Айгүл Базарқызын еңбек сіңірген демалысына шығуымен құттықтаймыз.
Айгүл Базарқызын еңбек сіңірген демалысына шығуымен құттықтаймыз.
access_time03.03.2026
perm_identity
Posted by admin
folder_open
Жаңалықтар
Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-нің «Парасат» ақпараттық білім беру орталығының директоры Айгүл Базарқызын зейнеткерлік демалысқа шығарып салу шарасы өтті.
Салтанатты жиынға Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті жанындағы «Парасат» орталығы ұжымы, әріптестер мен қонақтар қатысты. Көп жылдық еңбегімен білім мен ақпарат саласының дамуына зор үлес қосқан Айгүл Базарқызына алғыс білдіріліп, жүрекжарды тілектер айтылды.
Шараға арнайы қатысқан Ж.Молдағалиев атындағы облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапханасы директоры Уразаева Шолпан Қуанышқалиқызы құттықтау сөз сөйлеп, естелік сыйлық табыс етті.




Пікір үстеу