«Жемқорлыққа қарсы күрес. Сыбайластықты жою – ортақ мүдде»
«Жемқорлыққа қарсы күрес. Сыбайластықты жою – ортақ мүдде»

30 наурыз күні Ж.Молдағалиев атындағы облыстық кітапхананың «Парасат жолы» орталығында БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлерінің қатысуымен «Жемқорлыққа қарсы күрес. Сыбайластықты жою – ортақ мүдде» атты кітап көрменің таныстырылымы өтті.
Шарада «Парасат жолы» орталығының жетекшісі, ақын, ұстаз, Жұбантанушы, ҚР Білім беру ісінің үздігі Үзілдік Елеубайқызы және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің БҚО бойынша департаментінің бас маманы Ринат Ғаниматұлы сөз сөйлеп, жастардың сыбайлас жемқорлық көріністеріне және сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтарға барынша қарсы тұрып, адал және таза қоғамды қалыптастыруға өзіндік үлестерін қосу қажеттігін айтты.
«Жемқорлыққа қарсы күрес. Сыбайластықты жою – ортақ мүдде» атты кітап көрмесін кітапханашы Уракова Альмара таныстырды.
Пікір үстеу