“Жаңа әдебиет-жаңартылған ой кеңістігі”кітап көрмесінің тұсаукесері.
“Жаңа әдебиет-жаңартылған ой кеңістігі”кітап көрмесінің тұсаукесері.
access_time19.06.2026
perm_identity
Posted by admin
folder_open
Жаңалықтар
Бүгін Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапханасы көшпелі кітап көрмесімен қызмет көрсету мақсатында «Қазақстан Респубикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша» РММ-і қызметкерлеріне «Жаңа әдебиеттер – жаңарған ой кеңістігі» атты кітап көрмесін ұсынды. Көшпелі кітап көрмесі мекеме қызметкерлер арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға және дамытуға ықпал етеді. Кітап көрмесіне қорға келіп түскен жаңа кітаптар мен сұранысқа ие әдебиеттер қойылды. Аталмыш мекеме қызметкерлері кітап көрмесінен кәсіби қызметтеріне және отбасы мүшелеріне қажетті әдебиеттерді жаздырып алды





Пікір үстеу