«Балалар әдебиеті – ұлт болашағы»
«Балалар әдебиеті – ұлт болашағы»
access_time03.06.2022
perm_identity
Posted by admin
folder_open
Жаңалықтар

3 маусым күні Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада Балалар жылына арналған «Балалар әдебиеті – ұлт болашағы» атты кітап көрменің таныстырылымы өтті. Алғы сөз сөйлеген Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың директоры Ш.Уразаева демалушыларды мерекемен құттықтап және Алматы қаласында өткен Қазақстанның І мәдениет қызметкерлерінің форумында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері атағын алған С.Танабаеваны марапатымен құттықтады. Шарада №21 ЖОББМ 2-сынып оқушылары «Жүр, досым, кітапханаға» әнін шырқады. Көрмені «Дарын» қосымша білім беру орталығының демалушылары тамашалады.
Пікір үстеу