“Тарих тамырынан нәр алған жазушы” әдеби сағаты
“Тарих тамырынан нәр алған жазушы” әдеби сағаты
access_time18.02.2025
perm_identity
Posted by admin123 admin123
folder_open
Жаңалықтар
Туған өлкенің парасатты перзенті, қазақ әдебиетіне мол мұра қалдырған көрнекті жазушы, қарымды қаламгер, ұлт мақтанышына айналған Мұқадес Есламғалиұлының өмірі мен шығармашылығын насихаттауға арналған “Тарих тамырынан нәр алған жазушы” атты әдеби сағаты өтті.
Қадыр Мырза Әлі мектебінің 6 “а” сыныбының оқушылары мен кураторы К. Бейімбет қатысты.
Мақсаты: Әдебиет әлемінде есімі ерекше аталатын, қазақтың белгілі жазушысы, артында өлмейтұғын сөз қалдырған саңылақ суреткер, “Алаш” әдеби сыйлығының лауреаты, көрнекті жазушы, аудармашы, жерлесіміз Мұқадес Есламғалиұлының шығармашылығын насихаттау арқылы оқырмандарды тәуелсіз елін мақтан етуге, болашаққа сеніммен қарауға, Отаның, ұлтын сүюге тәрбиелеу.
«Дара ақыл, кемел ой иесі» кітап көрмесіне библографиялық шолу жасалып, әр жылдар басылып шыққан шығармалары насихатталды. Оқырмандарға жазушының Октябрь соцалистік революциясына дейінгі қазақ ауылындағы әлеулеттік оқиғалар, үстем тап өкілі Есенкелдінің ар алдында күйреуі арқау болған«Зерлі тон» повесті желісі оқылып, түсіндіріліп шолу жасалды.







Пікір үстеу