Жақсығұлов Садық Шәкелұлы – 1924 жылы Жаңақала ауданының №20 ауылында өмірге келді. Бала кезінде Камен ауданына қоныс аударған. Садық Шәкелұлы 7-сыныпты бітіріп, еңбекке араласып кете барады. 1941 жылдың 22 маусымы оның жақсы есінде. Ауыл көшесіндегі биік бағанаға ілінген «қаратабақ» – радио «соғыс» деген жантүршігерлік сөзді хабарлауы мұң екен, халық теңселді де кетті.
Соғыстың оныншы күні дегенде жігіттердің алды буынып-түйініп қызыл вагондарға міне бастады. Вокзал басы күңіреніп тұр. Садық Жақсығұлов делбеші болып барған. Парлап жегілген атты қашықтау жерде қаңтарып, перрондағы ыжы-жығы халықтың арасына кіріп кетті.
Садық Жақсығұлов брынза (ірімшік) цехында екі ауысымда жұмыс жасады. Шыққан өнімдер бірден дымқыл кенеппен қымталып, Шипово стансасы арқылы зулап өтіп жататын әскери эшелондарға жеткізілетін.
1942 жылдың жазы өтіп бара жатты. Садық 7 қарашада он сегіз жасқа толмақ. Майданға барғысы келеді. Майдан жақтан жеткен хабарлар жүрек қозғарлықтай еді. Жау ентелеп алға ұмтылуда. Кеңес Одағы аумағының төрттен бірі фашистердің қолында. Жағдай өте күрделі. Елде де тапшылық қатты сезіле бастады. «Қара қағаз» әр үйдің есігін «қағуда» еді.
Садық Жақсығұловқа да «сыбаға» сақтаулы екен. Достары Теміреш Жанжігітов, Нығмет Есенәлиев, Батырғали Аубақов, Ермек Кереев, тағы басқа жігіттермен 1942 жылдың 10 қыркүйегінде Шипово стансасынан қызыл вагонға мініп, белгісіз бағытқа жол тартты.
Садық Шәкелұлы Орынбор қаласынан бір-ақ шықты. Осындағы майданға жауынгерлер машықтанатын полктегі кіші командирлер даярлайтын курске қабылданды. Ауылдан келген бозбалаға әскери өнерді игеру, әрине, оңай болған жоқ. Қарудың неше түрін, әсіресе, минометті меңгеруге тура келді. Майданға түсіп шыққан сақа офицерлер неміс-фашист әскерлерінің күшін жасырған жоқ.
Садық Жақсығұлов ынтасын салып оқыды. Курс аяқталып, оған кіші сержант шені берілді. 1943 жылдың наурызында майданға қаруластарымен бірге аттанып кетті. Атақты 73-гвардиялық Сталинград Қызыл Тулы атқыштар дивизиясына тап келді. Құрама Курск иінінің оң қанатында қырғын ұрыс салып жатыр екен. Жау жан-жақтан тап-тап беріп, дивизияны құрыш қоршауға алыпты. Садық аға Жақсығұлов шілде айының орта шенінде алғашқы ұрысқа түсті. Ол 209-гвардиялық атқыштар полкінің миномет ротасында миномет расчетінің командирі болып белгіленді.
Днепр өзенінен алғашқылардың бірі болып өтіп, жау техникасы мен адам күштерін ойсырата шығынға ұшыратып, Кеңес әскерлерінің өзеннен өтуін қамтамасыз еткені үшін минамет расчетының сержанты Садық Жақсығұловқа 1944 жылдың 22 ақпанында Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Европаның біраз жерін фашизмнен азат етуге қатысқан Батыр ағамыз жеңіс күнін Австрия жерінде қарсы алды. Елге оралғаннан кейін көп жыл партия, Кеңес органдарында басшы қызметтер атқарды.2009 жылы 30 наурызда қайтыс болды.
2000 жылы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1325 қаулысымен Тасқала ауылындағы мектепке С.Ш.Жақсығұловтың есімі берілді.
Әдебиеттер тiзiмi
1961 жыл
1.Есқараев И. Ер Садық // Лениншіл жас.-1961.-9 мамыр.
1969 жыл
2.Жақсығұлов Садық: өмірдерек // Совет Одағының Қазақстандық Батырлары.-Алматы: Қазақстан, 1969.-259-260 б.
1974 жыл
3.Серғазина Л. Батыр ұлдар: [Садық Жақсығұлов туралы] // Социалистік Қазақстан.-1974.-3 қазан.
1985 жыл
4.Сейтақов Ғ. Батырдың бақыты: [Совет Одағының Батыры Садық Жақсығұлов туралы] // Орал өңірі.-1985.-31 қаңтар.
1990 жыл
5.Рзалиев С. Ерлік жалғаса береді: [Совет Одағының Батыры Садық Шәкелұлы Жақсығұлов] // Орал өңірі.-1990.-6 қазан.
1995 жыл
6.Сәрсенбайұлы Ә. Алтын жұлдызды офицер: [Кеңес Одағының Батыры Садық Жақсығұлов] // Жалын.-1995.-№5-6.-54-67 б.
2000 жыл
7.Айманов Қ. Батыр аға: [Ерлігі ұрпаққа үлгі] // Екпін.-2000.- 9 мамыр.-3 б.
2004 жыл
8.Батырдың мерейтойы // Жайық үні.-2004.-11 қараша.
9.Қалауқызы Р. Батырды құттықтады // Жайық ардагері.-2004.-11 қараша.
2005 жыл
10.Жақсығұлов Садық: өмірдерек // Ақжайық ақберендері.-Алматы: Өлке, 2005.-19 б.
11.Нәріков А. Днепр үшін шайқас: [Кеңес Одағының Батыры Садық Жақсығұлов туралы] // Орал өңірі.-2005.-8 мамыр.
2006 жыл
12.Батырдың батасы: [Садық Шәкелұлы Жақсығұлов – Кеңес Одағының Батыры] // Орал өңірі.-2006.-9 желтоқсан.
13.Қадырқұлқызы Г. Батырдың жары: [Кеңес Одағының Батыры Садық Жақсығұлов туралы] // Жайық арулары.-2006.-8 наурыз.-3 б.
2008 жыл
14.Өтегенов Б. Тірі батыр мүсіні неге қайтыс болғандар қатарында тұр? //Азат.-2008.-9 қазан.-5 б.
15.Жәрдемова Н. Батыр ағаның бір күні // Екпін.-2008.-9 мамыр.-1 б.
16.Өтегенов Б. Тірі батыр мүсіні «Азалы ана» ескерткішінің қасында тұр //Заң газеті.-2008.-30 қазан.-1 б.
2009 жыл
17.Айтжанов М. Көзден кетсе де, көңілден кетпейді // Екпін.-2009.-9 мамыр.-2 б.
18.Ахметқызы М. Ақтығымен аттанған әзиз аға // Екпін.-2009.-24 шілде.-2б.
19.Жақсығұлова Т. Әкеммен мақтанамын // Екпін.-2009.-6 қараша.-2 б.
20.Жәрдемова Н. Ерлік өшпейді // Екпін.-2009.-6 қараша.-2б.
21.Марксұлы С. Батырдың кесенесі // Орал өңірі.-2009.-9 мамыр.-2 б.
22.Садық Шәкелұлы Жақсығұлов: қазанама // Орал өңірі.-2009.-31 наурыз.-6 б; Егемен Қазақстан.-2009.-3 сәуір.-9 б.
23.Салиев С. Батырға кесене тұрғызылды // Екпін.-2009.-15 мамыр.-2 б.
24.Салиев С. Тартысты өткен турнир // Екпін.-2009.-13 қараша.-2 б.
25.Шамұратов М. Батырға қос ескерткіш // Орал өңірі.-2009.-17 қыркүйек.-2 б.
2010 жыл
2010 жыл
26.Бақышев А. Еліміз – есіміңізді пір тұтқан // Екпін.-2010.- 9 мамыр.-6 б.
27.Жақсығұлов Садық: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы: Арыс, 2010.-261 б.
28.Жақсығұлов Садық: өмірдерек // Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары.-Алматы: Өнер, 2010.-88 б.
29.Жақсығұлов Садық: өмірдерек // Жеңімпаздар. Победители.-Орал, 2010.-20 б.
30.Жаңақала жерінен шыққан батырлар: [Айтқұлов Сәлім Нығметұлы, Жақсығұлов Садық Шакелұлы, Жүнісов Мәжит, Орақбаев Есен Шегірейұлы фотолары мен өмірбаяндары] // Жаңарған өңір.-2010.–9 мамыр.–1 б.
31.Жәрдемова Н. Батырға тағзым: Ер есімі-ел есінде // Орал өңірі.-2010.-3 сәуір.-№36.-1 б.
32.Жәрдемова Н. Батырды еске алды // Екпін.-2010.-2 сәуір.-2 б.
33.Мурзекеева Г. Батыр аға, мәңгіге өшпей қалды атың аға // Екпін.-2010.-21 мамыр.-4 б.
34.Нәріков А. Садық Жақсығұлов: очерк.-Орал: Полиграфсервис, 2010.-48 б.
35.Сапаров Т. Абзал жан. Батыр рухына тағзым // Екпін.-2010.- 9 мамыр.-4 б.
2012 жыл
36.Ақбасов Ө. Батырларға ескерткіш қойылды // Екпін.-2012.-25 мамыр.-12 б.
37.Нәріков А. Бітпей қалған баллада: [Кеңес Одағының Батыры Садық Жақсығұлов туралы] // Жайық үні.-2012.-4 мамыр.-11 б.
2013 жыл
38.Әбубәкіров А. Жақсы жүрген жерде із қалады: [ұлттық қазақ күресінен Кеңес Одағының Батыры С.Ш. Жақсығұловты еске алуға арналған дәстүрлі республикалық турнир өтті] // Спорт жұлдыздары.-2013.-№7.-25 б.
39.Ғазез Д. Батырдың рухына бағышталған байрақты бәсеке // Екпін.-2013.-24 мамыр.-1,6 б.
2014 жыл
40.Әлиев С. Ер есімі – ел есінде // Екпін.-2014.-7 қараша.-4 б.
41.Бақтыгереева А. Батырмен жүздесу // Екпін.-2014.-7 қараша.-1 б.
42.Елі ардақтаған ер: [Кеңес Одағының Батыры Садық Жақсығұловтың туғанына 90 жыл толуына орай еске алу кеші өтті] // Орал өңірі.-2014.-8 қараша.-2 б.
43.Жақсығұлов Т. Бәріне байыппен қарап, ақылмен шешетін // Екпін.-2014.-7 қараша.-5 б.
44.Жұбанышев А. Мұражай ашуды қолға алсақ // Екпін.-2014.-7 қараша.-5 б.
45.Зайнуллина Р. Батырмын деп мақтанбаған // Екпін.-2014.-7 қараша.-5 б.
46.Лукпанов М. Батырға тағзым: өлең // Екпін.-2014.-7 қараша.-3 б.
47.Маштакова Б. «Ел намысын биік ұстаған батыр» // Екпін.-2014.-7 қараша.-3 б.
48.Сапаров Т. Әкемдей болған жан еді // Екпін.-2014.-7 қараша.-4 б.
49.Сатыбалдиев Р. Батырдың мерейтойы: [Кеңес Одағының Батыры Садық Жақсығұловтың туғанына 90 жыл толуына арналған мерекелік шаралар] //Орал өңірі.-2014.-11 қараша.-4 б.
50.Сәбиева А. 19 жасында батыр атанды: [Кеңес Одағының Батыры Садық Жақсығұловтың 90 жылдығына арналған шара] // Жайық үні.-2014.-13 қараша.-8 б.
51.Сүлейменов С. Ер есімі – ел есінде // Орал өңірі.-2014.-6 қараша.-24 б.
52.Сыдықов М. Баһадүр бабам: өлең // Екпін.-2014.-7 қараша.-3 б.
53.Таңатжанұлы Р. Дүркіреп өтті бір тойы.. // Екпін.-2014.- 14 қараша.-4 б.