Search for:
  • Басты
  • Кітапхана туралы
    • Әкімшілік
    • Кітапхана сандарда
    • Кітапхана тарихы
    • Біз туралы
    • Кітапхана бөлімдері
    • Пайдалану ережесі
    • Бюджет
  • Ресурстар
    • Электрондық ақпараттық ресурстар
    • Интернет-ресурстар
    • Мерзімді басылымдардың жиынтық картотекасы
    • Дәстүрлі каталогтар мен картотекалар
  • Электронды каталог
  • Баспа қызметі
    • Мультимедиялық құралдар
    • Біздің басылымдар
  • Өлкетану
    • Ақжайық онлайн
      • Ақ Жайықтың көрнекті азаматтары
      • Ақ Жайықтың тарихи тұлғалары
      • Әдеби Ақ Жайық
      • Ақ Жайықтың тарихи оқиғалары
      • Орал қаласының тарихи ғимараттары
      • Ақжайықтың экологиясы
      • Ақжайық өнері
      • Кітапхана басылымдары
    • Ақжайық өңірінің батырлары
    • Орал өңірінің әдеби картасы
    • Орал өңірінің әдеби портреттері
      • Жоба туралы
      • Хамза Есенжанов
      • Сагынгали Сеитов
      • Таир Жароков
    • «Батыс Қазақстан облысының киелі жерлер тарихы»
    • Атаулы күндер күнтізбесі
      • 2023
      • 2022
      • 2021
      • 2020
      • 2019
  • Виртуалды анықтама
  • phone +7 (7112) 50-35-09
  • email info@zkolib.kz
  • Жұмыс кестесі: Сс-Жс 9:00 дaн 19:00 дейін
    • Қаз
    • Рус
  • Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы
    Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы
    • Басты
    • Кітапхана туралы
      • Әкімшілік
      • Кітапхана сандарда
      • Кітапхана тарихы
      • Біз туралы
      • Кітапхана бөлімдері
      • Пайдалану ережесі
      • Бюджет
    • Ресурстар
      • Электрондық ақпараттық ресурстар
      • Интернет-ресурстар
      • Мерзімді басылымдардың жиынтық картотекасы
      • Дәстүрлі каталогтар мен картотекалар
    • Электронды каталог
    • Баспа қызметі
      • Мультимедиялық құралдар
      • Біздің басылымдар
    • Өлкетану
      • Ақжайық онлайн
        • Ақ Жайықтың көрнекті азаматтары
        • Ақ Жайықтың тарихи тұлғалары
        • Әдеби Ақ Жайық
        • Ақ Жайықтың тарихи оқиғалары
        • Орал қаласының тарихи ғимараттары
        • Ақжайықтың экологиясы
        • Ақжайық өнері
        • Кітапхана басылымдары
      • Ақжайық өңірінің батырлары
      • Орал өңірінің әдеби картасы
      • Орал өңірінің әдеби портреттері
        • Жоба туралы
        • Хамза Есенжанов
        • Сагынгали Сеитов
        • Таир Жароков
      • «Батыс Қазақстан облысының киелі жерлер тарихы»
      • Атаулы күндер күнтізбесі
        • 2023
        • 2022
        • 2021
        • 2020
        • 2019
    • Виртуалды анықтама

    Blog

    Жаңалықтар > Ахмедияр Батырханов пен Қабжан Қазбектің кітаптарының тұсаукесері

    Ахмедияр Батырханов пен Қабжан Қазбектің кітаптарының тұсаукесері

    Ахмедияр Батырханов пен Қабжан Қазбектің кітаптарының тұсаукесері

    access_time23.02.2022
    perm_identity Posted by admin
    folder_open Жаңалықтар

    Ж.Молдағалиев атындағы облыстық кітапхананың өлкетану әдебиеттері бөлімінің «Асыл мұра» бірлестігі аясында 23 ақпан күні сағат 11.00-де Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Үздік өлкетанушы» төсбелгі иегерлері Қабжан Қазбектің «Сенім үшін сергелдең» және Ахмедияр Батырхановтың «Тауқымет тартқан тағдырлар» атты жаңа кітаптарының тұсаукесері өтті.
    Бұған дейін Қабжан Қазбектің «Сағыныш», «Байғұтты-Шолаққамыс, Кенжеғара», «Жұбан молда» кітаптары, Ахмедияр Батырхановтың «Жаралы жылдар жаңғырығы», «От кешкен ордалықтар» атты жинақтары жарық көрген. Сонымен қатар Қазбек Құттымұратұлының «Сенім үшін сергелдең», Ахмедияр Батырхановтың «Тауқымет тартқан тағдырлар» атты жаңа кітаптарының тұсауы кесілді.
    Қос жинақтың тұсауын БҚО бойынша саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссия жетекшісі Ж. Сафуллин мен Ақжайық өңірінің бас имамы Б.Құралбайұлы кесті.
    Бұл жинақтар Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Батыс Қазақстан облысындағы саяси репрессия құрбандарын толық ақтау бойынша БҚО әкімдігі мен ішкі саясат басқармасының қолдауымен 2021 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы ретінде шықты. Бұл кітаптарда XX ғасырдағы саяси қуғын-сүргіннің құрбандарының тізімі берілген.

    Екі жинақта да өңірімізде алғашқы жарық көрген шығармашылық дүние. “Сенім үшін сергелдең” жинағына кеңес өкіметі жылдары (1917-1991) Батыс Қазақстан облысында саяси қуғын-сүргінге ұшыраған дін өкілдері туралы мәлімет жинақталған. Бұл еңбекте қудаланған дін өкілдері туралы қысқаша биографиялық анықтамалық, зерттеу мақалалар және архив құжаттарының көшірмелері ұсынылған. “Тауқымет тартқан тағдырлар” жинағында 1939-1945жж. фашистік Германия, Финляндия жəне басқа Еуропа елдерінде қамауға алынған қазақстандық əскери тұтқындар туралы қысқаша биографиялық анықтамалық жəне архив құжаттарының көшірмелері, коментарийлер ұсынылып отыр. Сонымен қатар ҰОС кезінде жазаланған жауынгерлер, айыптылар ротасында жүріп қаза тапқандар, осы тақырыпта жазылған мақалалар топтастырылған.
    Кешті осы екі кітаптың редакторы Нұрлан Сәдір жүргізді.

    Кешке жинақ авторларымен қоса, облыс әкімінің орынбасары Б.Х.Нарымбетов, БҚО ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Қ.Б.Теміров, БҚО мәдениет басқармасының орынбасары Қ.Ж.Мұханғалиев, Ақжайық өңірінің бас имамы Б.Құралбайұлы, БҚО аумақтық инспекциясының басшысы Л.Р.Хайретдинов, белсенді ақсақал М.Әнесов, БҚО бойынша саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссия мүшелері Ж. Сафуллин, Б.Боранбаева, А.Байболсынова, Е. Хайдаров, А. Құрымбаев, Соғыс тұтқындарының ұрпақтары Кенжалиев Көкіш атаның баласы Кенжалиев Мақсот, Нұрмұхамед (Бекес) хазірет, Өрбісін ишанның ұрпағы Бақтығалиев Үмбетқали, Ғадылұлы Ақылбек, облыс және қала мекемелерінің басшылары, әріптестері, жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері, БАҚ өкілдері, қала тұрғындары, кітапхана оқырмандары қатысты.

    Кеш барысында Д.Нұрпейісова атындағы балалар музыка мектебінің ұстазы, термеші Ф.Оразов “Аманғалидың әні” термесін, Құрманғазы атындағы саз колледжінің студенттері Дәулеткерейдің “Көрұғлы” күйін орындаса, М.Өтемісов атындағы БҚУ студенті Б.Сайлаубайқызы Ғ.Сейтақтың “Соғыс тұтқыны” өлеңін оқыды.

     

    Newer Баспасөз беттерінде
    Older Азамат сыны-ерлік, ерлік сыны- елдік

    Пікір үстеу Жауапты болдырмау

    Search for:
    Соңғы жазбалар
    • «Өнертапқыш ғалым, ұлағатты ұстаз»
    • «Ерлік пен махаббат жыршысы»
    • “ҚОШ” қызықты оқуға шақырамыз
    • «Тәуелсіздік – тірегім» кітап көрмесінің тұсаукесері
    • «Тұғыры биік Тәуелсіздік»

    просмотров: 178

    • location_on
      ЗКО, г. Уральск, ул. Карева, д. 47
    • phone_android
      8 (7112) 50-76-90
    • phone_android
      8 (7112) 50-75-45
    • phone_android
      8 (7112) 50-35-09
    • email
      info@zkolib.kz
    © 2022 Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапхана. Барлық құқықттары қорғалған.
    keyboard_arrow_up