«Білікті маман – заман талабы»
«Білікті маман – заман талабы»
access_time01.02.2023
perm_identity
Posted by admin
folder_open
Жаңалықтар

1 ақпан күні Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Мамандықтар әлемі сыр шертеді» жобасы аясында «Білікті маман – заман талабы» атты сыр-сұхбат кеші өтті. Жобаның мақсаты-жастарға қоғамдағы түрлі мамандықтар туралы ақпарат беру, майталман мамандарды таныстыру, жастарға болашақ мамандық таңдауға бағыт – бағдар беріп, көмектесу. Аталмыш шараға жер қатынастары, құрылыс саласы, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, ауыл шаруашылығы салалары бойынша мамандары және Жоғары инженерлік технологиялық колледжі мен Жоғары аграрлық-техникалық колледжінің студенттері қатысты.
Пікір үстеу