«Бір кітап – бір ой» тақырыбында мазмұнды талқылау
«Бір кітап – бір ой» тақырыбында мазмұнды талқылау
27 ақпан күні кітапханада «Рухани уақыт: поэзия әлемі, проза шыңы» жобасы аясында «BookWave» оқу клубы мүшелерінің қатысуымен «Бір кітап – бір ой» тақырыбында мазмұнды талқылау өтті. Шара “Бір ел – бір кітап” республикалық акциясы шеңберінде жаппай оқуға таңдалған Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романына арналды.
Кеш барысында жазушының өмірі мен шығармашылығын танытатын «Мұраты биік суреткер» бейнебаяны көрсетіліп, оқырмандар шығармадағы тарихи шындық, қазақ жұртына беймәлім құпия қатпарлар, алуан мінезді кейіпкерлер тағдыры төңірегінде ой бөлісті. «Романнан үзінді» айдары бойынша мақал-мәтелдер мен кейіпкерлерге қатысты сұрақтарға жауап беріліп, туынды мазмұны терең ашылды.
Ізгілік пен имандылықтың символындай Демежан бейнесі арқылы романның тағылымды мәні айқындалып, рухани кеш көпшілікке ой салып, жігер берген әсерлі жүздесу болды.
Шараға Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі және Құрманғазы атындағы саз колледжі студенттері қатысты.











Пікір үстеу