«Ұл мұрасына адалдық» оқырмандарымен кездесу кеші өтті.
«Ұл мұрасына адалдық» оқырмандарымен кездесу кеші өтті.
5 ақпан күні кітапханада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, өлкетанушы, тарихшы, мұражай ардагері Сара Есқайрқызы Танабаеваға арналған «Ұл мұрасына адалдық» атты оқырмандармен кездесу кеші өтті.
Тағылымды шараға Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары М. М. Қамбетов, Сырым аудандық мәслихат хатшысы Ш. С. Дүйсенгалиева, ақын, ұстаз, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Д. Мұштанова, Батыс Қазақстан инновациялық технологиялық институтының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты, алаштанушы Б. С. Боранбаева, ОБЖТжЭО директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Г. З. Усағалиева, фотосуретші Р. Халелов, жас ақын М. Лұқпанов, БҚО тарихи-өлкетану музейінің бас қор сақтаушысы Г. Б. Бакитова, Сара Есқайрқызының сіңлілері, арнаулы оқу орындарының студенттері, кітапханашылар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Кешті ғалым, ұстаз, филология ғылымдарының кандидаты Азамат Мамыров жүргізді.
Кеш барысында Жастар мәдениет сарайының әншілері Тарас Жауымбаев пен Рүстем Кереевтің орындауында «Музейдегі ой» әні шырқалса, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Меңдібек Лұқпановтың «Жәдігер жүрек» және Ертай Бимұхановтың «Еселі еңбек иесі» атты арнау өлеңдері оқылды. Кездесу барысында қонақтар Сара Танабаеваға жылы лебіздерін білдіріп, оқырмандар көкейдегі сауалдарын қойды. Шара аясында «Өлке тарихын зерделеген ғұмыр» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрермен назарына ұсынылды.










Пікір үстеу