Search for:
  • Басты
  • Кітапхана туралы
    • Әкімшілік
    • Кітапхана сандарда
    • Кітапхана тарихы
    • Біз туралы
    • Кітапхана бөлімдері
    • Пайдалану ережесі
    • Бюджет
  • Ресурстар
    • Электрондық ақпараттық ресурстар
    • Интернет-ресурстар
    • Мерзімді басылымдардың жиынтық картотекасы
    • Дәстүрлі каталогтар мен картотекалар
  • Электронды каталог
  • Баспа қызметі
    • Мультимедиялық құралдар
    • Біздің басылымдар
  • Өлкетану
    • Ақжайық онлайн
      • Ақ Жайықтың көрнекті азаматтары
      • Ақ Жайықтың тарихи тұлғалары
      • Әдеби Ақ Жайық
      • Ақ Жайықтың тарихи оқиғалары
      • Орал қаласының тарихи ғимараттары
      • Ақжайықтың экологиясы
      • Ақжайық өнері
      • Кітапхана басылымдары
    • Ақжайық өңірінің батырлары
    • Орал өңірінің әдеби картасы
    • Орал өңірінің әдеби портреттері
      • Жоба туралы
      • Хамза Есенжанов
      • Сагынгали Сеитов
      • Таир Жароков
    • «Батыс Қазақстан облысының киелі жерлер тарихы»
    • Атаулы күндер күнтізбесі
      • 2023
      • 2022
      • 2021
      • 2020
      • 2019
  • Виртуалды анықтама
  • phone +7 (7112) 50-35-09
  • email info@zkolib.kz
  • Жұмыс кестесі: Сс-Жс 9:00 дaн 19:00 дейін
    • Қаз
    • Рус
  • Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы
    Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы
    • Басты
    • Кітапхана туралы
      • Әкімшілік
      • Кітапхана сандарда
      • Кітапхана тарихы
      • Біз туралы
      • Кітапхана бөлімдері
      • Пайдалану ережесі
      • Бюджет
    • Ресурстар
      • Электрондық ақпараттық ресурстар
      • Интернет-ресурстар
      • Мерзімді басылымдардың жиынтық картотекасы
      • Дәстүрлі каталогтар мен картотекалар
    • Электронды каталог
    • Баспа қызметі
      • Мультимедиялық құралдар
      • Біздің басылымдар
    • Өлкетану
      • Ақжайық онлайн
        • Ақ Жайықтың көрнекті азаматтары
        • Ақ Жайықтың тарихи тұлғалары
        • Әдеби Ақ Жайық
        • Ақ Жайықтың тарихи оқиғалары
        • Орал қаласының тарихи ғимараттары
        • Ақжайықтың экологиясы
        • Ақжайық өнері
        • Кітапхана басылымдары
      • Ақжайық өңірінің батырлары
      • Орал өңірінің әдеби картасы
      • Орал өңірінің әдеби портреттері
        • Жоба туралы
        • Хамза Есенжанов
        • Сагынгали Сеитов
        • Таир Жароков
      • «Батыс Қазақстан облысының киелі жерлер тарихы»
      • Атаулы күндер күнтізбесі
        • 2023
        • 2022
        • 2021
        • 2020
        • 2019
    • Виртуалды анықтама

    Blog

    Жаңалықтар > «Кітаппен бірге – Тәуелсіз елде»

    «Кітаппен бірге – Тәуелсіз елде»

    «Кітаппен бірге – Тәуелсіз елде»

    access_time08.12.2021
    perm_identity Posted by admin
    folder_open Жаңалықтар

    Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана ұйымдастырған «Кітаппен бірге – Тәуелсіз елде» оқу марафоны бойынша 8 желтоқсан күні Бәйтерек ауданының орталықтандырлған кітапханалар жүйесінде Ұлықбек Есдәулеттің «Киіз кітап» атты кітабы қалың оқырманға бейнебаян түрінде ұсынылды. Бейнебаянда алдымен ақынның өмірбаяны, не үшін «Киіз кітап» аталғаны жөнінде алғы сөзді кітапхана басшысы Жеңісгүл Қалиқызы айтып өтті. Аудандық кітапхана қызметкерлері ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты ақынның тарихи жылнамаларға арнайы жазылған өлеңдерін оқу арқылы, егемендіктің, тәуелсіздіктің оңай келмегенін насихаттаса, бір жағынан қазақ поэзиясынан ойып орын алатын Ұлықбек Есдаулеттің ел мен жер, қоғамдық, әлеуметтік лирикалық жыр толғамдарына толы отты өлеңдерін қалың оқырман назарына ұсына білді. Марафонды Бәйтерек ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі қалалық кітапханадан қабылдап алып, Теректі аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне табыстады. Бәйтерек ауданының ОКЖ-нің Мичурин ауылдық округі кітапханалары жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Досжанның «Қасірет пен тағдыр» романын оқырмандарына ұсына отырып кітаптың таныстырылымын өткізді. Алдымен Зеленый және Асан ауылдық кітапханасының қызметкерлері ауыл көшесіне шығып, мекемелерге барып «Бір ел – бір кітап» акциясына ұсынылған кітаптар туралы сауалнамалар жүргізді. Буклеттер тарату арқылы шығармалармен таныстырды. Шараға Мичурин ауылдық округінің әкімшілік аппаратынан С. Иманалиева, Мичурин ауылының тұрғыны, Қазақстан ардагерлері «Ерекше – тәуекелді солдаттар» бірлестігінің мүшесі, Семей өңірінде әскери қызметін атқарған Э.А.Алиев, зейнеткер Н.И.Алексеева және округ кітапхана қызметкерлері мен кітапхана оқырмандары қатысты. Мақсаты: шығармада суреттелген Семей полигонының адамзат баласына тигізген залалы туралы әңгімелеу, табиғатты, туған жерді қорғауға жас ұрпақты тәрбиелеу. «Бір ел-бір – бір кітап» акциясында ұсынылған кітаптарды оқуға тарту. Романда полигон тақырыбы, оның зардабы, Семей өңірі тұрғындарының қасіреті айтылатындығы, сондай-ақ жазушы өз шығармасында кейіпкері Аяулымның тағдыры арқылы Семей полигонының қасіретін оқырманына сезіндіретіндігі туралы кітапханашылар оқырмандарға әңгімелеп берді. Қазақстан ардагерлері «Ерекше – тәуекелді солдаттар» бірлестігінің мүшесі,Семей өңірінде әскери қызметін атқарған Э.А.Алиев Семей полигонының зардаптары туралы айтып берді. Романда кейіпкер тағдыры арқылы бүкіл қазақтың қасіреті баяндалады. «Бір ел – бір кітап акциясы» аясында атаулы шығарманың таңдап алынуы тектен-тек емес. Өйткені романда баяндалатын оқиға желісі Семей полигоны және 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасымен ұштасып жатыр. Кейіпкерлердің тағдыры туралы бейжай оқу мүмкін емес. С.Досжанның «Қасірет пен тағдыр» романын оқыған оқырмандар: Х.А. Галиева, Н.Н.Садуллаев және Мичурин ауылдық округі кітапханашылары шығарманың мазмұнын толықтай оқырмандарға жеткізе білді.

     
     

    Newer Кітаптардың тұсаукесері
    Older «Отбасындағы зорлық – зомбылыққа жол жоқ»

    Пікір үстеу Жауапты болдырмау

    Search for:
    Соңғы жазбалар
    • «Өнертапқыш ғалым, ұлағатты ұстаз»
    • «Ерлік пен махаббат жыршысы»
    • “ҚОШ” қызықты оқуға шақырамыз
    • «Тәуелсіздік – тірегім» кітап көрмесінің тұсаукесері
    • «Тұғыры биік Тәуелсіздік»

    просмотров: 133

    • location_on
      ЗКО, г. Уральск, ул. Карева, д. 47
    • phone_android
      8 (7112) 50-76-90
    • phone_android
      8 (7112) 50-75-45
    • phone_android
      8 (7112) 50-35-09
    • email
      info@zkolib.kz
    © 2022 Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапхана. Барлық құқықттары қорғалған.
    keyboard_arrow_up