«Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі» атты зергерлік бұйымдар жасаудан шеберлік сағатын ұйымдастырды.
«Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі» атты зергерлік бұйымдар жасаудан шеберлік сағатын ұйымдастырды.
Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапханасының өнер жөніндегі әдебиеттер бөлімі 10 ақпан күні «Ісмер-Like» клубының отырысы аясында «Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі» атты зергерлік бұйымдар жасаудан шеберлік сағатын ұйымдастырды.
Шеберлік сағатының қонағы – зергерлік өнер шебері Ақерке Әділгерейқызы. Кездесу барысында қолөнер шебері алқа, шекелік, сырға жасауға арналған құрал-жабдықтармен таныстырып, зергерлік бұйымдардың жасалу технологиясын жан-жақты түсіндірді.
Іс-шараға Орал «Сервис» технологиялық колледжінің студенттері мен ұстазы Г. Серікқалиқызы қатысып, тәжірибелік жұмыс барысында студенттер өз қолдарымен алқа, сырға, шекелік жасап көрді.
Сонымен қатар «Шебердің қолы ортақ» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, қатысушыларға таныстырылды. Шеберлік сағаты барысында жасалған қолөнер бұйымдары «Ісмер-Like» көрмесіне сыйға тартылды.
Ұлттық қолөнерді дәріптеген тағылымды шара қатысушыларға шығармашылық шабыт пен құнды тәжірибе сыйлады.





Пікір үстеу