Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі
Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі

10 тамыз Абай күніне орай Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен Абай ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өткізілді.
Жыл сайын Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана Ұлы Абайдың ескерткіші жанында салтанатты шара ұйымдастырып, гүл шоғын қою рәсімін өткізеді. Аталмыш шарада Абай ескерткішіне БҚО әкімі орынбасары Бақытжан Хаберұлы Нарымбетов, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Орал қаласының құрметті азаматы Айтқали Нәріков, жазушы, Қазақстан Жазушылар Одағының және Журналистер Одағының мүшесі, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Мира Шүйіншәлиева, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің «Рухани жаңғыру» институтының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі Абат Қыдыршаев және ақын, Әлішер Науаи атындағы және «Тұран Биримдиги» медалінің иегері, «Ақберен» жас ақындар мектебінің жетекшісі Талап Таймасұлы гүл шоқтарын қойды. Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әншісі, «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалінің иегері, түрлі халықаралық байқаулардың жүлдегері Айбар Хайрханов Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындаса, С. Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының оқышылары мен «Шабыт» Мектептен тыс жұмыс орталығының «Жас оқырмандар» үйірмесінің оқушылары Абайдың өлеңдерін жатқа оқыды. «Кемел ойдың кемеңгері» тақырыбында кітап көрмесі шығарылды.
Шараға зиялы қауым өкілдері, мекеме басшылары, кітапхана оқырмандары, БАҚ өкілдері қатысты.
Пікір үстеу