Жаңақала ауданында С.Меңдешевтің туғанына 140 жыл толуына арналған конференция өтті.

access_time28.09.2022
perm_identity
Posted by admin
folder_open
Жаңалықтар

Бүгін Жаңақала ауданында мемлекет және қоғам қайраткері, өңіріміздің асыл перзенті Сейітқали Меңдешовтің туғанына 140 жыл толуына орай республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысы өтті.
Сейітқали Меңдешов – бүкіл Алаш жұртшылығының қамы үшін жан аямай тер төгіп, адал еңбек еткен қазақтың санаулы азаматтарының бірі. Оның ғибратқа толы өмір жолы мен тұлғалық болмысын кеңінен насихаттап, тарихи тұлғаларымызды ұлықтап, халыққа жеткізу ұрпақ алдындағы парызымыз.
Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Отарбаев Мәлік Нұржанұлы қатысып, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың құттықтау хатын табыс етті.
Сонымен қатар, конференцияның пленарлық отырысына орталық мемлекеттік архивінің директоры Шілдебай Сәбит Қамытбекұлы, «Жаһанша Досмұхамедов атындағы» қоғамдық қордың президенті, алаштанушы Сүлейменова Дәметкен Досмұханқызы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің «Рухани жаңғыру» институтының директоры Қыдыршаев Абат Сатыбайұлы, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың «Рухани жаңғыру» орталығының аға оқытушысы Хайдаров Есқайрат Ерболатұлы қатысып, туған жерімізден шыққан тұлғаның шежіресін одан әрі тың мағлұматтармен толықтырды.

Пікір үстеу