«Қазақ өнерінің сөнбес жұлдыздары»
«Қазақ өнерінің сөнбес жұлдыздары»
access_time16.02.2023
perm_identity
Posted by admin
folder_open
Жаңалықтар

15 ақпан күні Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада қазақ өнеріндегі өнер майталмандарына арналған «Қазақ өнерінің сөнбес жұлдыздары» атты дөңгелек үстел оздырылды. Шараның мақсаты: қазақ өнерінің биік шыңын алған майталмандарымызды насихаттап, кейінгі ұрпаққа дәріптеу.
Шараға күйші, домбыра жасаушы шебер, «Үкілі домбыра» байқау бәйгесінің екі мәрте жүлдегері Едіге Нәбиев, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Ермек Қазиев, Мәдениет саласының ардагерлері Рысқаным Казиханова, Гүлсім Кадешова, ҚР Мәдениет саласының үздігі Қуаныш Кисметов, «Зерде – Память» қоғамдық қорының төрағасы Қуанышбек Төлебаев, Атамекен өнер ордасының музыкалық бөлімнің басшысы Мұратжан Жолбаев және музыка мектептерінің ұстаздары, саз колледжі, АТИСО колледжінің студенттері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында қазақ өнеріндегі майталмандар және қазіргі өнерде жүрген өнер иелері туралы ой қозғалды. «Зерде – Память» қоғамдық қорының төрағасы Қуанышбек Төлебайұлы мен облыстық кітапхана екі жақты меморандумға қол қойып, зерделі хат табыстады.
Шарада «Қазақ өнерінің сөнбес жұлдыздары» атты бейнеролик көрсетіліп, кітапхана қорындағы кітаптардан жасақталған кітап көрме шығарылды.
Пікір үстеу