«Шын жүректен, мың алғыс»
«Шын жүректен, мың алғыс»
access_time01.03.2023
perm_identity
Posted by admin
folder_open
Жаңалықтар

Бүгін 1 наурыз күні Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған «Шын жүректен, мың алғыс» атты танымдық шара өтті.
Шараның құрметті қонақтары ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Орал қаласының құрметті азаматы Айтқали Нәріков алғыс айту күнінің шығу тарихын жастарға айтып берсе, «ҚР ТЖМ БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» (Орал қ.) ММ №5 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы азаматтық қорғау аға лейтенанты Еркебұлан Тұрсынов пен «ҚР ТЖМ БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» (Орал қ.) ММ жедел құтқару жасағының Орал қалалық құтқару бөлімшесінің құтқарушысы Аягөз Кужанбаева жауапкершілігі жоғары қызметтерінің қиындығы мен қызығын әңгімелеп берді.
Шара барысында Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің студенттері облыстық кітапхана ұжымына алғыс айтып келді. Құрманғазы атындағы саз колледжінің студенттері өлең оқып, Халықаралық, республикалық конкурстардың лауреаты, Жастар мәдениет сарайының әншісі Назира Хибашева «Әке-ана ардағым» әнін және кітапханашы Айбота Гусманова «Алғыс» әнін орындады. Ж.Молдағалиев атындағы облыстық кітапхана директорының орынбасары Нұрлыгүл Сагинова қатысушыларға ризашылығын білдіріп, алғыс хаттар табыстады.
Пікір үстеу