Жолда кітаппен бірге!
Жолда кітаппен бірге!
2026 жылдың 12 қаңтарында «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында ерекше рухани бастама – «Жолда кітаппен бірге!» буккроссинг жобасы іске қосылды.
Енді қаламыздағы №2 және №5 бағыттағы автобустарда жолаушылар жол үстінде кітап оқып, оны келесі оқырманға қалдыра алады. Автобус ішіндегі арнайы сөрелер – еркін кітап алмасудың жаңа алаңы.
📖 Ал – оқы – бөліс!
📖 Оқы да ойлан!
Шара барысында танымал тұлғалар өз кітаптарын тарту етіп, оқырмандарға қолтаңбаларын қалдырды. Бұл бастама – кітапқа деген сүйіспеншілікті арттырып, оқу мәдениетін күнделікті өмірмен ұштастыруға бағытталған.
Осы жобаға қолдау білдірген Батыс Қазақстан облысы әкімдігі мен «Орал қаласының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомовиль жолдары бөлімі» ММ, БҚО білім басқармасына алғысымызды білдіреміз.
🚍 Кітаппен бірге жолға шық – ойыңды байыт, рухани әлеміңді кеңейт!























Пікір үстеу