кесіп, жүрекжарды лебіздерін білдірді.
Сонымен қатар жиында түркітанушы ғалым, «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері», филология ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Сабыр Бөкенбайұлы, БҚО «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ директоры Сұлтанғалиев Махамбет Амантайұлы сөз сөйлеп, ғалымның азаматтық келбеті, биік адамгершілік ұстанымы мен ғылым жолындағы қажырлы еңбегі туралы тағылымды ойларымен бөлісті. Шарада сөз алған жоба қонағының ұстаздары Гүлбарам Мәдиқызы, Күнайым Мажитқызы, Маруся Тыныштыққызы және Қалуа Нәбиоллақызы ізгі тілектерін жеткізді.
Кездесу барысында ғалым өзінің ғылым жолына қалай келгені, ұстаздық пен ізденістің маңызы, табандылық пен еңбектің нәтижесі жайында әсерлі әңгіме өрбітті.
Шара соңында Ж.Молдағалиев атындағы ООӘҒК директоры Уразаева Шолпан Қуанышқалиқызы қорытынды сөз сөйлеп, естелік сыйлық табыстады.
Кездесу аясында «Ғалым болу: тәжірибе, ізденіс, нәтиже» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, онда ғалымның өмірі мен шығармашылығына қатысты еңбектер мен материалдар көпшілік назарына ұсынылды. Шара барысында ғалымның ұстаздық жолы, ғылыми ізденістері мен жетістіктері кеңінен насихатталып, оның ғылым мен білім саласына қосқан сүбелі үлесі ерекше аталып, ғылым мен парасат үндескен тағылымды кеш болды.












Пікір үстеу