«Ана – өмір шуағы»
«Ана – өмір шуағы»
access_time03.03.2023
perm_identity
Posted by admin
folder_open
Жаңалықтар

Кітапхана жанынан ұйымдастырылған «Отбасылық оқу орталығы» – кітаптың және оқудың жоғары қоғамдық мәртебесін қолдау, оқу мәдениетін арттыру, оқырмандарды, жанұядағы әртүрлі санатты оқырмандарды оқуға және кітапханаларға тарту үшін ұйымдастырылған орталық.
Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қазіргі кезде 600-ге жуық отбасымен кітап оқитын оқырмандар бар. Оқу орталығында «Ана – өмір шуағы» атты Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шара өткізілді.
Шараның мақсаты: Отбасымен бірге кітап оқитын оқырмандарды кітапханаға тарту, кітап оқуды насихаттау. Оқырмандарымызды жаңа қырларынан танып білу. Келе жатқан көктем мерекесімен кітапхана атынан құттықтап, алғыс айту.
Отбасымен кітап оқитын оқырмандар:
Менешова Жемис Есмухановна, немересі Шоқанова Наргиза Арманқызы. Доскалиева Жанылсын Боранбаевна, баласы Бақтияр Ералхан.
Кужанбаев Арнур Сұнғатұлы,Кужанбаева Аягөз, балалары Сардар мен Алишер.
Аделева Дидар Сериковна, балалары Аделев Асылхан мен Қасымхан.
Абдрешова Жанна Самигуллиевна, қызы Табылдиева Дамира.
Нугманова Куляйман Сагингалиевна, қызы Бершикова Ясмина.
Даулетова Акжунус Сагаткалиевна, қызы Қайырғали Айша.
Батыргалиев Өркен Жеңісұлы мен балалары Өркенқызы Айша, Өркенұлы Абдуллаһ қатысып, жүрекжарды өлең шумақтарын оқып, алғыстарын білдірді.
Пікір үстеу