«Тоқтар Әубәкіров – Қазақстанның тұңғыш ғарышкері» тақырыбында ақпараттық сағат өтті.
«Тоқтар Әубәкіров – Қазақстанның тұңғыш ғарышкері» тақырыбында ақпараттық сағат өтті.
17 шілде күні облыстық кітапханада Қазақтың тұңғыш ғарышкері, Кеңес Одағының еңбек сіңірген ұшқыш-сынақшысы, авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының батыры ҚР «Халық қаһарманы» Тоқтар Әубәкіровтің 80 жасқа толуына орай «Тоқтар Әубәкіров – Қазақстанның тұңғыш ғарышкері» тақырыбында ақпараттық сағат өтті. Шара Тоқтар Әубәкіровтің өмір жолын айқындайтын «Өмір дастан» атты бейнебаянмен басталды. Сондай–ақ, ғарышкерге арналған ақын өлеңдерін кітапханамыздың тұрақты оқырмандары Жалғасқалиев Алдияр мен Есенкелді Мадияр мәнерлеп жатқа айтса, кітапхана қызметкері Айтымова Фариза Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа ұшқан ерлігі үшін Гиннестің рекордтар кітабына енгені жайында баяндады. Шара соңында «Қазақ ғарышкерлері туралы қызықты деректер» бейнебаяны көрсетіліп, Орал қаласы қорғаныс істер жөніндегі басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы, майор Чурбанов Антон Владимирович жылы лебізін білдіріп, алғыс хат табыстады. Шараға Орал қаласы қорғаныс істер жөніндегі басқармасының қызметкерлері мен әскери бөлімінің студенттері қатысты.











Пікір үстеу