Search for:
  • Басты
  • Кітапхана туралы
    • Әкімшілік
    • Кітапхана сандарда
    • Кітапхана тарихы
    • Біз туралы
    • Кітапхана бөлімдері
    • Пайдалану ережесі
    • Бюджет
  • Ресурстар
    • Электрондық ақпараттық ресурстар
    • Интернет-ресурстар
    • Мерзімді басылымдардың жиынтық картотекасы
    • Дәстүрлі каталогтар мен картотекалар
  • Электронды каталог
  • Баспа қызметі
    • Мультимедиялық құралдар
    • Біздің басылымдар
  • Өлкетану
    • Ақжайық онлайн
      • Ақ Жайықтың көрнекті азаматтары
      • Ақ Жайықтың тарихи тұлғалары
      • Әдеби Ақ Жайық
      • Ақ Жайықтың тарихи оқиғалары
      • Орал қаласының тарихи ғимараттары
      • Ақжайықтың экологиясы
      • Ақжайық өнері
      • Кітапхана басылымдары
    • Ақжайық өңірінің батырлары
    • Орал өңірінің әдеби картасы
    • Орал өңірінің әдеби портреттері
      • Жоба туралы
      • Хамза Есенжанов
      • Сагынгали Сеитов
      • Таир Жароков
    • «Батыс Қазақстан облысының киелі жерлер тарихы»
    • Атаулы күндер күнтізбесі
      • 2023
      • 2022
      • 2021
      • 2020
      • 2019
  • Виртуалды анықтама
  • phone +7 (7112) 50-35-09
  • email info@zkolib.kz
  • Жұмыс кестесі: Сс-Жс 9:00 дaн 19:00 дейін
    • Қаз
    • Рус
  • Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы
    Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы
    • Басты
    • Кітапхана туралы
      • Әкімшілік
      • Кітапхана сандарда
      • Кітапхана тарихы
      • Біз туралы
      • Кітапхана бөлімдері
      • Пайдалану ережесі
      • Бюджет
    • Ресурстар
      • Электрондық ақпараттық ресурстар
      • Интернет-ресурстар
      • Мерзімді басылымдардың жиынтық картотекасы
      • Дәстүрлі каталогтар мен картотекалар
    • Электронды каталог
    • Баспа қызметі
      • Мультимедиялық құралдар
      • Біздің басылымдар
    • Өлкетану
      • Ақжайық онлайн
        • Ақ Жайықтың көрнекті азаматтары
        • Ақ Жайықтың тарихи тұлғалары
        • Әдеби Ақ Жайық
        • Ақ Жайықтың тарихи оқиғалары
        • Орал қаласының тарихи ғимараттары
        • Ақжайықтың экологиясы
        • Ақжайық өнері
        • Кітапхана басылымдары
      • Ақжайық өңірінің батырлары
      • Орал өңірінің әдеби картасы
      • Орал өңірінің әдеби портреттері
        • Жоба туралы
        • Хамза Есенжанов
        • Сагынгали Сеитов
        • Таир Жароков
      • «Батыс Қазақстан облысының киелі жерлер тарихы»
      • Атаулы күндер күнтізбесі
        • 2023
        • 2022
        • 2021
        • 2020
        • 2019
    • Виртуалды анықтама

    «Жұбанның жыры – ғасырлар үні» атты халықаралық онлайн ғылыми-практикалық конференция

    «Жұбанның жыры – ғасырлар үні» атты халықаралық онлайн ғылыми-практикалық конференция

    access_time26.09.2020
    perm_identity Posted by zkolib
    folder_open Жаңалықтар

    2020 жылдың 26 қыркүйегі күні БҚО әкімдігінің, БҚО мәдениет басқармасының, Ж.Молдағалиев атындағы ОӘҒК-ның ұйымдастыруымен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің мәжіліс залында «Жұбан жырлары – ғасырлар үні» атты халықаралық онлайн ғылыми конференциясының өтті.
    Конференция карантиндік жағдайларға байланысты ZOOM платформасында, фэйсбукте тікелей эфирде өткізілді. Конференцияны модератор, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚПҒА академигі Қыдыршаев Абат Сатыбайұлы жүргізді. Конференцияның пленарлық отырысында ақынның сан алуан тақырыптағы шығармалары мен еңбектерін оқып, ақындығына, азаматтығына, ерлігі мен талантына тағзым етіп, халықаралық деңгейде Жұбан ақынның шығармашылығына баға беріліп, жұбантану бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар зерделенді.
    Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғ.Н.Есқалиев пен Жұбан ақынның ұлы Азамат Жұбанұлы Молдағалиев құттықтау сөз сөйлеп конференция жұмысына сәттілік тіледі. Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұ.Есдәулет «Жұбан Молдағалиев – қазақтың қыран ақыны» тақырыбындағы баяндамасында Жұбан ағамыздың әрбір өлеңі – ел тағдырын, тарихын, халықтың мұң-мұқтажын, ерлігі мен батырлығын, жырлап, оны келешек ұрпаққа жеткізген жанды шежіре екенін айтса, ақын Ақұштап Бақтыгереева «Ұлттық рухтың жыршысы» баяндамасында «Қазақ әдебиетіне өзіндік үнмен келген, қазақ әдебиетін өзінің поэмаларымен, жырларымен байытқан Жұбан ақынның “Мен-қазақпын, мың өліп, мың тірілген…” деп басталатын өлең жолдары тарихта мәңгілік қалды. Ақынның кешегі Желтоқсан кезіндегі азаматтық ерлігі ешқашан да ұмытылмақ емес. Жұбан ақын тәуелсіздікті көре алмай кетті. Бірақ ол – егемендік жолында барын сала күрескен қазақтың қайсар ұлдарының бірі»,-деді. Мәскеу қаласынан онлайн байланысқа қосылған ақын, аудармашы Татьяна Кузовлева өз сөзінде Жұбан Молдағалиевтің отбасымен достық қарым-қатынасын, В.Савельевпен шығармашылық байланыста болғанын айтса, «Жұбан және Түркия елі ақындарындағы үндестік» атты Мерсин университетінің профессоры Али Арсланның баяндамасында қазақ ақыны Жұбан туындыларында сөз болған күллі адамзатқа ортақ өзекті мәселелердің Түркия елі ақындарының шығармаларында да үндестік тапқаны нақты мысалдармен берілген, ал Әзербайжан Ғылым Академиясының профессоры Саилов Галиб Әмірағаоғлу «Ақын Жұбан Молдағалиев және әлемдік әдебиеттегі аударма мәселесі» тақырыбындағы баяндамасында әлемдік әдебиеттегі аударма мәселесі, қазіргі әзірбайжан әдебиетінің поэзия жанрының даму деңгейі және ақын Жұбан Молдағалиев өлеңдерінің әзірбайжан тіліндегі аудармалары хақында айтып өтті.
    Сонымен қатар, музыкалық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры Асхат Маемиров «Жұбан Молдағалиев поэзиясындағы елдік пен руханият», А.Қыдыршаев «Жұбан» энциклопедиясы: құрылымы, танымдық-тағылымдық мәні», ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Ү.Мұңалбаева «Востребованность поэзии Жубана Молдагалиева», ҚР Ұлттық кітапханасы директорының ғылыми хатшысы Б.Жүнісбеков «Өмірін жырмен жырлаған», Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ профессоры Жүсіп Қадыр «Ақын Жұбан Молдағалиев шығармаларындағы майдан тақырыбы», С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің тәрбие және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Миров Мұхтар Орынбасарұлы «Жұбан Молдағалиев туындыларының лингвокогнитивтік сипаты» тақырыптарында баяндама жасап, сөз сөйледі. Сондай-ақ, зиялы қауым өкілдері, әдебиетші, жұбантанушы, ғалымдар, облысымыздың кітапханалары онлайн режимде қатысты.

    Newer «Ақжайықтың қос алыбы»
    Older Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында «Жұбан Молдағалиев» энциклопедиясының тұсаукесер рәсімі өтті

    Пікір үстеу Жауапты болдырмау

    Search for:
    Соңғы жазбалар
    • «Өнертапқыш ғалым, ұлағатты ұстаз»
    • «Ерлік пен махаббат жыршысы»
    • “ҚОШ” қызықты оқуға шақырамыз
    • «Тәуелсіздік – тірегім» кітап көрмесінің тұсаукесері
    • «Тұғыры биік Тәуелсіздік»

    просмотров: 705

    • location_on
      ЗКО, г. Уральск, ул. Карева, д. 47
    • phone_android
      8 (7112) 50-76-90
    • phone_android
      8 (7112) 50-75-45
    • phone_android
      8 (7112) 50-35-09
    • email
      info@zkolib.kz
    © 2022 Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапхана. Барлық құқықттары қорғалған.
    keyboard_arrow_up