«Жемқорлыққа қарсы күрес, сыбайластықты жою ортақ мүдде»
«Жемқорлыққа қарсы күрес, сыбайластықты жою ортақ мүдде»

2023 жылдың 2 ақпан күні Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының абонемент және тіркеу секторының ұйымдастыруымен «Жемқорлыққа қарсы күрес, сыбайластықты жою ортақ мүдде» атты кітап көрмесі қойылды.
Көрменің мақсаты: Қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, оқырмандарға құқықтық мағлұмат беру, қоғамға деген өз ой – пікірлерімен санасуға жағдай жасау.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күндегі үлкен мәселелерінің бірі болып отыр. Ол үлкен әлеуметтік қасірет болып табылады. Жемқорлық мемлекеттік құрылымды іштей бұзып, еліміздің дамуына, халқымыздың игілігіне барын салуға дайын азаматтардың прогрессивті бастамаларын жоққа шығарады.Сонымен қатар, жемқорлықпен күреске елімізде тиісті түрде көңіл бөлініп, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен реттеледі. Жемқорлықпен күресті жүзеге асыруға орай көптеген құжаттар қабылданған.
Қазіргі таңда бұл мәселеге еліміздегі мемлекеттік органдар өте үлкен көңіл бөледі. Елімізде жемқорлықпен күреске нақты қадамдар қолға алынуда. Барлық деңгейдегі депутаттардың, саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың, ұлттық-мәдени орталықтардың, бизнес қауымдастығының, жастар ұйымдарының, ғылыми орта мен БАҚ қатысуымен қоғамдық кеңестер құрылған. Аталған шаралар жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыруға септігін тигізеді. Алайда жемқорлықпен күрес әлі өзекті мәселе болып отыр. Осы орайда, қоғамымыздың дамуы үшін аталған мәселемен күресте барлық Қазақстан Республикасының азаматтарының үлес қосуы тиіс.
Пікір үстеу