- Жоба қатысушыларының аналитикалық жазбалар тізімі негізінде өлкетану мазмұнындағы сапалы ақпараттық ресурстар қорын құру; Ағымдағы корпоративтік каталогтау негізінде жиынтық электрондық өлкетану-библиографиялық мәліметтер базасын қалыптастыру;
- РАБИС форматы негізінде құжаттарды жедел каталогтау жүйесін құру;
- Пайдаланушыларға анықтама-библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсетуді жүзеге асыру үшін библиографиялық жазбаны бірлесіп іздеу мен пайдалану қызметтерін ұсыну. Жиынтық корпоративтік ресурстарға емін-еркін қол жеткізудің қамтамасыз ету;
- Пайдаланушыларға өлкетану ақпараттарына жедел қол жеткізуге мүмкіндік беру;
- Батыс Қазақстан облысы кітапханаларының өлкетану-библиографиялық қызметін дамытуға ықпал ету.


