«Жұлдызы биік жаратылған ақын» атты әдеби сазды кеш
«Жұлдызы биік жаратылған ақын» атты әдеби сазды кеш
access_time18.03.2025
perm_identity
Posted by admin123 admin123
folder_open
Жаңалықтар
18 наурыз күні кітапханада Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Тұманбай Молдағалиевтың 90 жылдық мерейтойына арналған «Жұлдызы биік жаратылған ақын» атты әдеби сазды кеш өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – ақынның шығармашылығын насихаттау, әдеби мұрасына құрмет көрсету және оның өлеңдеріне деген оқырмандардың сүйіспеншілігін арттыру.
Кеш барысында әдебиетші, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Университетінің ұстазы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Шайекенов Жангелді Жұмақайұлы Тұманбай Молдағалиевтың қазақ поэзиясына қосқан үлесі жайында қатысушыларға баяндады. Ал Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің студенттері мен Батыс Қазақстан индустриялды колледж студенттері ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сондай- ақ ақын сөзіне жазылған әндері де орындалды.
Жиын аясында кітапхана қорынан «Жұлдызы биік жаратылған ақын» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, ақынның шығармалары, естеліктері, фотосуреттері қойылды.










Пікір үстеу